«Мәдени Мұра» МеМлекеттік бағдарлаМасының



Pdf көрінісі
бет15/24
Дата21.02.2017
өлшемі1,15 Mb.
#4615
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   24

Қару-қапшық мінген ат,

олжамызға қалар деп,

Қалмақтар шулап күледі.

Жекпе-жектеп желісті,

келе кел деп келісті.

көңіліндегі жауабын

бір-біріне берісті.

Қалмақтың ері сөйледі:

—Қобылан құрбым, замандас,

Хан барсаның құралын

ешкім бұзып ала алмас.

бізге келген батырлар

еліне қайтып бара алмас.

сен Қобылансың адасқан,

біздерменен таласқан.

алыс сапар жол жүріп,

бізді алам деп мол жүріп,

сіз ақылдан адасқан.

батырсынған немесің,

алыс жерден келесің.

Қор еткенмін талайдың

он екі мүше денесін.

батырсынып, ерсініп,

Өзіңе-өзің сенесің.

күнің жақын таянып,

Қаһарлансам өлесің.

Жасың кіші жас жігіт,

кезекті маған бересің.

—Үлкенсің, сізге батыр сендім,—дейді,

айтқан жолды сөзіңе көндім,—дейді.

болған соң жасы үлкен жолды жерге,

5290

5300


5310

5320


254

батырлар жыры

ей, батыр, кезегіңді бердім,—дейді.

Қобыланды айтқан сөзге сеніп қалды,

батырдың айтқанына көніп қалды.

Жүрегі ер Қобыланның сескенсін бе,

кезекті шоңғараға беріп қалды.

бұл қалмақ салтанатты, батыр сәнді,

Қолына екі батпан шоқпар алды.

шамданып, айбаттанып жетіп барды.

—берік бол, батыр Қобыланжаным,—деді,

ашумен қатты келді арым,—деді.

шоқпармен қаһарланып бір ұрғанда,

тәніңнен көтерілер жаның,—деді.

Қайтпайтын сонда Қобылан барып қалды,

көтеріп төбесіне қалқан алды.

шоңғара қақ басына салып қалды,

шоқпарды қолымен тез қағып алды.

Мінекей ер сыналар жерге келді,

кезекті қалмақ Қобылан ерге берді.

Қалмақтан алған шоқпар қолда тұрды,

Қарады олай-бұлай мойнын бұрды.

толғанып қарсы алдында тұрған ерді

ер Қобылан қаһарланып төбеге ұрды.

Қалмаққа ұрған қару тиді қатты,

Құлатты шоңғарамен бірге атты.

айбатты көресінді ер шоңғара,

Жан кетіп ұзынынан сұлап жатты.

сансыз жау Қобыландыға қойды атты,

шуласып бірі қалмай, бәрі шапты.

Қоршалап Қобыландының айналасын

Қалмақтар еркінсініп қамап апты.

ақ семсер беліндегі суырып ап,

таймады, қарсыласып жауға шапты.

Қобыланды келген жерден кескілесіп,

бастарын талайының шөптей қақты.

бес қаруын белсеніп,

батыр жолын ашады.

араласқан шағында,

берекеті жаудың қашады.

Қиядан келген қалмақты

5330


5340

5350


5360

254

255


қобыланды батыр

Қиырдан болжап атады.

тоқтайтұғын садақ жоқ,

Қабатынан батады.

әр оғының ұшымен

әр жауларды шатады,

Қанын судай шашады.

Қабат-қабат келгенін

Қабатынан атады.

енді жаулар сасады,

шаһарға қарап қашады.

көзді ашып-жұмғанша,

тобығы меңді торымен

Қала жағын тосады.

ақырғанда дауысы

Жүрегін жаудың жарыпты,

Жер өмірге барыпты.

тобығы меңді торымен

Қала жағын алыпты,

Жолын тосып қалыпты.

Қалмақтар сасып, зар жылап,

Қайғыға жаны жаныпты.

бет ашыққа шығарып,

Қобыланды қимыл салыпты.

алмаспенен талайын

Жақын келсе қағыпты.

шашау шыққан жауларды

найзаменен шанышты.

Қаласынан шығарып,

кеңге бетін салыпты.

күн көретін жері жоқ,

шулап қалмақ зарықты.

Жылға-жылға сайлардан

Қан сарқырап ағыпты.

Қалаға қашар күні жоқ,

Қарсы келер Қобыланға

осы жаудың бірі жоқ.

тура келген қалмақтың

Қарсыласар бірі жоқ.

Қашқан жауға қатын ер

5370

5380


5390

5400


256

батырлар жыры

Қаруының міні жоқ.

суырып алды алмасты

күшке күші жалғасты.

Жанын сақтап қашып жүр,

біреуі қарсы бармас-ты.

кездескен жаулары, 

сірә, тірі қалмас-ты.

Қалмақтар шулап жылайды,

сарыжадан шыққан оқ

ұшқан құстай парлайды.

Қалмақтардың ерлері

оқ ұшында тулайды.

күні-түні бәрібір

Қырудан жауды тынбайды.

Қашып жүрген қалмаққа,

садақ тартып қарады.

алыстағы жауларға,

Қабаттап өтіп барады.

талайдың жетті ажалы,

тапты жаулар қазаны.

олар қой да, бұл бөрі,

бөріктіріп барады.

Қобыланды күшін жияды.

тоқтарбайдың шырағы

пірлерден медет сұрады,

Жау қыру мақсат мұрады.

Қия келген қалмақты

алмаспен шауып қияды.

ұрысқан сайын көркейіп,

ажары артты, сияғы.

Қызыл қанға боялды,

алмастың өткір қияғы.

Қара қанға шылқылдап,

боялды тұлпар тұяғы.

Қабағынан қар жауды,

Мұртына мұз тоңды,

Мұздай темір құрсанды.

Қаһарланып долданды,

Қылыш, болат қолға алды.

5410


5420

5430


5440

256

257


қобыланды батыр

Өткізбейтін сайлардан

адамнан бөгет жол салды,

суырып садақ қолға алды,

сапары ердің оңдалды.

Қиратып жауды еңсерді,

сансыз жауды төңкерді.

ерлігіне ел сенді,

ашуланып тербенді,

тербенсе, жаулар жерге енді.

Қобыландыда өнер көп,

көздеп атқан мерген-ді.

батыр болсаң сондай бол,

Жауға қайғы, шер берді.

толғап оғын ырғайды,

кездессе де қара тас

оғы тоқтап тұрмайды.

бесті асаудай шыңғырып,

талайлары тулайды.

тірілері еңіреп,

Өксіп жылап, шулайды.

тебінгіден тесе атты,

Үзеңгіден кесе атты.

бір атқанда бес атты,

Үсті-үстіне жеті атты.

Қабаттасып келгенін,

Қабатынан матапты.

әр оғының ұшымен

батырларын шатапты.

ұршықтайын үйіріп,

Қынаптан алмас суырып,

Жүрегі қайтпас айбатты ер,

пірлеріне сиынып.

сайлардан аққан қандардан

сай тасады құйылып.

Қарауыл қарап ер барса

Қайратын болжап сынап тұр,

көзінің жасын бұлап тұр.

«Мына Қобылан есер,—деп,

Халқымды әлек етер»,—деп,

5450

5460


5470

5480


258

батырлар жыры

еңіреп, өксіп, жылап тұр,

Құртарын Қобылан біліп тұр.

барса білмей не қылсын,

ықпалы ердің жүріп тұр.

Қайғыменен қан жұтып,

батыр барса күйіп тұр.

ақылы көп антұрған

Қобыландының құртарын

көңілмен аңдап түйіп тұр.

торыға қамшы ұрады-ай,

салды жауға былағай.

талайлары құлады-ай,

талайы жүр жылап-ай.

айбатына Қобыланның

Қалғаны қашты шыдамай.

тобығы меңді торымен

«ә» дегенше Қобыланды ер

алдын орап шығады-ай,

Жаудың жанын сығады-ай.

Қашуға жоқ амалы

ар жағы аспас биік тау,

бір түкпірге тығады-ай.

апта толық күн болды,

соғысқанның арасы

Жеті күн болды шамасы.

тоқтарбайдың баласы,

ерлердің күшті данасы,

Құрыды жаудың шарасы.

алыс кеткен халқынан

көп қалмақтың арасы.

ықыласпен тыңдаңдар

Жырдың рас тазасы.

Хан барсаның елінен,

Құрыған жері, шарасы.

ер қайраты асқан жер,

торыға қамшы басқан жер.

Жаулардың қырғын тапқан жер,

дұшпанды қайғы басқан жер,

Қандарын судай шашқан жер.

5490


5500

5510


5520

258

259


қобыланды батыр

Қобыландыға кездесіп,

Қалмақты қайғы басқан жер.

Қырын келген жауларды,

Қиядан көздеп шанышқан жер.

батыр Қобылан білікті,

Мінезі кең, сүйікті.

Жауға салған бүлікті,

Қайғыға дұшпан күйіпті.

тап сегіз күн дегенде,

төңірекке көз салып,

Қобыланды байқап тұрыпты.

Жан-жағына қараса,

Қырғын тапқан жан көрді.

келте-келте сайлардан

ағып жатқан қан көрді.

Өз қырғанын Қобыланды ер

ойлап тұрып таң көрді.

Құлағын салса шаһарға,

еңіреген зар болды.

Құлағына шулаған

Мұңын айтқан ән көрді.

Қобыланды ер көресінді салтанатты,

ер жүрек, бір басына қонған бақты.

Қараса шөптің түрі қызыл ала,

Жердегі жатқан нәрсе қанға батты.

көз түспес жердің жүзі өлімтіктен,

Қалмақтар қиындасып құлап жатты.

Қобыланды алам деген қалың жау бар,

Қырғынның тап осындай дәмін татты.

айрылып құралынан, әскерінен,

ер барса қасіретпен қайғы тартты.

зауал күн халқыма төнді ғой деп,

көзінен зар еңіреп жастар ақты.

шыққанына тоғыз күн,

батыр тамақ татпаған,

ұйықтамай кірпік қақпаған,

айбатын ішке сақтаған.

батыр болсаң сондай бол,

дұшпанды жерге таптаған.

5530

5540


5550

5560


260

батырлар жыры

шығыршықты көк найза,

Қарағайға саптаған.

сансыз қолды жоқ қылды,

тоғыз күнде қаптаған.

кішіпейіл ер еді,

Мықтымын деп саспаған.

тәуекелі тағы артық,

Жалғыз жүріп саспаған.

алшағырдың намысын

сол досының ары үшін,

ежелден кекті жау үшін,

әперем деп намысын,

Қобыланды мықты арланған,

Қаһарланып шамданған.

Қаптаған сансыз қалың жау,

Қырғын тауып зарлаған.

Қаладан шыққан көп жауды

Қаласына жібермей,

Қамап қырып қандаған.

Қаласына тығылып,

Қалғаны жаудың сау қалған.

көптен бері тыным жоқ,

ұйқыдан қатқан қабағы,

он күн болды шамасы.

он күнде ердің жегені,

бес жалпақ нан тамағы.

Қатқаннан соң қабағы

көлде қалған жолдасқа,

Қобыланды қайтып барады.

аты да арып, терлеген,

батыр еді еңіреген,

көптен ұйқы көрмеген,

ұйқыдан шаршап меңдеген,

таңдайы қатып шөлдеген.

күндіз-түні соғыспен

батыр тыным көрмеген.

—о, қырық жолдас, қырық жолдас,

Қатып келді қабағым,

Қарным ашып жүдедім,

5570


5580

5590


260

261


қобыланды батыр

даярлаңдар тамағым.

Қарсы шыққан қалың жау,

тарылтып шыққан қалың жау,

тарылтып қайттым заманын.

осы күндіз, түнімен,

ертең тыным аламын.

екі күннің соңынан

тағы да жауға барамын.

Қолда тізгін бар болса,

кеудеде жаным сау болса,

тағы жауға шабамын.

уәде еткен досыма

басын кесіп барсаның

тартуға алып барамын.

ердің бағы ашылмас,

тәуекел етіп жол жүрмей.

ердің жолы болмайды,

шын тілекпен оң жүрмей.

ер мақсаты бола ма,

дұшпанның отын сөндірмей.

болмайды ердің мақсаты,

Қарсыласқан дұшпанның

Жарық күнін өшірмей.

сендерге жолдас мен едім,

Қырық жолдасым сен едің.

алшағырдай досыма

Қалмақтың ері барсаның

әкелем басын деп едім.

апарып басын бермесем,

ер басыма қиын-ды.

алшағыр маған қиылды,

досым салды бүйімді,

Қобыланды, бар деп бұйырды,

тайбурыл мен торша ат,

досым үшін мінгенмін.

бадана көзді бек сауыт

алшағыр үшін кигенмін.

уәде еткен досымның

Жұмсауымен сансыз жау

5600

5610


5620

5630


262

батырлар жыры

соның үшін тигенмін.

атқа мініп шыққаннан

аларымды білгенмін.

айбат шаштым ақырып,

Жауға шаптым жапырып,

Қанын судай сапырып.

көп өтінді алшағыр

барсаға кеткен ар үшін,

аяғыма бас ұрып.

бапқа түскен мен Қобылан,

күшке мұнан да асармын,

барсаның көңілін басармын.

садақ толы сар жебе

ертең жауға атармын.

Өктемсінген барсаның

екпінді көңілін басармын.

Қанға қолым тиген соң,

Жау ішіне енген соң,

бармай неғып жатармын.

көңілімде айтар мүддемді

Қартқожақ пен нұрғожа

Құлағына саламын.

ертең жауға барамын,

тағы бару талабым.

Жақсылық пен жамандық

әркімге ортақ деп еді,

ескіден нақыл сөз еді.

Қалмақтың басы хан барса

адамда мықты деп еді.

айтулы ердің өзі еді,

Мақтауға толық сөз еді.

ерден ердің қаупі бар,

Маңдайында екі көз,

бақыраштай деп еді.

ажал жетсе қалармын,

Жоғары болса бақытым,

Мен барсаны алармын.

тәуекел еткен батырмын,

ажалды күнім таянды,

5640


5650

5660


5670

262

263


қобыланды батыр

Қайда да қаза табармын.

Қартқожақ сонда сөйлейді:

—Жалғыз кеттің, Қобыланды,

көмекке бізді алмадың.

Қасыңдағы қырық ердің

Қайтесің деп, Қобыланды,

Құлағына салмадың.

сізбенен бірге бармадым,

бітірмеймісің, Қобыланды ер,

Қырық батырдың арманын.

—Қасымдағы қырық ерім,

арманда болма сен,—деді,

Өкпе айтқаның нең,—деді.

тар жол, тайғақ кешуде

Жүректерің кем,—деді.

Жазым болса біреуің

көңілі өсіп қуанар,

арсыз қалмақ елі,—деді.

сендерге нұсқап айтқаным,

Жалғыз кеткен бұл жауға

Қобыландының жобасын

осы қалмақ қиын жау,

барсаңдар азып, тозасың.

Қасыңдағы Қобыланға,

Жолыма бейнет боласың.

Өкпелеме, қырық жігіт,

сендер мұнда қаласың.

тобығы меңді торыны

бұл сапар мінбей тастаймын,

батырлар, күйлеп бағасың.

Жауға ететін зәрім бар,

дұшпанға жетер әлім бар,

Мен келгенше торыны

Жақсылап күйлеп бағыңдар.

тоғыз күнде келмесем,

Қанша мықты десең де,

Қобыландыға жазым бар.

Жәрдем берсе панамыз,

Қорғаншы болса бабамыз,

5680

5690


5700

5710


264

батырлар жыры

тоғыз күннің ішінде-ақ,

барса ханды аламыз.

тоғыз күнде келмесем,

он төрт күн бағып қараңыз.

ұмытып қалып сөзімді,

Жолдастар, болма бейхабар,

он төрт күннің ішінде

ер Қобыланың жауды алар,

барса келмес ханды алар.

балдағы алтын ақ қылыш,

Жақсылық болса сапарым,

балдағынан бал тамар.

Қиыншылық жер болса,

Қылышымнан қан тамар.

балдағынан бал тамса,

Қобыландыны келді біл.

Қылышымнан қан тамса,

Қобыландыны өлді біл.

көк қылышты бағыңдар,

Қан тамса менде жазым бар.

балдағымнан бал тамса,

ер Қобыланың сау болар,

Мені күтіп алыңдар.

тайбурыл атпен тайпалтып,

Жүрейін күннің оңына,

беліме алмас буынып,

алайын қару қолыма.

талай жауды қираттым,

Қабыл болса сапарым,

Мен барсаның сорына.

болжауым қайып болмаса,

Қалмақтың түспес қолына.

уәдем сізге осылай,

Қырық жолдас досым-ай.

торы атты күйлеп бағыңдар,

Мен келгенше аман бол,

күтіп ал мені, тосып ал,

Қасымдағы қырық батыр,

Қобыланды жалғыз кетті деп,

5720


5730

5740


5750

264

265


қобыланды батыр

бізді тастап нетті деп,

аталы жау бұл қалмақ

Қазақпенен кекті деп.

Қасымдағы жолдастар,

ойлаймыз ба болмасақ

Қызғаныш бізден етті деп.

сансыз қалмақ нөсерлеп,

Қасымдағы қырық жолдас

ойлады ма болмаса,

аяушылық еткені.

Қаптаған жаудың ішінде,

арманда болып кетер деп,

нұрқожа батыр жырлайды.

Қасындағы жолдастар

айтқан сөзін тыңдайды.

Қартқожақпен екеуі

ақылдас, сырлас ыңғайлы.

—Қобыландының мұнысы,

ақылдың тура дұрысы.

Қасындағы қырық жігіт

шыны жолдас білісі.

бізді жолдас етпеген

осы ақылдың дұрысы.

Қалың соғыс ішінде

Қырық жігіт нетті деп,

алаң болып Қобыланды

кетер еді тынышы.

Қобыланмен күш қосып,

о, қырық жігіт, қырық жігіт,

ұрысуға шараң жоқ,

Қобыланмен қатар адам жоқ.

аяушылық еткені—

көңілінде алаң жоқ.

арықтаған торыға

Мақпалдан жабу жабайық,

торыны жақсы қарайық,

Жал-құйрығын тарайық.

бір тілекте тілесіп,

Қобыландыны күтіп алайық.

5760

5770


5780

5790


266

батырлар жыры

сүйтті де қырық батыр ақылдасты,

бұл сөзін нұрқожа ердің мақұлдасты.

Қобыландыны келгенше күтпек болып,

уәде байлап өңшең ер шапылдасты.

батырдың торшасы күйленсін деп,

Қобыланды ердің торыша атын бақты.

тайбурылы мінгені,

дулыға сауыт кигені,

беліне семсер ілгені.

тайбурыл атты күйледі,

Жануар бойын биледі.

ойлау жерден ырғытып,

Қырлау жерден сырғытып,

Құйындайын құйғытып,

Қайшылатып құлағын,

тайбурылды шұлғытып,

бір құлағын тігілтіп,

бір құлағын жығылтып,

аққан жұлдыз секілді

Қобыланды жүрді сырғытып,

көріп қойған көк зеңгі

тау қабақтап желіпті,

Қарауыл қарап жеріне,

батыр Қобылан келіпті.

әйел, еркек жиылған,

көп халықты көріпті.

тау басына барыпты,

Қарауыл қарап Қобыланды ер

алысқа көзін салыпты.

кеше көрген бір оба,

екеу болып қалыпты.

ар жағында обаның

әйел, еркек көп әскер

бекініп олар тұр екен.

Қалғанын жиып халықтың

барсаның шыққан күні екен.

әлі де жаулар көп екен,

Жиыл деген халқына,

барсаның әмір сөзі екен.

5800


5810

5820


5830

266

267


қобыланды батыр

екі обаның біреуі

нән барсаның өзі екен.

батыр Қобылан көреді,

Қараобаның бауырынан

Жылтырайды қос нәрсе,

ол барсаның көзі екен.

будақтап түтін шығады,

Мұрнының тыныс лебі екен.

Қобыланды елін шапқан соң,

барсаның кеткен тынымы.

ақылынан айрылған,

ойында жоқ білімі.

сырғауылдан кем емес,

батырдың тартқан шылымы.

Қобыланды болжап тұрады,

Қыпшақтың батыр шырағы.

шылым тартса ер барса,

Моржадан шыққан секілді

будақтап түтін шығады.

Қобыланды жақын барыпты,

Жақындап келіп қалыпты.

айбатына батырдың

Қобылан көзін салыпты.

әжептәуір ажары,

Қобылан аң-таң қалыпты.

Қотыр-қотыр ажары,

көз салып Қобылан қарады.

көрген шақта барсаны

Қобыланның қайтты қажары.

батыр барса қарады,

Қобыландыны көрді де,

Қатты айғайға салады.

ақырғанда дауыспен

Қара тасты жарады.

екпінінен тыныстың

тастар ұшып барады.

Қобыланды деп ақырды-ай,

Қорқар Қобылан ер емес,

Қасына келді жақындай.

5840

5850


5860

5870


268

батырлар жыры

бет ажарын қараса,

таудың қотыр қара тасындай.

кеудесіне көз салса,

келбетті туған нән екен,

Мұрны Құсмұрын таудың басындай.

Өктем туған өзі бар,

Мақтауына сиятын.

келбетті келген жөні бар,

бақыраштың аузындай,

Маңдайында екі көзі бар.

айбатты барса келбетті,

сескенбейтін сербетті,

ажары жаман көр бетті.

Қобыландыны көргенде:

—бермен жақын кел,—депті.

Жаныңды алар ер барсаң,

осы тұрған мен,—депті,

отырған жерім отаудай,

тұрайын, бәлем, көр,—депті.

келбеті күшке жарасқан,

барса тұрған шағында,

Қанша мықты десек те,

ақылдан Қобылан адасқан.

бұл барсаның бойы бар,

биікпенен таласқан.

адамның мықты алыбы,

шыны дәудің өзі екен,

ауызға толы сөз екен.

сияғын барса көргенде,

Қобыландының сасқан жері екен.

Қобыландыны көріп ақырды:

«бермен кел»,—деп шақырды.

ақырғаннан Қобыланды ер

«Қайтемін» деп сасулы.

ақырғанда лебінен

ұсақ тастар шашылды.

«Қалай да болса бір жұмыс,

кездесті ғой маған,—деп,

тәуекел керек батырға.

5880


5890

5900


5910

268

269


қобыланды батыр

Қалай да болса барам,—деп,

болжаулы іс өтпес пендеден,

Мына дүние заман,—деп.

кемшілік болар басыма,

барсадан қорқып сасқаным.

ерлігіме мін болар,

Жанымды қорғап қашқаным.

Өлім келсе өтермін,

Қайырлы болса сапарым,

Мақсатыма жетермін.

Қара обадай барсаның

оңдаса басын кесермін.

Қазам жетер күн болса,

Мен ажалға не етермін.

ажалға бар ма амалым,

Жекпе-жекке барсаға

Қалай да болса барамын.

кесілмесем қарымнан

айрылмасам барымнан,

Қара обадай барсаның

кәзір-ақ басын қағамын».

айбатын шашып ақырды,

барсаға Қобылан келеді,

екеуінің кездесіп,

ұрыс салған жері еді.

Жасы үлкен барса хан

кезегімді бер деген,

Қобыланды кезек береді.

сонда барса сөйлейді:

—белге арқан шалалық,

екеумізге тең ортақ

аударысып қаралық.

берік болса уағда,

болмасын бізде шалалық.

ат үстінен алысты,

Құшақтасып екеуі

аударысты салысты.

белге арқан шалыпты,

тартысысып қалысты.

5920

5930


5940

270

батырлар жыры

Үзеңгісін шіреді,

табанын ерлер тіреді.

шашасынан жоғары

астындағы аттардың

тұяғы жерге кіреді.

алыстары үдеді,

тартысқанда белбеуін

екеуі де үзеді.

көргендерге таң болды,

алысқан жері ерлердің

бұрқыраған шаң болды.

бірін-бірі ала алмай,

екеуіне де ар болды.

не қыларға біле алмай,

екі батыр дал болды.

белге буды шідерді,

бірін бірі сынасып,

Жаннан үзді күдерді.

екі батыр ақырып,

Жауатұғын бұлттай

Қабақтары түнерді.

аттан түсе қалысты,

бір-біріне жабысты.

бермейміз деп намысты,

екеуі күрес салысты.

бірін-бірі ала алмай

шаршап ерлер шалықты,

шаршағаны анық-ты.

барса сонда сөйледі:

—Қобыланды батыр сен едің,

Өзімнен төмен деп едім.

Мен сынадым Қобыланды,

артық күшке беренім.

Мақұлдасаң, Қобыланды,

Қаруменен жұмсасып,

кезектесіп көремін.

Жасың кіші болса да,

Халқыма келген қонақсың,

саған кезек беремін.

5950


5960

5970



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   24




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет