Еліктің Өгдүлмішке сауалы
1665 Ал жаман не? Жауыздық не? Бағалап,
Айтқын, — деді — жаңағыңа қанағат!
Өгдүлміштің Елікке жауабы
Айтты Өгдүлміш: — Тыңдап, сынап көріңіз,
Мен айтайын, көңілді, бек, бөліңіз.
Үш нəрсе бар жер қылатын адамды,
Үш күнə бар оттай қарыр табанды.
Біріншіден — арсыз, мақтан, жамандық,
Екіншіден — алдау-арбау, арамдық.
Үшіншісі — алып сатар, сараңдық,
Ақымақ қылар осы үш түрлі надандық!
1670 Пейілі — тар, жаман адам жұғысса,
Қырсық шалып, кері кетер жұмыс та!
Аты шықса кімнің өтірік, өсекпен,
Төмен болар қадірі елге есектен.
(Аты шықса кімнің өсек, жалғанмен,
Құтыла алмас ел ішінде танғанмен! )
Боқты терген сасық қоңыз сияқты,
Сараңдықтан асқан не бар ұятты.
Сараң жайлы не дейді ілім біліп ал:
«Ей, аш көзді, қолы жұмық, іші тар!
184
Алтын жидың, бірақ жеуді білмедің,
Алтын жиып елге неге бермедің?
1675 Дүние жиып, жемейтұғын жарандар,
Жейтіндер бар, асты əзірлеп, қараңдар!»
Бұл үш түрлі қасиеттің жолы — құт,
Бұл үш түрлі надандықтың жолы — жұт.
Достарыңызбен бөлісу: |