Еліктің Айтолдыға айтқаны
Елік айтты: — Ұқтым, ай, Құт, бақ асыл,
Сүйіп едім, сен де тайқып барасың.
715 Болмағанда, сен тұрақсыз, баянсыз,
Қандай жақсы келетінің аянсыз.
Опасызсың: көрсетіп ап опаңды,
Тұрақтамай, тарттырасың жафаңды.
(Сыртың — лəззат, дайын құса, қапаң да,
Жеңіл емес шектіретін жафаң да!)
Атадан да, анадан да мейірімді,
Жан өзіңсің берген кезде пейіліңді.
Көрмегендей, жүз бермесең, бұрылып,
Басқа болар еді сөз бен қылығың.
Дүние жисаң, қайта шашып тастайсың,
Жүзін беріп шақырса, есік ашпайсың.
Достарыңызбен бөлісу: |