Жер-жаһанға мəлім атың күн текті.
Арып-ашып саған əрең жетіп ем.
Қызметіңе келдім салып күшімді.
125
Айтып бергін, талабыңды, бабыңды,
Атқарайын, не сүйінтер жаныңды?
840 Қызметіңнен таппаса бек, қанағат,
Не істесең де, ісің жақпас жамағат.
Тараған сөз Ыла атты кісіден,
Ұлағатты, мəртебелі ісімен:
«Қызметші қызмет етсе бегіне —
Бек сүйінер жолды ұстансын тегінде!
Қызмет жаса болғанша ырза қашан бек,
Ырза болса ісіне есік ашар бек.
Төрге шығар ісмер адал ісімен,
Ісі олақ — өзін көрге түсірер.
(Ісін білсе ісші төрге жетеді,
Іс білмесе, босағаға кетеді.)
845 Бек сүйінсе — қызметші құлына,
Ашылады құлға құттың жолы да!»
Достарыңызбен бөлісу: