«Мәдени мұра» Мемлекеттік бағдарламасының кітап сериялары



Pdf көрінісі
бет232/247
Дата09.05.2022
өлшемі1,91 Mb.
#33694
түріБағдарламасы
1   ...   228   229   230   231   232   233   234   235   ...   247
Байланысты:
2 5188235762453185852

Тақырыптары  хақында

«Құтадғу  білігтің»  бізге  жеткен  үш  нұсқасында  да ( Вена—Герат,  Каир  жəне 

Наманған—Ферғана) тараулардың тізімі ( мазмұны) өзара өзгешелеу, тұтастай сəйкес 

келмейді. «Құтты  білікті»  зерттеу  тарихында  үш  мəтінді  де  салыстыра  отырып, 

дастанның тұтас құрамды нұсқасын əзірлеп, жариялаған Түркия ғалымы Рəшит Рахмати 

Араттың еңбегі елеулі екені мəлім ( Рəшит Рахмати Арат. Құтадғу біліг. Стамбул, 1947). 

Бұл  басылымда  да  орыс  тіліндегі  аудармасын  жасаған  С.  Н.  Ивановтың,  ұйғыр  тіліне 

аударған  шыңжаңдық  аудармашылар  тобының  тəжірибесін  ескере  отырып,  Рəшит 

Рахмати  Араттың  жасаған  мазмұнын  негізгі  басшылыққа  алдық.  Жəне  қайталауға 

ұрынбас  үшін  түпнұсқадағы  мазмұнды  жарияламауды  жөн  көрдік.  Зерттеушілер 

түпнұсқадан  да  тауып  таныса  алады.  Шындығында  ұсынылып  отырған  мазмұннан 

елеулі,  мəнді  айырмашылығы  да  жоқ. ( Шыңжаң  басылымында  түпнұсқадағы  жəне 

кейінгі толықтырылған мазмұнның екеуі де қатар ұсынылған.)

Бəйіттердің  рет  саны  да  Р.  Р.  Араттың  ұсынған  құрамдас  мəтін  басылымына   

сəйкес  алынды,  бұл  дүние  ғалымдары  таныған  ортақ  үлгі.  Түпнұсқа  мəтіннің  түсіп 

қалған тұстары ( 84, 85-тарауларда) көп нүктелермен белгіленді. Олардың рет санына 

ешқандай  қатысы  жоқ.  Түрлі  басылымдарды    (түпнұсқа,  аударма)  салыстыра  отырып 

көптеген  айырмашылықтарды  байқадық.  Бірі  түпнұсқаны  жете  сезінбегендіктен,  бірі 

көшірмелерден, əртүрлі оқылудан, бірі көркемдік ізденістің əсерінен кеткен. Солардың 

ықпалынан  туындаған  кейбір  бəйіттерді  ойды    неғұрлым  толық  жеткізу  мақсатымен 

жақшаға алып, қосымша  ретінде ұсынып отырдық.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   228   229   230   231   232   233   234   235   ...   247




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет