«Мәдени мұра» Мемлекеттік бағдарламасының кітап сериялары



Pdf көрінісі
бет50/247
Дата09.05.2022
өлшемі1,91 Mb.
#33694
түріБағдарламасы
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   247
Байланысты:
2 5188235762453185852

Айтолдының Елікке сауалы

 — 


Ай, Елбасы, — деді Айтолды, — рахымды,

 

Күнтуды деп неге қойған атыңды?




 124

Еліктің Айтолдыға жауабы

 

Елбасы айтты: — Атымды есті ер беріпті,



 

Қылығымды көріп, танып, сеніпті.

825  Дүниенің нұрлы жомарт алыбы,

 

Күнді қара, сөнбейтіғұн жарығы.



 

(Жарқыраған күнді көр де, көр мені,

 

Күн сөнсе егер, тіршіліктің өлгені.)



 

Туралықпен таймас күші нұрының,

 

Соған ұқсас менің барша қылығым.



 

Екіншіден, нұрын шашып елге тең,

 

Күн туады жарқыратып жер бетін!



 

Мен де күндей — жоғалмаймын, өзгеріп,

 

Бар халыққа бірдей қылық, сөздерім.



 

Үшіншіден, Күн туса, Жер бір түлер,

 

Шешек атар мың-мың түспен гүл түгел.



830  Қай елге де төксе нұрын шындығым,

 

Гүлдеп тасы, дəулеті өсер мыңғырып.



 

Шыққан соң Күн, жаман-жақсы демейді,

 

Жарық төгіп бəрін бірдей жебейді.



 

Қылық-құлқым осы, мəлім əріден,

 

Менен  үлес тиер тегіс бəріне.



 

Жəне күннің бұржы* сəбит* келелі,

 

Сəбит десем, түбі берік дегенім.



 

Күн бұржысы Арыстан ол құбылмас,

 

Құбылмаса, мызғымас  үй — бұзылмас.



835  Бірқалыпты қылығымды көр менің,

 

Жүзім  жарқын, құбылмаймын өзгеріп. 





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   247




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет