«Мәдени Мұра» МеМлекеттік бағдарлаМасының



Pdf көрінісі
бет14/24
Дата21.02.2017
өлшемі1,15 Mb.
#4615
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   24

алдағанға алданған

ақылың сенің шамалы.

әдіс ойлап баққан-ды,

ақыл мен айла тапқан-ды.

күшімді көрсе қалмақтар

амал, әдіс табар деп,

бекінісіп қалар деп,

ат жарысты салған-ды.

басын тартып сендерден,

Қыпшақтар кейін қалған-ды.

айламенен, амалмен

шын әдіске салған-ды.

басын тартып тұлпардың

көңілі өссін қалмақ деп,

амалменен қалған-ды.

білікке артық өктем-ді,

амал, айла еткен-ді.

сендерді алдап жығылған,

Жықтым деп, қалмақ, мақтанба.

тоқтарбайдың Қобыланды ер

есітуім осылай,

Қиыншылық жауларды

Қолдан талай өткерді.

Қарақыпшақ көп халқын

4600

4610


4620

4630


236

батырлар жыры

Мұратына жеткерді.

әдіс, айла салған-ды,

Құртқан екен айлаңды.

Мақтансын деп Қаршыға

аударылып қалған-ды.

бәрі де әдіс, амал кер,

Жеңілгені жалған-ды.

көрсеткен екен амалын,

Қобылан келсе еліме,

тарылды менің заманым.

сасатұғын жер келді,

айланы қайдан табамын.

көңілі өссін қалмақ деп,

Жай тартқан екен садағын.

Қобыланды келді дегенше

бәле келді десейші.

көп қалмақтың еліне

талау келді десейші.

Қатты қырғын халқыңа

сала келді десейші.

Қызыл қанға қылышын

Мала келді десейші.

ойсыратып қалмақты

шаба келді десейші.

Қобылан келді дегенше,

көрім келді десейші.

көп қалмақтың еліне 

зәбір келді десейші.

Қалмақ қара қаныңды

төгу келді десейші.

Қабыртқаңды қаусатып,

сөгу келді десейші.

Жарқыраған жарық шам,

сөну келді десейші.

Қатты тарлық халқыңа

төну келді десейші.

Қиыншылық заманды

көру келді десейші.

ер азамат адамды

4640


4650

4660


4670

236

237


қобыланды батыр

көму келді десейші.

Қобыланға ерлік миясар,

Мұнан артық кім асар.

Қалмаққа қырғын ұласар.

ардақтаған еріңді

ұзынынан сұлатар,

Қан төремді құлатар.

Қатын менен баланы

Қала ішінде шулатар.

Қаланың ішін даңдатар,

Халқымды түгел зарлатар.

бейпіл елді шулатар,

әр оғының ұшымен

ерлерімді тулатар.

Қатын менен баланы

Қыруға қыру ұласар.

Халқымнан кеңдік күн асар,

Жарық сәуле бізге жоқ,

Қараңғылық түн басар.

шаһардың іші шаң болар,

тас көшелер қан болар,

кең дүнием тар болар.

Қобылан келсе қалама

кеңдікке елім зар болар.

тарлық пенен еліме

Қысым келер жеріме,

кім түспес дейсің Қобыланның

бізге қазған көріне.

болмаңыз халқым бейхабар,

ақылды Қобылан ой табар.

көп кешікпей көшеден,

сарқырап қызыл қан ағар.

елімдегі ерімді

сынап қолдан шамалар.

Жаңа сөзім жана бар.

енді қайтып күнелтер

Қатын менен балалар.

кеңдік бізден жоғалды,

не қылса да Қобыланның

4680

4690


4700

4710


238

батырлар жыры

істеген ісі оңалар.

Қор қылмаса игі еді,

адамнан тауым қайтпаған

күшті менің денемді.

Қобылан оймаса игі еді,

осы менің төбемді.

Қиратар деп қорқамын,

болат қайтпас жебемді.

ішкізер деп қорқамын,

Қара қаннан керемді.

Қор етер деп қорқамын

Жеті мүше денемді.

Қайраты көп Қобыланның

Мықтылығы берен-ді.

Қобылан келді деген соң,

көкірек қайғы, шемен-ді.

сендер түгіл менің де

ояды Қобылан төбемді.

екі көзім жылауда,

көңілде қайғым көп енді.

о, Қаршыға, Қаршыға,

еш нәрсені білмейсің,

көңілмен сына сен,—дейді,

сенде зейін кем,—дейді.

атаңа нәлет Қобыланды,

Қайраты көп ер,—дейді.

алдағанға алданып,

сол секілді Қобыландыны

Жеңдім деп келгенің нең?—дейді.

көп кешікпей жақын-ақ,

сыналар ерлер жер болар.

алыстан сынап байқасам,

айлаға артық ер болар.

ол ақ сұңқар, біз қарға,

сұңқарға қарға жем болар.

Қобыланды бүркіт, біз қарға,

түсірер бізді күн тарға.

арыстан туған Қобыланға

етуге бізде лаж бар ма?!

4720


4730

4740


4750

238

239


қобыланды батыр

Қайғымен көңілім күл болды,

Жарық күнім түн болды, 

бұл не деген түр болды?!

Қаршыға сонда сөйлейді:

—Жоқ нәрсеге, хан барса,

Қайғы шеккен нең?—дейді.

көріп келдім көзіммен

сол Қобыландыны мен,—дейді.

сонша мақтап айтсаң да,

ұлықсат маған бер,—дейді.

Қырық жолдас қасқа алып,

екі күнде барамын,

Қызықты сонда көр,—дейді.

ер серікпей болмайды,

босқа қорқу жөн емес,

Қорыққан адам оңбайды.

батыл жүрек ер керек,

Жасыққа болат қонбайды.

Қорыққан жаудан оңа ма,

Қыпшақтан келген қу бастан 

Мұнша қорқу бола ма?

Құралың сай, елің сай,

еліңдегі ерің сай,

батырдың басы Қаршығаң

сынауым келер жобаға.

ол қырық та, біздер көп,

аз кісі көпті оба ма.

елім мықты, ерім сай,

Өзі келіп ұрынған

Қобыланды шіркін оңа ма.

Өзіме-өзім сенемін,

Қайғы берме, хан барса,

Маңдайымнан көремін.

кесілмесем қарымнан,

айрылмасам барымнан,

арыңды алып беремін.

ұлықсат бер, барамын,

Қалай да болса Қобыланды

4760


4770

4780


240

батырлар жыры

бұл барғанда аламын.

Қалмақ деген халқымсың,

ортаңа олжа саламын.

Жаудан қайтпас ер жігіт,

тоқтатпайды талабын.

Қырық жолдасым, еріңіз,

уәде еттік Қобыланмен

іркілмей жүру жөніміз.

Қалмақ, сасып қорықпа,

екі күннің артынан

сыналатын жеріміз.

Маңдайынан қайтпаса,

тәуекел еткен ер болар.

ұлықсат бер, ер барса,

уәдеге Қобыланға

тоқталмай бару жөн болар.

Жауабын барса естіп көрген екен,

сөзіне Қаршығаның сенген екен.

әр уақыт барған жауын алып қайтқан,

Қаршыға қашаннан-ақ ер неме екен.

Қашаннан жолды атанған батыр еді,

көңілін барған жаудың басып еді.

Жылатқан барған жауын әр жерде де,

аяққа жауын таптап басып еді.

немере бұл барсаның тума інісі,

Қаршыға ер барсаға жақын еді.

Қаршыға Қобыландыға шықты жайнап,

Жолдасы қырық батыр құрал сайлап.

тас кескен ақ алмастан қылыш белде,

Жігері батылдардың іште қайнап.

Мінген ат қырық батырдың бәрі тұлпар,

Құралы батырлардың бәрі де сай,

Жөнелді жарыстырып тұлпарды айдап.

Қуанып қырық батыр желікті енді,

тауына көк зеңгінің келіпті енді.

4790


4800

4810


4820

240

241


қобыланды батыр

Өлтіріп ер Қобыландыны қайтамыз деп,

батырлар ажарланып, көріктенді.

Қобыландыны өздерінен төмен көріп,

Өзіне-өзі ерлер сеніпті енді.

Қылтылдап қырық ердің найзалары,

Жеріне уәде еткен төніпті енді.

Қобылан айла, амалын бастады енді,

көліне қырық жігітті тастады енді.

Өзіне-өзі сенген арыстан ер,

Жаулардан жалғызбын деп саспады енді.

торыға тобығы меңді қамшы басты,

түйдектеп төрт аяғын тастады енді.

тұяғы қара тасты күл-күл қылып,

аспанға топырақ, тозаң шашқан енді.

Қалмақтар қырық батыр бәрі мықты,

Қобыланды қырық ерден саспады енді.

Жападан қырық кісіге жалғыз келді,

Қобыландыны қырық батыр көреді енді.

Қасына айбаттанып жақын төнді,

сайланған қырық батырға жалғыз келді.

әдісқой қырық батырды бұл да көрді,

әдісқой қырық батыр кемеңгерді.

келген жерден батырды қамай берді,

Қылышпен келген жерден жауды шапты,

бастарын домалатып шөптей қақты.

Қобыланның ерлігіне кім шыдасын,

тыпырлап талайлары тулап жатты.

сонда Қобылан ойлады,

тіл барсын деп еліне,

барса мықты серіне.

дәмесі болса көп қалмақ

Меніменен кездессін

соғысатын жерінде.

Қаршығаның атынан

аударып Қобылан алады.

бастырып атқа өкшесін,

Қанталатып бөксесін,

Қобыланды ерің сабады.

Қамшы ұрған шағында,

4830

4840


4850

4860


242

батырлар жыры

етінен қаны ағады.

Қобыландының бешесі,

әуелден қалып көшесі,

тасқа салса қайтпаған

алмастың өткір жетесі.

Құлағың шұнақ болсын деп,

Қайғыға халқың толсын деп,

Қаран күнің солсын деп,

Құлағын кесіп алады.

Қаршыға едің досым деп,

бетің тегіс болсын деп,

Мұрнын кесіп алады.

бет аузынан, басынан

Қара қан сулап ағады.

Қаршыға батыр досым деп,

Қолыңда тегіс болсын деп,

Маған көп еткен күнәң деп,

сымпитып тегіс қылам деп,

дегенімді істесең,

ашуымнан тынам деп.

ант сертімнен шығам деп,

Құлағын кесті шұнтитып,

Мұрнын кесті жымпитып,

Қарын кесті құнтитып,

Қоя берді сымпитып.

тұла бойы қызыл қан,

тәлтіректеп Қаршыға

шарасыз кетіп барады.

әр мүшеден қызыл қан

судай зулап ағады.

Жасқауына қары жоқ,

Құлақ, мұрны тағы жоқ,

Қара құс, қарға талады.

Қаны аққан жерінен

етін жұлып алады.

Қаршыға атты батырдың

тарылғанға ұқсайды

кешегі кеңдік заманы.

Қырық жолдастан айрылып,

4870


4880

4890


4900

242

243


қобыланды батыр

тұла бойдың сауы жоқ,

ер барсаға барады.

Қаршыға батыр мыңқылдап,

көргенін айтып шағады:

—Жел терістен тұрды ғой, 

Мені Құдай ұрды ғой.

Қазақтан келген Қобыланды ер,

Қас масқара қылды ғой.

Қасымдағы қырық жігіт

біреуін қоймай қырды ғой.

айналайын хан ием,

айтқаның келді, әулием.

батырсынған, ерсінген,

басыма жетті сөз кием.

батырсындым, баптандым,

Қобыландыны жеңем деп

сізге келіп мақтандым.

Қобыландыны аттан аударып,

бек қуанып шаттандым.

айтқаның қылмай, хан барса,

Қобыландыға барам деп,

тарту берем саған деп,

әлімді білмей аттандым.

Қаршығаның жоқ болды

Қобыландыға амалы.

айласы көп ер екен,

Жеңілгені біздерден

арам иттің амалы.

айтқаныңның бәрі рас,

патшам едің саналы.

көріп келдім көзіммен

Халқыңның Қобылан ажалы.

ертең келер қалмаққа

Маған салған зауалы.

болмайды деп қорқамын,

Халқымның тыныш сауалы.

білігің асқан, ей патшам,

ақылды, сыншы сен едің.

батыр аңқау, ер көдек,

4910

4920


4930

4940


244

батырлар жыры

Қаршыға ерің мен едім.

батыр атақ алғаным,

патша, сенің себебің.

бұрынғыдай сәнім жоқ,

кесілді екі қарым жоқ,

көп сөйлейтін әлім жоқ.

Қатты жүдеп отырмын,

бүгіннен қалар жаным жоқ.

Қаршығаңнан әл кетті,

ажар, көрік, сән кетті,

тұла бойдан қан кетті.

Қорықпайтын жүректен

Қайтпас батыл, әл кетті,

залым Қобылан меңдетті.

ықпалым жүрген ер едім,

бұл сапар ісім кер кетті.

Қанатымнан қайырып,

әр мүшемнен айырып,

Қобылан мені жүдетті.

Қаршыға ерің азған күн,

көзімнің жасы төгіліп,

Қойныма тамған күн,

Қайғыға ішім жанған күн.

Қарақыпшақ Қобыланды ер

Мойныма бұғау салған күн.

Қайратым бастан өткен күн,

Масқара мені еткен күн.

екі қарым кескен күн,

шұбыртып қаным төккен күн,

түп-түбіме жеткен күн.

Қайырлы ханым сен едің,

Қаршыға ерің мен едім.

алдымдағы асқар тау—

сүйенішім, тірегім.

осы көрген қорлықты

айтып өлсем деп едім.

арыстан алғыр қабақты

орай белге байлаған,

алмас қылыш садақты.

4950


4960

4970


4980

244

245


қобыланды батыр

көңілі өскен ер екен,

таудан үлкен талапты.

астындағы торша ат

бауырынан жарапты.

сере маңдай, жазық бет,

Қобыландыда айбат көп.

әуелінде мас болып,

айтқан екем алам деп.

Қару-қапшық, мінген ат,

тартуға берем саған  деп.

алдағанға алданып,

айтыппын бекер алам деп.

келбетті туған берен ер,

айлаға асқан терең ер.

Мұндай болдым Қобыланнан

ендігі ерлер не көрер.

Ханшаларың күң болар,

белгілерің құлға теңелер.

барса, өзің болмасаң,

Өңгеге ерік бермейді.

сан жетпейтін қол болсын,

бір кісідей көрмейді.

күші күшке ұласып,

Қуаты асып өрлейді.

айтулының өзі екен,

көрсе жауды шаттанар.

Жау жақындап келгенде,

айбаттанып баптанар.

барса, өзің бармасаң,

Қобыландының маңына

бара алмас өзге қасқалар.

көрсетті Қобылан күшті ғой,

тұла бойда бар тәнім,

тұлып болып істі ғой.

сынауым шайтан болмаса,

Халқымды жерге тықты ғой.

Қатты қайтқан қажарым,

түспен кеткен ажарым.

суытар деп қорқамын,

4990

5000


5010

246

батырлар жыры

Халқыңның қызық базарын.

сөйлеуге әлім келмейді,

әлсіреп, талып барамын.

сонда барса сөйлейді:

—айтып едім мен,—дейді,

«Қобыландыны жеңдім деп»,

Мақтанып келдің сен,—дейді,

ақылың сенің кем,—дейді.

аламын деп қоймадың,

амалы көп Қобыланды

Өлтірем деп ойладың.

ақырында мінекей,

Өзіңді-өзің жойғаның.

алшағыр залым жұмсаған

Қарақыпшақ Қобыланды,

Өзі де көрер барсаның

Қобыланды ханды сойғанын.

Қайғылы тұрмын заманда,

зауал болар күн жетті,

Қалмақтағы адамға.

шықпай қалмас Қобыланды

Құрулы тұрған аранға.

саған келген бұл зауал

ертең келер маған да.

төрелерім, бегілерім,

салайық айла амалға.

Мен қорқамын Қобыланнан,

түбімізге жетер деп,

Қас масқара етер деп.

біз көпсініп, еркіндеп,

Жалғыз Қобылан нетер деп.

Мақтанбайық бегілерім,

күтінелік ерлерім,

Қамданыңыз елдерім.

Халыққа келген бұл зауал

Қиындық болар көргенің.

атаңа нәлет Қаршыға,

Мықтымсынған неме едің,

ақылға, сірә, кем едің.

5020


5030

5040


5050

246

247


қобыланды батыр

Қобыландының тұлпарын

тартуға берем деп едің.

саған келген қиындық

ертең келеді өзіме.

ақылың жоқ, Қаршыға, 

обалың болсын өзіңе.

Үйіріп шоқпарды алады,

тас төбеге салады.

талқандалып ми, басы,

сүйегі ұшып тарады.

Қаршыға сынды батырдың

табанда жетті ажалы.

Жау көргендегі ұраны

барабанын қағады,

Халық жиналып қалады.

Қалмақтың басы барса хан

ер азамат елімен

ақылдасып қалады.

шақыртқан соң ер барса

сансыз қалмақ ел келді.

ел ішінде ер келді,

Қайтпайтын жаудан сер келді.

Желігіп халқы желденді,

Жау тілеген тілегі,

Қайтпайтын жаудан жүрегі.

ер менен би қамалды,

ойлап жатыр амалды.

кіл темірші ұстаға

түрлі қару соқтырып,

айналаға шаһарының

Жебеден құрды аранды.

ұсталарын жиғызды,

берік етіп қаласын,

Қорған шойын құйғызды.

зеңбірек жайып алдына,

Қару-жарақ жиғызды,

түрлі амал қылғызды.

әрбір түрлі амалмен

бекітті шаһардың арасын.

5060

5070


5080

5090


248

батырлар жыры

шойынменен құрсатты

тастан салған қаласын.

ашық шаһар бар еді,

бекітті қосып арасын.

даярланып болған соң,

Жау көргенде желігіп,

барабанын қағатын

Жиылар қалмақ жер болды.

сан жетпейтін батырлар

даярланып тез болды,

неше түрлі сөз болды.

ақылдасып халық тұрады,

барсадан ақыл сұрады.

сонда барса жылады,

Жылауы қалай болды деп,

келген халық тынады.

Қара обадай хан барса

ортасында тұрады:

—Халық, амал табыңдар,

барсаңа ақыл салыңдар.

аңғырттанба жас, кәрің,

Менің тілімді алыңдар.

ер олжасы—жан сақтау,

бас-басыңды бағыңдар.

көбің шық Қобылан алдынан,

артыңды шаһарға салыңдар.

Жаратпаймын жау түрін,

бәріңе де жазым бар.

шығып кетсең қаладан,

сескенем талқан қылар деп.

шығып алып ел жаққа,

бет ашыққа шығарып,

Үріккен қойдай қуар деп.

ол бөрі де, сендер қой,

Қайғым күшті қырар деп.

астымдағы тұлпармен

тосып алып жолыңды

Қас масқара қылар деп.

артықша деп ойлаймын,

5100


5110

5120


5130

248

249


қобыланды батыр

сол Қобыланның амалын.

аудартпас деп жылаймын,

барған ердің табанын.

тарылтар деп ойлаймын

көп қалмақтың заманын.

сендер түгіл, менің де

Жете ме деп қорқамын

көп кешікпей ажалым.

көрсетер деп сескенем,

Қобыланды бізге қажарын.

есіткелі қайғым көп,

Қобыландының хабарын.

аңсыз болма, аңдаңыз,

аңдаған болар пайдаңыз.

Қалмасын амал, айлаңыз.

тасты кесер көк алмас,

Өткірлеп шарға қайраңыз.

Қайтпайтұғын көк сүңгі

Өткір болсын найзаңыз.

Қаладан ұзап кетпеңдер,

сонда болар пайдаңыз.

Мен көппін деп мерейіп,

еркінсіп барма мақтанып.

Жүзге бірің бас болып,

реттеңіз басқарып.

Қобылан жалғыз кісі деп,

барып қалма қасқарып.

Қаруды сайла түрменен,

еркек кіндік адамнан

Жан қалмасын жүрмеген.

шашақтаған ту алып,

сәнденіп шық гүлменен.

Қару-сайман даярлап,

әзірленіп түнменен.

таң мезгілі болғанда,

Жасақ салып барыңыз.

аңсыз болып кетпесін

Қобыландыға арыңыз.

ұзап кетпей қаладан,

5140

5150


5160

5170


250

батырлар жыры

артыңды кейін салыңыз.

төгілмесе игі еді,

Қалың жатқан байтақ ел,

сарқырап судай қаныңыз.

кетпесе игі еді, қалмағым,

бұл қыпшаққа арыңыз.

кесілер деп қаупім бар,

Қалмақ халық қарымыз.

таң шабыты толғанда,

таң атқан мезгіл болғанда,

сансыз әскер барыңыз.

батырлар әбден баптанды,

Қаруын сайлап шаттанды,

таң шабыты толғанда,

таң атар мезгіл болғанда,

сан жетпейтін сансыз қол

Қобыланға қарсы аттанды.

батырлардың мінген ат,

тебініп жерді паң басты,

Жердің жүзін шаң басты.

Қылыштарын қайрасты,

Қынапқа салды алмасты.

көк найзасын өңгеріп,

бірінен-бірі қалмас-ты.

Қатты уәде байласты,

ер сөзінен танбас-ты.

тобыңды жазба халық деп,

барсаның айтқан өсиет

Өтірік емес, анық деп,

шашау шықса егер де,

көрсетпесе Қобылан жарық деп,

арамызға жік түссе,

бізді қылар кәріп деп.

сан жетпейтін ауыр қол,

ат құйрығын сүзеді.

тұс-тұсынан батырлар

ала туын тігеді.

тоқтарбайдың Қобыланға

әзірленіп қалмақтар

5180


5190

5200


5210

250

251


қобыланды батыр

соғысуға жүреді.

шықты жаулар ту алып,

Жауды көзі көрген соң,

тоқтарбайдың Қобыланы

атын алды суарып.

Жау көрінген шағында,

Қобыланды тұрды қуанып.

белге буған ақ семсер

сары ала туды қолға алды,

көк найзасы жалтылдап,

әскерді көріп долданды.

бес қарудың бәрі сай,

әуелі алмас қолға алды.

Қалмақтан шығып шоңғара,

Жекпе-жек деп ақырды,

ер Қобыландыны шақырды.

Қалмақтағы белгілі,

Қайтпаған жаудан батыл-ды.

әр жерден жауға барғанда,

талайды шауып жапырды.

Жүрегі Қобылан қайтсын деп,

шоңғара батыр ақырды.

Жау көргенде қуанып,

батыр Қобылан күледі.

алып-ұшып жүрегі,

ежелден-ақ Қобыланның

соғысу жаумен тілегі.

Қобыландыны ашу қаптады,

сан жетпейтін қалың жау

көңілі жасып саспады.

Мен көңілмен аңдасам,

Жекпе-жекке бармасам,

алмасты қанға малмасам.

бір қимылдап қарайын,

күш-қайраттан танбасам,

Жекпе-жекке барайын.

барып басын қағайын.

бірі түгіл құртайын,

осы жаудың талайын.

5220

5230


5240

5250


252

батырлар жыры

кесілмесем қарымнан,

айрылмасам барымнан,

Жауым келді сағынған.

Өзім Қобылан болған соң,

сірә, жауға бағынбан,

Қорқып жаудан табынбан.

ердің бағы ашылмас,

серт қып атқа мінбесе.

шығыршықты көк сауыт

күні бұрын кимесе.

несі батыр батырдың

санамай жауға кірмесе.

сансыз жауға бір өзі

уайым етпей тимесе.

көрсетейін қайратты,

шығарайын айбатты.

атаңа нәлет көп қалмақ

білдірейін білмесе.

ерге қуат, әл керек,

тәуекел етер дұшпанға,

біздей қайтпас паң керек.

шашақты туды қолға алған,

ерлерге де сән керек.

Қалай болар заманым,

кім де кімге жау керек,

Жанды ортаға салайын,

Қорықпай жауға шабайын.

айрылмасам әлімнен,

Жаулардың басын қағайын.

уәде еткен алшағыр

белгімді алып барайын.

келе кел деп Қобыланға

шоңғара шықты ақырып,

айбатын судай сапырып.

ердің күні қапылыс,

сасар Қобылан ер емес,

Қобылан мен қалмақ тең емес.

шақырған соң шоңғара

бармағаны жөн емес.

5260


5270

5280


252

253


қобыланды батыр

есебі жоқ дұшпаннан

Жүрегі қайтар ер емес.

ат құйрығын үзеді,

Жекпе-жекке Қобыланды

енді қарсы жүреді.

шоңғараның келбеті,

Қобыландыдан ірі еді.

шоңғара батыр алар деп,



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   24




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет