Тілін ашты, бұрып нұрлы көздерін.
Соны айтайын, жауап беріп бағамда.
Білім қудың, сан өткелді өткердің.
150
Тыңдап, сұрап, көп нəрсеге бойладың,
Бəрін көрдің, тереңдеді ойларың.
Өлімнің де бар шығар бір шарасы,
Ай, зерек ер, соны тұтып қарашы.
Болмаса өзге шара, айла алымды,
Үлестіріп бер қазына, малыңды.
(Қазынаңды бер де, алып қал жаныңды,
Есен болсаң, болар байлық, бағың да!)
1190 Қазынаңды төк, дауа ізде — жадырар,
Есен болсаң, алтын-күміс табылар.
Тұз-дəмі бай, жаны жомарт жандардың,
Көзі тойып, не дегенін аңғарғын:
«Малды үлестір, ішкіз-жегіз, тіріде —
Сен жетпесең, дүние жетер түбіңе!
Дүние емес, ерге есендік керегі,
Құс та дəнін тірлік үшін тереді.
Тірлік болса — тілек қуып кетесің,
Бас аманда — мұратқа бір жетесің!»
Достарыңызбен бөлісу: