ІІІ. КІТАП ИЕСІ ҰЛЫҒ ХАЖЫБ ЖҮСІП ӨЗІНЕ
АҚЫЛ-КЕҢЕС БЕРЕДІ
6605 Білік біліп — төрден орын аларсың,
Білік білсең — түзу, берік адамсың.
Біліксіз тіл, жүрек неге жарасын,
Жанды судай біліктен күш аласың.
Қанша білсең, ізден тағы, тағы да,
Білікті адам жетер тілек, бағына.
«Білем!» — десең, жырақсың сен білімнен,
Хас білікті: «Наданмын!» — деп түңілген!
517
Білік — түпсіз, шетсіз-шексіз бір теңіз,
Қанша сімір, сарқылмайды, білсеңіз!
6610 Біліммен ер басын алып жүреді,
Ал білімсіз басын оққа тігеді!
(Білімменен өз басыңды сезесің,
Біле алмаған өз-өзіңнен безесің!)
Білік біліп, биіктей бер, адам бол,
Иə, елден тыс, мал атанған надан бол.
Білікті бір ойдан, мұңнан арылмас,
Біліксіз құр ыржақтаудан жаңылмас!
Қайғы кешсе білікті, ойы жетектеп,
Тұрмас надан тау ешкідей секектеп.
Білік — кісен, білікті оймен алаңдар,
Ал біліксіз тұра шауып, арандар!
6615 Сен — кісенде, білімсіз жүр шідерсіз,
Кісендесе, кісенді үзер, білерсіз!
* * *
Қол ұмсынып, білім іздеп терледім,
Сөзді сөзге өріп, тізіп зерледім!
Түркі сөзін көрдім тағы киіктей,
Ептеп ұстап, қолға үйретіп, демдедім!
Сылап-сипап бақтым, көңіл берді тез,
Əлі де үркек, сақ һəм жаны шерлі еді...
Мəпеледім сөзім қолға қонғанша,
Жұпары аңқып, бұрқырап бір бергені.
6620 Сөзді тура, ащы, қатты сөйледім,
Түзу сөзді ұғар түзу ел дедім...
Оқушыға аса ауыр келмесін,
Ашық айтып, көрінгенді термедім!
Тура сөзден өзге сөзді сөз деме,
Дұрыс-бұрыс парқы ақ — қара, бейне бір!
* * *
Төрт жүз де алпыс екінші жыл еді, біл,
Бұл сөзді айттым жанымды сап, беріліп.
518
Он сегіз ай құрастырдым, талғадым,
Теріп түгел сөз сарасын таңдадым!
6625 Тізіп болып, мəпеледім — бүрледі,
Жұпар шашып, шешек атып гүлдеді.
Қаншама айтсын сөзді кімдер сарқады,
Бір тынбайды тас бұлақтай артады.
Уа, Жүсіп, керек сөзді тыңдағын!
Керексізін тіл ұшына алмағын!
Көп сөйледің, сөзің су боп кетпесін,
Жұрт зерігіп, сөзден жафа шекпесін!
Фəни жалған — опасыз сұм, арбалма,
Ойлым, өзің алыстау тұр, малданба!
6630 Бұл жалғанға біріктің де кіріктің,
Қатуланып, үзгін көңіл, үмітті...
Бұл жалғанға сенбе, тастай ішті түй,
Хаққа сыйын, жалбарын да, соны сүй!
* * *
Фəни жалған қанша елді қайғыртты,
Қанша жанды тура жолдан айнытты.
Сəнденіп бір таяр саған жымыңдап,
Сүйме, сенбе! Қина азырақ, ұрынба!
Жаһанды алған қаншама бек, егіліп,
Өлім құшып, кетті көзі телміріп!
6635 Өтті күнім, кетті жафа шеккізіп,
Жігіттікті өкінішпен өткізіп.
Сан мың жаса, ақыры бір өлесің,
Жиған нəрсең қалар, өзің көнесің!
Сақта, тəңір, сыйынарым бір өзің,
Ғафыл қылма, сергек қылғай — тілегім!
Жазығым көп, ұятсыз бір құлыңмын,
Рахым келсе, сенен келер, ұғындым!
Көп күнəға баттым сенен көз жазып,
Бүгін келдім, жалбарынып мен ғарып!
519
6640 Неменеге сендің, мұңлық дəуренім?
Қайдан келдім, түсінбестен əуремін!
Ай, жолыңды, пейіліңді түзегей,
Қос жаһанда төрден орын тілегей!
Бұл дүние сүйініші өтпелі,
Ең дұрысы, ол дүниеге көшкенің!
Құлқынды тый, тыйып тыныс, тіліңді,
Көзіңді жұм, тыңдама өлі-тіріңді!
Иə, раббым, қолда күллі момынды,
Рахым еткей, беріп əділ жолыңды!
6645 Мың-мың сəлем пайғамбарға жебеуші!
Жəне де төрт серігіне демеуші!
1976 жыл, наурыз —
1995
жыл, қыркүйек.
520
Достарыңызбен бөлісу: |