жұлдызы.
523
142—143. Жазғытұрымғы, яғни көктем жұлдыздары (үшеу): Қозы, Үді, Ерентүз; Жаз
жұлдыздары (үшеу): Қушық, Арыслан, Бұғдай басы; Күз жұлдыздары (үшеу): Үлгү,
Чадан, Иа; Қыс жұлдыздары (үшеу): Оғлақ, Көнəк, Балық.
197. Иалңұқ (Йалаңұқ) — адам баласы, пенде. (С. Малов). Жаңылысуға бейімділігі,
ғафылдығы үшін де адамның аты «иалңұқ» болды деген мағынаны аңғартады.
206. Бұрындық — көне түркі текстерінде «Б» мен «М» əріптерінің ауысып түсетін жайлары
жиі. «Мұрындық» сөзінің бір транскрипциясы.
241. Заххақ — Иранның эпикалық шығармаларында айтылатын зұлым шах («Шахнама»).
Оның екі иығында адамның миымен қоректенетін екі жылан ұялапты-мыс.
Фариддун — Заххақты жеңген əділ, адал мифологиялық қаһарман (Афридун).
264. Терең мағыналы бəйіттердің бірі. Осы жолдарды шыңжаңдықтар да, өзбектер
де, Н. Гребнев, С. Ивановтар да аса ықылас қойып, құлпыртып аударған. 264-жол
ұйғыр тіліндегі аудармасында да, С. Иванов аудармасында да бірдей. «Неважно, где
сесть — во главе ли, в придверье» (С. Иванов), «Ол мейлі есікте, иə төрде тұрар».
(Ұйғыршаның жолма-жол көшірмесі.) Біз де түпкі мағынаны ұстандық. Бұларды
оқығанда қазір де ел ішіне кең тарап кеткен, Мұхтар Əуезов айтыпты-мыс десетін:
«Төр иесі қайда болса, төр сонда!» деген сөздер еске түседі.
268. Сүзəр (көне түркі.) — сүзіп тазартар, түзіп жөндер, аршып жүйелер деген мағынада.
Достарыңызбен бөлісу: