525
Орхон өзеніне жақын тау сілемдері Өтүкен (VІ—VІІІ ғғ.) деп аталған. Солтұстық
Моңғолиядағы қазіргі Ханғай жотасындағы Түкен тауы да кезінде Өтүкен аталыпты.
2693. Бəлағат (Бəлиғат) — Қызыл сөз; шешендік. Қазіргі «балағаттың» төркіні осында
жатса керек.
2714. Ел — тек «мемлекет» мағынасында.
2715. Қара — сия, бояу.
2834. Иағы болса кімкə иадығлық ағы — Кімнің жауы болса — құрулы ауы. Осы
транскрипцияда «Иадығлық» «жайылған», құрылған мəнін білдіреді де, «ағы» кəдімгі
ау, тор мағынасына үйлеседі. Ал «ағы» емес, «ағу» болып оқылғанда «у» (ДТС, стр.
24) мағынасын білдірер еді де, поэтикалық жағынан əлдеқайда ұтқыр, контекске дəл
шығар еді. Онда, «иадығлық» сөзі (ДТС, стр. 223) «Йдышлығ» (ДТС , стр. 203), не
«ыдғышлығ» (ДТС, 217-б.) болып оқылып, ыдыстағы «у» мағынасына үйлескен болар
еді. Бірақ қалыптасқан транскрипцияны сақтағанды жөн көрдік.
2881. «Идишши башы» —кəдімгі ыдыс басшысы, сұйық сусын (шырын, сөл, шарап т.б.)
ұстаушылардың басшысы.
2887. Гуəріш — ас қорытатын;
Достарыңызбен бөлісу: