«Мәдени Мұра» МеМлекеттік бағдарлаМасының



Pdf көрінісі
бет6/24
Дата21.02.2017
өлшемі1,15 Mb.
#4615
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   24
92

батырлар жыры

тұра келіп иілді,

Қол қусырып жиылды.

—дүниеде іңкәрім,

бұрын жетті өзіңнен

астыңда мінген тұлпарың.

тұлпар мініп, ту алған,

туын қанға суарған,

кеткен жері қуарған,

келген жері қуанған.

аман-есен келдің бе,

Жұрт иесі сұңқарым.

сақтадың жаудың қаласын,

дұшпанның мініп аласын,

Қалмақтың жегіп шанасын.

Қасіретті қылған данышпан

әлдеқандай боласың?

Үкімменен жина-дүр

кәуірдің дұшпан баласын. 



Онда Қобылан сөйлейді:

—күлме, Құртқа, қой,—дейді,

кетті заман баяғым.

кім ұстамас жылқының

Қырға қашқан саяғын.

бірді таппа, мыңды тап,

көріп келдім бұл жолда

Жалғыздықтың азабын.

омса болмас баяғым

адам болып ер жетсе,

Өзімнің соғар таяғым.

Қобылекең кеңдік бастайды,

кетігін Құртқа қостайды.

тұл болсын деп ақ қапты

көзінше алып тастайды.

Қап екенін біледі,

езу тартып күледі.

аузы айтса да Қобылекең,

іші қимай тұр еді.

2900


2910

2920


2930

92

93

қарақыпшақ қобыланды батыр



Құртқаны қолдан жетелеп,

Қасындағы тоғайға 

Қобыланды алып жөнелді. 

Құртқа сонда сөйлейді:

—көптен дамыл көрмеген,

көнбісті болған ер едің,

аз-кем күнге шыдаңыз.

тайбурылды ойнаттың,

дұшпаның көп, достың аз,

сұлтаным, бұзба қайратың.

айдын көлдің бетіне,

ойынға балық шығады,

Жазғы судың шетіне.

ертеңгі күн, сұлтаным,

Жұрт қолыңа тигенде,

біреуменен ұрыссаң,

біреуменен керіссең,

әзілдесіп, күлісіп,

Жамандардың тілі ащы—

Қадір білмес кей жаман

ата-анасын танымай,

Қатынын көрген Қобылан деп,

кінә қылар бетіңе. 



Сонда Қобылан сөйлейді:

—асып туған, қыз Құртқа,

әйел болдың амал жоқ.

әгар еркек болғанда

болар ең тұтқа бір жұртқа.

төрткүлдеп соққан төбедей,

алтыннан соққан жебедей,

сағындырған жарым сен едің.

соншама күн жол шегіп,

абырой-ажат көп көріп,

сағынған жұфұтым сен едің.

Құдай қосса, шырағым,

2940

2950


2960

94

батырлар жыры

ертең бурыл мінейін,

беліме семсер ілейін.

Қазам жеткен күн болса,

ата менен анадай

Құрбандық болып өлейін.

иә болмаса, тәңірге

Жүгініс етіп көрейін.

байқамас па екен деуші едім,

әсіре қыпшақ баласын,

Өткен ерлер шамасын.

Құртқа кейін кеткенде,

шаһарға барып жеткенде,

күңі мен құлға жүр дейді,

тұрайын десе күң мен құл

ойындарын қимайды.

еркіне Құртқа қоймайды,

күңі мен құлын жинайды.

ертіп алып қыз Құртқа

Құлдарыменен келген соң,

Қалаға Құртқа енген соң,

шұбалаңдап шаң шықты,

Қаңғыр-күңгір даң шықты.

«немене шаң?» деп қараса,

саулы іңгендей аңқылдап,

күшігендей саңқылдап,

алтын күмбез дулыға

шекесінде жылтылдап,

ақмоншақ аты астында

Қарлыға келді сылқылдап.

Қарлығаның соңынан

сайымұғлы Қараман

о да келді былқылдап.

бұл Қараман соңынан

есіктің алды балдырған,

нан пісірдім тандырдан,

Қызылбастың көңілін қалдырған.

Қызылбастың жұртынан

Мұштай деген шаһарды

тағыболат, тасболат

2970


2980

2990


3000

94

95

қарақыпшақ қобыланды батыр



бұрынғы үш ағасын

бірдей қырып салдырған.

шонжар қатар заты бар,

Жіңішке жирен аты бар,

аллаға жеткен даты бар,

балалы тауда бар-ды орақ,

Қосын салған мырзалық.

айдынды орақ, айлы орақ,

айбалтасы қанды орақ.

Қобыландының елдерін

Қалмақ алды деген соң,

келген екен бұл орақ.

торғай емес, тосынды,

ақбөкендей жосылды.

Қараман менен Қарлыға,

аты шыққан орақжан

Қобыландыдай батырға

Үшеуі келіп қосылды.

бұлар тұра тұрсын. алшағыр ханның шешесі бар еді, денелі зор кісі 

еді. Маясоқ домбырақоқ, аузы үңгірдей, мұрны пештей, көзі көрдей, сиқы 

адам құсарлық жаман қатын еді. Құрма тастап, бал ашып, Қобыланды әм 

орақтардың келгенін біліп, баласы алшағырға сөйлейді:

—Мінгенде атым құлаша,

бидай өңді құбаша,

Қобаған мұрын, қой көзді,

ұзын бойлы, нұр жүзді,

сымбат бойлы дембелше,

алтын камзол жеңдіше,

бейне Қобылан секілді,

келді, балам, тұр-сәна.

Қобыландының артынан

сүйек біздікі, ет бөтен,

көбіктінің қызы Қарлыға

о да келгенге ұқсайды,

Жалғыз балам, тұр-сәна.

—әуелі тартқан иегі,

ұстаған садақ білегі,

3010


3020

3030


3040

96

батырлар жыры

Үш ай тоқсан болғанда

шешілер қошқар күйегі.

он жыл болды Қобыланның

Қайдан келсін сүйегі. 

тағы кемпір сөйлейді:

—Май жүзінде тортамын,

Қобыланды деп қорқамын.

атаң мінген алтын тақ

сол мінер деп қорқамын.

ойран болар жұртыңыз,

басыңнан ұшып әруақ,

атаңыз жиған байтақ ел

бүлінер деп қорқамын.

тура атқанда оқ өтпес,

сол киер деп қорқамын.

емпең-емпең жүгірген,

еңкейе басып бүгілген.

ертеден салса, түске озған,

ертеден шапса, кешке озған.

томаға көзді, қасқа азбан

сол мінер деп қорқамын.

Менің өзім нашармын,

кілттің аузын ашармын.

күнікейдей кекті қыз,

тінікейдей текті қыз,

екі қызымды алармын.

тіл алмасаң қайтейін,

бас сауға қылып қашармын.

екі қызды алады,

күймесіне салады,

кемпір қашып барады.

көбіктінің қызы Қарлыға

Қиядан көзі шалады,

Қасына жақын барады,

екі қызды ұрлап алады.

арбада қызым аман деп,

кемпір кетіп барады.

3050


3060

96

97

қарақыпшақ қобыланды батыр



сол уақытта Қараман

Мұны көзі көреді,

Қасына жақын келеді,

келіп те сөйлей береді.

—екі қызды бер,—дейді,

Қарлыға сонда сөйлейді:

—апырым-ау, енді не дейін,

байытқалы келіп пе едім,

Қияттың жаман кедейін.

Өзімнің басым сауғадан 

Құтыла алмай тұрғанда,

Мен кімге сауға берейін? 



Қараман  сонда сөйлейді:

—Мұсылманға ғазат-дүр,

Қызылбасқа оқ аттыр.

екі қызды бер маған,

тіпті сені алмаймын,

Өз басыңа азат-дүр.

енді Қарлыға екі қызды Қараманға беріп, өз басын босатып алды. 

бұл қосынның ең кішісі орақ екен. Қараман ораққа айтты:—Мына екі 

қызды  Қаракөзайым  жеңгеңе  апарып  бер,  еш кімге  көрсетпесін.  әгар 

көрсетсе, мен ол жеңгеңді талақ қылармын деп айтты дегейсің,—дейді. 

орақ батыр екі қызды алып барып қатынға тапсырып, Қараманның сөзін 

айтып, қайтадан бұларға келіп шықты.

орақ батыр келген соң,

бірін-бірі көрген соң,

бұлар ат қойды.

Жылқыда құмай аланы-ай,

ер жігітке мал бітпес,

шыбын жанын қинамай.

ата менен анаға

әсіре қыпшақ балаға,

Жатқаннан соң байлауда,

Қобылекең жалғыз ат қойды,

күн шығуға қарамай.

3070


3080

3090


3100

98

батырлар жыры

Қалаға еніп ақырды,

нар түйедей бақырды,

сыйынып пірін шақырды.

—атың шыққан, алшағыр,

сөзіме құлақ сал, шағыр.

Менім атым Қобыланды,

әбден ұғып ал, шағыр.

оқ өтпес тонды киген соң,

Қарға сүңгі ілген соң,

Қара қасқа ат мінген,

ат құйрығын шарт түйген,

алшағыр шықты қаладан.

түлкідей көзін жайнатып,

астына мінген тұлпары

ауыздығын шайнаған.

Қолындағы найзасы

Қара тасқа тигенде

Қарыс сүйем бойлаған—

Қобылекең шықты бұл жақтан,

тайбурыл атын ойнатып.

Жайықтың бойы қамыс-ты,

Қараспан тау алыс-ты.

бермейміз деп намысты,

алшағыр менен Қобыланды

Қарсыласып қағысты.

емен найза салысты,

найза қанға майысты.

ат тізесін бүгісті,

бүгісе-бүгісе тұрысты,

Қобыланды сынды батырдың

от шығады ұртынан.

сәске мезгіл болғанда

Жұлмаланып жоқ болды

Қара қасқа аттың сыртынан.

алшағырды құлатты,

Жерге мықтап сұлатты.

бедеу аттың тағасы,

Қамысты көлдің қоғасы,

Құртқаны алған сапарда

3110


3120

3130


98

99

қарақыпшақ қобыланды батыр



Өлтіріп еді Қобыланды

Қырық кез Қызыл ердің баласы—

ағанас пенен тоғанас

Жаңа шықты қаладан.

келісіменен ағанас

Қобыландыға салды найзаны.

Қызылбасқа тигізіп,

осы жерде пайданы.

ағанас сынды-ай жас бала

Қайратың мол масқара,

көңілге кінә болмаса, 

Қобылекеңнің бөксесін

Қисайтып кетіп барады.

сол уақытта Қарлыға

Қиядан көзі көреді.

Қарлыға да ер еді,

шауып жетіп келеді.

ағанастай баланы

алып тастап жөнелді.

атқа түзеліп мінген соң,

тоғанастай баланы 

Қобылекең алып тастады.

Қазан басты қара дәу

шығып еді қаладан,

орақ алып тастады.

Жүзден тайлақ батыр

шығып еді қаладан,

Қараман алып тастады.

берен тонның жағасы, 

көбікті ханның баласы,

көк ала атты біршымбай

Қарлығаны бір шанышты,

Қараманды бір шанышты.

Үміт қылды тағы да

орақ сынды-ай батырдан,

болар емес біршымбай.

сауыты мықты болған соң,

шығарып алып Қарлыға

Қараман менен орақты:

3140


3150

3160


3170

100

батырлар жыры

«асқар-асқар бел дейді,

белден асқан ел дейді.

бола қалмас сіздерге

Қобыланды батыр болмаса

сіздер кейін тұр,—дейді.

есебін тауып амалдап

Өлтірейін мен»,—дейді.

Қарлыға  айтты:—әкем  көбіктінің  күші  менен  мың  батпан  артық. 

әм менен біршымбайдың күші батпан артық. Үстіндегі ақ сауытты өзім 

қолдан соғып жасап едім. атсаң мылтық, шапсаң қылыш, соқсаң найзаң 

өтпейді. оған жалғыз інім болған соң Құдайдан болмаса, пендеден қаза 

болмасын деп соғып едім. Өзім амалдап ебін тауып өлтірейін. әйтпесе 

сендерге болмас,—дейді. біршымбайға шауып жөнелді. 

Қасына жақын келіп жылай берді:—ойбай, менің жалғыз інім, қайда 

жүр едің? әкең көбіктіні өлтіріп, мені ұстап әкелді. Құдай жалғызға кез 

келтір  деп  едім,  Құдай  тілегімді  берді,—дейді,  бетіне  шашын  жайып 

жылай берді. 

онда  біршымбай:—ойбай,  апа,  сен  бе  едің?  Мен  танымадым,—

дейді,—өзіме жақын кел,—дейді. 

Қасқа жақын келген соң апасы жылайды:—ойбай, қарағым, менім 

ауыр науқас әлім бар. Мені бір көз көрмес жерге алып бар,—дейді. 

—пәлен жерде бір таудың үңгірін көріп едім соған жүр,—дейді. 

онда апасы айтты:—шырағым, сен алға жүр,—дейді.

назары әрман ауғанда,

түстей мақпал көрпеден.

Қарлығасы құрысын,

біршымбайдың артынан

найзасын салды желкеден.

«Жан апа» деп жылапты,

біршымбайды аттан құлатты.

Жан апасы құрысын,

Өтірік емес рас-ты.

бұл біршымбай өлген соң,

баспақты сарлы танадан,

Қалмады қатын-баладан.

пенде болған көп қыпшақ

Қобыланды қамал бұзған соң,

3180


3190

3200


100

101


қарақыпшақ қобыланды батыр

шулап шықты далаға.

ақбөкен аңдай жосылды,

тоқсандағы тоқтарбай

Қобыландыға қосылды.

алпыстағы аналық,

Қарындасы Қарлыға,

алған жары қыз Құртқа

пенде болған көп қыпшақ

балаға есен қосылды.

алшағырдың шаһарын

Жалғыз жүріп шабады,

адаспай Қобылан табады.

байлар мінер дөненді,

Жарлы мінер көбеңді.

байдың қызы жамылар

Масатыдай беренді.

пенде болған көп қыпшақ

олжа малға кенелді.

Қарақыпшақ елдері

Қараспан тауға бет алып,

ырғытып аттап жөнелді.

белгілі болды еліне,

семсер буды беліне.

нан пісірді деміне,

келмеді дұшпан шебіне.

Үш ай тоқсан болғанда,

келді қыпшақ жиылып,

бөлініп көшкен жеріне.

пенде болған елдердің

сірә, қыпшақ баласы.

олжа малға толады

Қараспан таудың арасы.

Қобылекең сынды батырың

тайбурыл атпенен желеді,

ел қонаға келеді.

Жағалай елі қоныпты,

ел жағалай қонған соң,

салаға малы толған соң,

«басым екеу болсын» деп,

3210

3220


3230

102

батырлар жыры

Қарындасын Қобыланды

орақ ерге беріпті.

Қонған жері жыңғыл-ды,

Құмырсқа бел, талма бой

Қарлығаны ұзатып,

батыр Қобылан той қылды.

бір-біріне қосылды,

Жібек болып есілді,

екі аяғын көсілді.

Мұратына жетіпті,

сөйтіп, дәурен өтіпті.

иманды құл көреді

пайғамбар жатқан Меккесін,

Жарлы тігер кепесін.

отыз күндей ойын қып,

Қырық күндей тойын қып,

тоқсан қатын жеңге боп,

бұлаңдаған Құртқаны

Қасына алып келеді,

бірін-бірі көреді.

тойына сойған секілді

ешкі малдың текесін.

Қыз Құртқаның бұл жерде

батырға қиды некесін.

Құртқа жатты қасында,

Қосылған деген осы ма?

бұйырғанын көрсетті

сүйіп алған досына.

енді үстіне мінеді,

сағынысып жүрген ер еді.

бірін-бірі қинады,

тұрайын десе қимады.

Қобылекең асылы 

Қыз Құртқаға сыймады.

бұйырғанын береді,

тоқсан екі қатын жеңгесі

ертең түсте келеді.

Жарқырап жатқан асылын

Қатындар келіп көріпті.

3240


3250

3260


3270

102

103


қарақыпшақ қобыланды батыр

көрген қатын қызықты,

Қызыққанның себебі—

алтыннан түсі бұзық-ты.

көрген қатын қызығып,

Қасықпенен алады,

денесіне салады,

перзент болып қалады.

тоқсан екі қатын алған соң,

денесіне салған соң,

перзент болып қалған соң,

тоқсан екі қатыннан

тоқсан екі бала туған соң,

«тоқсан екі баулы қыпшақ» деген сөз

Мирас болып қалыпты.

айлардан ай өткенде,

тоғыз ай, он күн жеткенде,

сұлу Құртқа толғатты,

толғағы болды тым қатты.

дүниеге жар қылып,

бала келді сымбатты.

Құндақтап алды баланы,

тойына сойды аланы.

Үлкендігін сонан біл,

екі қарыс болыпты

Жас баланың табаны.

тілекті берді бір Құдай,

Жақсылығы тым оңай.

Жиылып елдің молдасы

атын қойды бөкенбай.

бөкенбай келді бір жасқа,

Жүгіріп бала шығады

Үйде енді тұрмасқа.

бөкен келді екіге,

Жан шыдамас лебіне.

атадан бала сұрайды

Малды бағып кетуге.

бөкен келді үш жасқа,

артықша бала іс басқа.

3280


3290

3300


104

батырлар жыры

Мықтылығын сонан біл,

найзасы кірді тау-тасқа.

төртке келді бөкенбай,

Қобылекеңнің көңілі жай.

бес жасына келгенде,

Қобыландыменен болды сайма-сай.

бөкенбай келді алтыға,

таулар жанды зарпына.

дұшпандарын мұқатып,

пайдасы тиді халқына.

бөкенбай алты жасқа келген соң, тобылғы торы атын мініп, естем-

шемен қосылып, мал бағып жүре берді. ит жүгіртті, құс салды.

Қарындасын Қараман алды. Қобыландының қарындасы Қарлығаны 

орақ  ерге  берді.  көбіктінің  қызы  Қарлығаны  ешкім  алмады,  жаманға 

ол  бармады.  он  екі  құлақты  алтын  шатырын  тігіп,  Қараспан  таудың 

етегінде жата берді. ешкім оған келмеді. Қобыланды мұны көрмеді. бұл 

мұныменен жата берсін.

Хан шошай деген бар екен. «Қобыланды көбіктіні әм біршымбайды, 

алшағырды және Қазанның қырық кез Қызыл ерін өлтіріп алды» деген 

соң, он екі мың кісі алып, ақ қарабас ту алып аттаныпты. «Қобыландыны 

өлтіріп, не өзім өліп келейін» деп.

Қобыланды енді дұшпанды жеңіп, хабарсыз жатқанда, ұйқыда келіп 

тиіпті.  Қобыланды  шошып  оянып,  арқанда  тұрған  тайбурылға  бара 

алмай,  сасқалақтап  дамбалын  көйлегім  деп  киіпті.  бөрігін  етігім  деп 

киіпті, сасқанның белгісі білте мылтыққа от бермей құр ата берді. сол 

уақытта қыз Құртқа келіп мылтыққа от беріп, гүрс етіп даусы шықты. 

онда қарындасы Қарлыға «көкем мылтығының даусы мезгілсіз шықты» 

деп оянып, қасында ораққа «бар» дейді.

сол уақытта Қобыланды,

тайбурыл атқа мінеді,

Қарына сүңгі іледі,

Жау екенін біледі.

—айт, жануар, шу,—дейді,

«шу» дегенде гуледі.

ұшқан құспен жарысып,

Үстіне мінген Қобылекең

3310

3320


3330

3340


104

105


қарақыпшақ қобыланды батыр

басыменен алысып,

салып жетіп келеді.

бірін-бірі көреді,

бұ да айтулы ер еді.

екі батыр қосылып,

соғысуға келеді.

итерісіп тұрысты,

тебінгіден тер шықты,

семсер қалды майысып,

ерлер жаннан түңілді.

екеуінің ақ сауыт

шығыршықтан сөгілді.

әл-дәрмені құрыды,

Қайрат қылып Қобылекең

шошайды жерге бір ұрды.

сол уақытта, мінеки,

көбіктінің қызы Қарлыға

Қобылекеңдей батырға

Өкпе қылып жүр еді,

бірін-бірі көреді. 

Өш алғанда өш жоқ деп,

кек алғанда кек жоқ деп,

Хан шошайдың алдында

ескі кекті енді алдым,

етбетінен бір салдым.

Маған енді қылды деп,

ашу қылсаң өзің біл деп,

Маған енді қылды деп,

Қоңынан найза салады,

сүйтіп кегін алады.

Қобылан сынды-ай еріңіз

шоңқайып аттан құлады.

сол қалпыменен Қарлыға

шаһарға қашып барады.

орақ менен Қараман

бұлар да келіп қалады.

Міне, тұрған хан шошай

Хан шошай батыр ақырды,

әруағын судай сапырды.

3350

3360


106

батырлар жыры

Жекпе-жекке келші деп,

батырларын шақырды.

сол уақытта бөкенбей

Жылқыдан салып келеді.

Хан шошайды көреді,

бөкенбай да ер еді.

Хан шошайменен екеуі

Жеке-жеке десісті,

Жекелесе қалысты.

келе найза салысты,

найза қармақ майысты.

итерісіп тұрысты,

ат тізесін бүгісті,

бүгісе-бүгісе тұрысты,

тебінгіден тер қатты,

Қақырғанда қан татты.

Қанжар қалды майысып,

семсер қалды майысып,

сол уақытта бөкенбай

омыртқасы өспеген,

Қабырғасы қатпаған,

Хан шошайдың қайраты

Өте айрықша масқара.

еңкейіп кетіп барады

бөкенбай сынды жас бала.

сол уақытта бабасы:

«Жоқ, жоқ, балам, жоқ,—деп,

болмас, балам, болмас,»—деп,

көк есегі астында,

шар кітабы қойнында,

Өзі Хақтың жолында,

Қасына жетіп барады,

аяғынан алады.

Хан шошайдай батырды

Өлдім, талдым дегенде

бабасы менен бөкенбай

әрең деп жерге салады,

басын кесіп алады.

сонда бабасы сөйлейді, 

3370


3380

3390


3400

106

107


қарақыпшақ қобыланды батыр

сөйлегенде не дейді:

—айналайын бөкенжан,

Құлағың сал сөзіме,

Мен айтайын өзіңе. 

бұл не деген мықты-ай,

сыйынған пірің мен болсам,

екеулеп әрең жықтық-ай.

бөкен сынды-ай жас бала

әруағы асады,

ағыны судай тасады.

Хан шошайды өлтіріп,

сағатына келтіріп,

талай енді дұшпанды

табанына басады.

Қобылекеңдей батырдың

Құртқа келді қасына.

көбіктінің қызы Қарлыға

дұшпандық етті басына.

сүйіп алған қыз Құртқа

ақ дәріні алады,

Жараға үгіп салады.

саламаттанып Қобылекең

Жазылып енді қалады.

Жан-жағына көз салады

шақырады баланы.

бала келді қасына:

—ау, шырағым, бөкенжан,

Қайғы түсті басыма.

сөзіме құлақ сал,—дейді,

айтқан тілім ал,—дейді.

көбіктінің қызы Қарлыға

соған шапшаң бар,—дейді,

алып мұнда кел,—дейді.

бөкенбай сынды жас бала

тайбурыл атқа мінеді,

—айт, жануар, шу,—дейді,

«шу» дегенде гуледі.

әне-міне дегенше,

салып жетіп келеді.

3410

3420


3430

3440


108

батырлар жыры

көбіктінің қызы Қарлыға,

Қарлыға келіп бөкенге

найзаны келіп салады.

сол уақытта бөкенбай

ашуы келіп қалады.

найзаның тоқал жағыменен

бөкенбай салып қалады.

сол уақытта Қарлыға

ат көтіне мініп қалады.

Қарлыға сонда сөйлейді,

сөйлегенде не дейді:

—айналайын, бөкенжан,

Құлдығым бар өзіңе,

Құлағың сал сөзіме.

кәрі қақбас әкеңді

көрсетіп өлтір көзіме.

бөкен сынды-ай жас бала—

Қайраты болды масқара.

Қарлығаны жетелеп,

Қия жерде төтелеп,

Қарлығаны алып келеді.

Қарлыға енді келген соң,

Қобыланды батыр көрген соң,

некахын енді қимаққа

Молдаларды шақыртты.

сол уақытта Қараман жүз сексен бас ордасын тігіп, Қобыланды ме-

нен Қарлыға екеуін алдырып, бір-бірімен келістіріп, сөйлестірді.

сонда Қарлыға сөйлейді,

сөйлегенде не дейді:

—Өзімнің әкем көбікті

сенің үшін өлтірттім.

әкемнен шықпай жатқанда

басымды сауғаға Қараманға бердің.

оны не қылайын, еліңді жау алғанда,

Қараспан құрып қалғанда,

Жұртың болды арманда.

төртеуіміз барғанда,

3450


3460

3470


108

109


қарақыпшақ қобыланды батыр

Өзім інім біршымбай

төрт-төрттен найза салғанда,

төртеуіміз меңдеп қалғанда,

Жалғыз інім біршымбай

«Жан апа» деп жылаттым,

біршымбайды аттан құлаттым.

сенің үшін Қобыланды—

сонда да қадірім білмедің.

шақырып едім шатырға,

сөзімді сыйлап келмедің,

Халі-жайым білмедің,

бір қайырылып көрмедің.

сонан саған өкпелеп,

Хан шошайдың алдында

ескі кекті мен алдым.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   24




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет