«Мәдени мұра» Мемлекеттік бағдарламасының кітап сериялары


Өгдүлміштің Айтолдыға сауалы



Pdf көрінісі
бет74/247
Дата09.05.2022
өлшемі1,91 Mb.
#33694
түріБағдарламасы
1   ...   70   71   72   73   74   75   76   77   ...   247
Байланысты:
2 5188235762453185852

Өгдүлміштің Айтолдыға сауалы

 

Айтты Өгдүлміш: — Ұқтым,  ата, барлығын,



 

Өлім барда, беу дүниенің тарлығын.

 

Тірлігіңді текке өткіздің несіне,



 

Енді ашынып егілесің несіне?!

1205  Неге жидың, түбі қалар мал-жанды,

 

Үлестірмей жұртқа артылып қалғанды.



 

Ғафылдықпен тірлік кешсе кімде-кім,

 

Өкінішпен өзін-өзі тілдесін!



 

Не пайда, ата, өкінгенмен дəл бүгін,

 

Басыңмен жер ұрғаныңмен мəңгіріп!



Айтолдының Өгдүлмішке жауабы

 

Айтолды айтты: — Тыңда, ұлым, қазірден,



 

Қапы қалмай келер күнге əзірлен!

 

Осалдықтан опық жедім, құладым,



 

Ұйқыңды аш, қапы қалма, шырағым!

 

(Осалдықпен, көр, үзілді жұлыным,



 

Мен сияқты бейқам болма, құлыным!)

1210  Туған — өлер, тіріні өлім табады,

 

Тырмыс қанша, ақыры ажал алады!



 

(Өлу үшін туған  барлық туылған,

 

Ақыры өтер өлмеу үшін  қуынған.)



 

Бар уақыттың  тұтқыны ғой ажалды,

 

Уақыт жетсе, бастырмайды қадамды...



 

Мұны меңзеп айтқан шайыр тілінде,

 

Ұқсаң егер,  түгел сөз сол түбінде:



 

«Бар нəрсенің  уақыт,  күні белгілі,

 

Тірі жанның тақыт күні белгілі.



 

Жыл, ай, күндей тіршілігің көшеді,

 

Көшкен күнмен өшетінің белгілі!»




 152

1215 — Байқа, ұлым! — дейді Айтолды тағы да,

 

Халімді көр, ал ғибрат жаныңа!



 

Сенсің — қайғым, өкінішім, арманым,

 

Қаршадайдан жетімдікте қалғаның.



 

Менсіз нендей боласың сен, қарағым,

 

Одан басқа жоқ уайым, алаңым!



 

Ата еңбегі  сіңсе ұлына біртуар,

 

Білінеді ол ұлдың мінез-құлқынан.



 

(Ата жолын көрген оттай жанады;

 

Құс не көрсе, соны ұшқанда алады.)



 

Жаны жұмсақ — қатты ұстаған баланың,

 

Жүзі жарқын ата менен ананың.



1220  Қолдан, егер шығарсаңыз сіз егер,

 

Ұлдан қайыр жоқ, үмітті үзе бер!



 

Ұл өсіргің келсе дана, жүректі,

 

Қатты ұстап: үйрет  білім, ізетті.



 

Сөзін тыңда ұл өсірген атаның,

 

Жасы келген, иесі ақ жол батаның:



 

«Ерке-шолжың болса кімнің ұл-қызы,

 

Өзі егіліп, солар мұңнан нұр жүзі.



 

Бейбастақ  қып өсірсе ұлдың қылығын,

 

Кінəлі — əке, жазығы жоқ ұлының.



1225  Ұл-қыз кесір, болса ессіз, парықсыз,

 

Жаман қылған бір атасы, қанықпыз...



 

(Кір болса ұлдың көкірегі, қолдары,

 

Атасынан, тегі сондай болғаны.)



 

Қатты  тұтып, үйретсе ата баланы,

 

Ұл-қызым деп,  бақ — барқадар табады.



 

(Тезге салып өсір ұлды, сүйгесін,

 

Кейін жауың күліп, досың күймесін!)



 

Ата болсаң, ұлан лағып жүрмесін,

 

Қолдан шығып, кейінгілер күлмесін.



 

Ұл-қызыңа өнер, білім танытқын,

 

Өнерімен жақсы құлқы қанықсын!




 153



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   70   71   72   73   74   75   76   77   ...   247




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет