Еліктің Айтолдыға жауабы
Елік айтты: — Естідім бар сөзіңді,
Сөзің — жасын һəм асылсың өзің де!
Сендей жанды аңсап, іздеп жүр едім,
Тəңір берді, қабыл болды тілегім.
Хұда берсе кімге тілек, арызын,
Шүкір ет, тек арқалама қарызын.
Өзім бүгін бастап, үзбей үнемі,
Айнымастан шүкірлік қып жүремін.
755 Енді дана, не дер екен, сал құлақ,
Өзі қайтқан, бізге жазу қалдырып.
«Шүкірлік қыл, медет тұтып бір өзін,
Шүкірлік қыл, қабыл болсын тілегің.
Кей сақаба ұқпас қадір-бағасын,
Шүкіршілік етсең, медет табасың!
Азды аз деме, шүкірлік ет еселеп,
Көп нəсіптің, қадірін түй жетеңе!
Шүкір қылсаң, бір нəсібің он болар,
Бірі он болса, үйге мүлік-мал толар!»
* * *
760 Айтолдыны мақтап Елік қуансын:
«Күндіз-түні, — деді, — оңымнан туарсың!»
Сый көрсетті, сырын ашып, тең көрді,
Алтын, күміс, дүние-мүлік өңгерді.
Ақтарды Елік ойын, сөзін, сырларын,
Білікті ақыл-кеңестерін тыңдады.
Көр: Айтолды сый-құрметке сүйініп,
Қызмет етті бар өнерін үйіріп.
Қаншама істе жұмсап, сынап көрді Елік,
Одан ерек ер жоғына сенді Елік!
120
Достарыңызбен бөлісу: |