Төрүтті иорытты бұ лəвһ-у-қəлам-
Тəңрі бұл əлемді жаратпастан бұрын, əуелі,
Бұл тақта мен қаламды жаратты, жүргізді. Ислəм дінінің түсіндіруі.
2248. Еш, ес — дос, серік.
2251. Білішін — білісін.
2260. Қарасы — қара халқы.
2278. Мал — бұл жерде дүние-мүлік, нəрсе мағынасында. («Нəң...» яғни «зат», нəрсе).
2342. Иəзəк — шолғыншы; барлаушы.
Тұтғақы — шарлаушы, түнде жіберетін атты шолғыншы. «Тұтушы, ұстаушы» деген
дұрысырақ.
2347. Тойұқ — ставка, қол басқару орны; Біз «орда» деп алдық, «Ханорда», қолбасшы
ордасы...
2477. Қывчақ (Қыушақ) — 1. Қыпшақ (ру); 2. Қауашақ (іші бос, кеуек). С. Н. Иванов
«злосчастный» деп аударған. Ұйғыр зерттеушілері «Қуучақ» (іші бос, кəуəк) деп
алыпты. Өзбек тіліндегі түсіндірме «қифшақ (мардан булған) кісі». Біз түпнұсқадағы
(Наманған) бəйіттер мəніне орай екі мағынасын да жеткізгенді дұрыс көрдік.
2510. Теңсіз (тең) — бұл жерде əдеттегіден тыс, жайсыз іс, қылық деген мағынада.
2529. Қапуғ башлар — қақпа басылар (сөзбе-сөз аударма). С. Н. Иванов «управитель
дворца» деп мағыналық жағынан дұрыс аударған. Ұйғыр аудармашылары «Есік
ағасы» деп, əрі түпнұсқаға сүйеніп, əрі шығыс əдебінің əдемі жарасымына үйлестіріп
алған. Сірə, босаға бағушы, үйді сақтап-күтуші мағынасына орай, түркі халықтарының
есік-босағаға байланысты ұғым-нанымдары ескерілген болу керек. Қақпаны күзету
ғана емес, ұлы лауазымның құзырына кіруді, қабылдауды, ел-жұртпен байланысты
ұйымдастыратын, сарайдағы күллі істі басқаратын міндетті білдіретін «Сарай басы»
деген атқа қызыға тұра, «Қақпа басы» деген түпнұсқа тілінен бұра тартқымыз келмеді.
Мəтінде, «сарай басы» мағынасында қолдандық.
2561. Тон-толым — түпнұсқадан қаз-қалпында алынды, қазір де тілімізде кездесіп
қалатын тіркес. Тон жəне ұсақ-түйек жабдық, құрал-сайман дегенді білдіреді. Мысалы,
«киім-кешек».
2633, 2783. Хандаса — Геометрия.
2634. Нард — дойбының Шығыс елдерінде ертеден кең тараған бір түрі.
Достарыңызбен бөлісу: |