|
6680
288
289
қобыланды батыр
Құлағына салалық.
біз баратын жер емес,
Мақұл көрсе Қобыланды
Жолдас қылып алалық.
Қобыландыға бармасақ,
Жолдас қылып алмасақ,
бізге қиын осы жау,
тірі тұрған барсаны
алыстан болжап аңдасақ,
кел, Қобыланға жетелік.
тірі екенін барсаның
батырға баян етелік.
Құр тұрудан пайда жоқ,
бұл арадан кетелік.
осы көрген мәністі
батырға баян етелік.
Қобыланға егер бармасақ,
Қиындық болар, жолдастар.
көтеріп тұр бір қолын
атаңа нәлет ер барса,
көзбенен байқап аңдап қал,
оң қолында алмас бар.
Қарауыл салған күні екен,
Өлмегені шын екен,
көтеріп қылыш тұр екен.
батырсынып жүрсек те,
бізге қиын сын екен.
оған бару қиындық,
сірә, бізге мін екен.
кел амандықта кетелік,
Қобыландыға жетелік,
ішке кіршік сақтамай
көргенді мәлім етелік.
тірілігін барсаның
батырға айтып көрелік.
басшы қылып Қобыланды
Қайта айналып келейік.
Қобыланды онда, біз мұнда,
Қобыланды қалып кейінде,
6690
6700
6710
6720
290
батырлар жыры
біз батырмыз демейік.
алда қандай заман бар,
бақыттан ерлер көрейік.
Мақұлдасып баршасы
Қобыландыға қайтып жөнелді.
кеңшілікте жүргенде,
бәрі батыр, ер еді.
шаһарға келген қырық ердің
кейін қайтқан жері енді.
алмастары белінде,
кигені сауыт беренгі.
Жатқан жері Қобыланның
елсіздегі көл енді.
Қырық ер де кем емес,
айлалы батыр өнерлі.
Құр кеудеден қорқып,
Қайтқан жері сол еді.
бедеу атпен желісті,
көлге қайтып келісті.
Қартқожақ пен нұрғожа
Қоста қалған Қобыланға
көргенін айта берісті.
Қайтпас батыр ер Қобылан
Қырғаны жауды шын екен.
Жердің жүзі қызыл қан,
судай қалқып тұр екен.
дарбазаның аузында,
атаңа нәлет ер барса,
көтеріп қылыш тұр екен.
барса тұр аман елінде,
Өлтіргенің кім екен?
барса тірі тұрған соң,
бізге бару сын екен,
Қырық еріңе мін екен.
шын көзбенен көргенбіз,
Жақындап келіп төнгенбіз.
Қарауыл қарап тірі тұр,
болжап көріп сенгенбіз.
бізге бару жөн емес,
6730
6740
6750
6760
290
291
қобыланды батыр
Қасыңдағы қырық жолдас
сенімен біздер тең емес.
Өзің бастап жүрмесең,
баруымыз жөн емес.
—о, қырық жігіт, досым-ай,
бітірген ісің осы ма-ай?
Жақсының ісі жария,
Жаманның ісі жасық-ай.
Құр кеудеден қорқып,
келіпсің сендер қашып-ай,
батыр емес, жасық-ай.
тірі тұр деп барсаны
келіпсің қорқып басынай.
Қорыққаннан аңдамай,
келіпсің қате қапыл-ай.
сендердей жаман жолдастан
артық шығар, сірә да,
елдегі қалған қатын-ай.
дірілдеп қашып келіпсің,
дарбазаның аузында
барсаның кеуде, басына-ай.
атты күйлеп мінелік,
сендерге олжа, мал керек,
тезірек жауға жүрелік.
не бар, не жоқ шаһарда,
аралап байқап білелік.
Өзім-ақ бастап барайын,
сендерменен бір жүріп,
шаһарды аралап қарайын.
алшағырдай досыма
уәде еткен сөзім бар.
Қалмақтың ері барсаның
басын алып барайын.
басын алып бармасам,
сын тағылар сөзіме,
Мін болады өзіме.
уәдем, Қобылан, қайда деп,
айтар досым көзіме.
лайықпен барайын,
6770
6780
6790
6800
292
батырлар жыры
шын досымның еліне,—
деді де Қобылан шаттанды,
Қырық жігіт жолдасы
ер барсаның еліне,
тағы да ерлер аттанды.
Қобыланды бастап жөнелді,
енді шаһарға келеді.
ілулі тұрған барсаның
Қасындағы қырық жігіт
кеудесін өлген көреді.
Қасындағы қырық ердің
осы ұялған жері еді.
азаматын шаһардың
батыр Қобылан жияды.
ортасында халықтың
Үгіт айтып тұрады.
Қол қусырып Қобыланға
көп қалмақтың халқы
Қызмет етіп тұрады.
Үгіттейді халықты
ұлықсат елден алыпты.
Қобыландының сөзіне
түсініп қалмақ қаныпты.
кеудесінен барсаның
басын кесіп алыпты.
бұрынғы жатқан көліне,
батырлар қайта барыпты.
алтын менен күмістен
Қасындағы қырық жолдас
көтергенше алыпты.
амалы бар ма қалмақтар
ырзалықпен көніпті.
Қырық батырдың керегін
сұрағанда беріпті.
алтын, күміс олжамен
Мекен еткен көліне
батырлар аман келіпті.
әлқисса, Қобыланды батыр қырық жолдасын қасына шақырып алып:
6810
6820
6830
292
293
қобыланды батыр
«елге қайтатын уақыт болды, енді тезірек жетудің жабдығын істелік»,—
дейді.
алшағырға Қобыланның
уәде еткен сөзі еді.
«аман болсам алты айда,
Мен келермін,—деп еді.
алшағырдай досыма
уәде еткен серт еді.
Мен алты айда келмесем,
заманым қайып,»—деп еді.
әлқисса, алшағыр өзінің досы Қобыландыға берген уәдесі бойын-
ша Қарақыпшақ елін алты айға дейін бағады. дәулетіне қызықпайды.
батырдың тапсыруы бойынша елді қорғап отырады. Жеті ай өтеді, сегіз
айдың жүзіне ауады. Қобыландыдан да, барсадан да хабар болмайды.
енді алшағыр ойлайды: «Қобыланды өлген екен,—дейді,—барсаға
барған адам келмеген соң оның атын барса келмес деп қойып еді. бұл
сапардан Қобыланды аман қайтпайды. осыншама кешігуіне қарағанда
Қобыланды өлген шығар, барсаның қолынан қаза тапқан болар»,—деп
ойлайды.
осы оймен алшағыр Қарақыпшақ елін шабады. тоқтарбайды құл,
аналықты күң етеді. Қобыланның қарындасы Хансұлуды отыз төре,
қырық бегінің тартқан шылымын өшіретін етіп қояды. сұлу аққұртқаны
өзі алмақ болады.
ақылдасып ойласып,
отыз төре, қырық бегі
бірге сырлас жолдасын,
тілегі бірге қолдасын,
Хан шақыртып жияды,
Жолдастары келген соң,
әңгімесін құрады.
«не жөнменен шақырттың?»–
деп төрелер сұрады.
—әркімге де жолдастар
ақылдас, сырлас тең керек.
азамат басы құралып,
ақыл табар ер керек.
6840
6850
294
батырлар жыры
уәдені байласып,
бағдар менен жөн керек.
Қарақыпшақ елінен
шыққан Қобылан ер еді,
Қайтпайтын қайсар сер еді,
көрсеткен зәбірі көп еді.
бүлік салған халқыма
сол Қобыланның өзі еді.
біздің халық қалмақтың
зәбірі көрген көп еді.
дұшпан ерге бір кесел,
душарласар деп еді,
айламенен арбадым,
Қобыландыны алдадым.
баршаңыз да білесіз,
ер барсаның еліне
алдауменен барғанын.
айтпаймын сөздің жалғанын.
ақылменен байқаймын,
елінде барса қалғанын.
Өздерің де білесің,
алты айда қайтып келем деп,
Қысқа срок алғанын.
алты ай деп кесті срокті,
алты ай түгіл жыл өтті.
Жібергенге барсаға
тілеп едік тілекті.
Қорлығы естен қала ма,
Халқымызды жүдетті,
кеткеніне Қобыланның
сегіз ай бүгін шын өтті.
батырсынып желігіп,
ерлігіне сенген-ді.
дос деп маған алданып,
айтқаныма көнген-ді.
Қобыланның күні өткен-ді,
Қалмақтың басы ер барса
Мақсатына жеткен-ді.
барған адам қайтпаған
6860
6870
6880
6890
294
295
қобыланды батыр
барса батыр өктем-ді.
Қанша батыр болса да,
барсакелмес берен ер
Қасықтап қанын төккен-ді.
Мақұл көрсең, би мен бек,
отырмайық қарап тек.
Қобыланнан көрген қорлық көп,
елін шауып Қобыланның,
енді алалық жаудан кек.
кел қыпшақты шабалық,
шауып кекті алалық.
сексеннен асқан әкесін
Қой соңына салалық.
Қобыланды келер деймісің,
алпыстан асқан шешесі
бұған да қорлық берелік.
атаңа нәлет қыпшақтың
Құлатайық қаласын.
Жылатайық баласын,
тарттырайық сазасын.
кеткеніне көп болды,
Жеткізген шығар хан барса
Қобыландының қазасын.
алшағырдың сөзіне
аламан халқы көніпті,
Ханға беріп ерікті,
азаматы желікті.
алшағырдың айтқан әмірін
Халқы жақсы тыңдады,
әмірін екі қылмады.
Құралды әскер шәрінде,
сарбаздарын жинады.
шабамыз деп қыпшақты
Қол көтеріп шулады.
батырлары, ерлері,
түрлі қару қолға алып,
Құралды әскер қыпшаққа
шабуға шықты долданып.
ашу тұтып шамданып,
6900
6910
6920
6930
296
батырлар жыры
әскерлер шықты арланып.
ту көтеріп шабуға
шыққан екен қамданып.
күн шыққанда көп әскер
түгел атқа міністі.
Қауып ететін адам жоқ,
Қуанысып жүрісті,
бес қарудан ілісті.
Жарқылдатып қылышты
Жирен Қопа көліне
тоқтарбай қарттың еліне
Жаушылықпен жүрісті.
ұлы сәске болмай-ақ,
Жүрген жерін шаңдатты.
аталы дұшпан қалмақтар
Қыпшақты шауып алмақ-ты.
келе елді қиратып,
Қатын менен баланы
еңіретіп, зарлатты.
Қарсы тұрар адам жоқ,
Қобыланның елін шабады.
әне-міне дегенше,
айпап, жайпап алады.
Қыпшақтың бар ма амалы,
Қалмақтан келген батырлар:
«көшің» деп үкім салады.
Қарақыпшақ ауылын
көшіріп кетіп барады.
аққұртқа мен Хансұлу
Жасырып қағаз жазады.
көрген қорлық баршасын
ақ қағазға сызады.
иесіз қалды көлің деп,
бүлікке түсті елің деп,
көрген қорлық баршасын
Жазған хатқа салады.
Жасырынып аққұртқа
терегіне барады,
бұтағына таңады.
6940
6950
6960
6970
296
297
қобыланды батыр
амал бар ма қыпшақтар
Қорыққаннан көніпті.
алшағырдың әскерлер
Қыпшақты айдап келіпті.
отыз төре, бегіне
алшағыр ханның өзіне,
шабылған елді беріпті.
әскерлері сүйік-ті,
алшағыр хан білікті.
аналық пен тоқтарбай
Жылағанын көргенде
алшағыр залым күліпті.
тәртібін патша тағы етті,
Хансұлуға тағы да
Үкім салып кәр етті.
баршасына қыпшақтың
әмір салып, зар етті.
кең дүниесін халықтың
алшағыр хан тар етті.
кетірді қыпшақтың тынымын,
Қыпшаққа салып бүлігін.
тәртіп етті тағы да,
Хансұлу нашар балаға.
отыз төре, қырық бегі
сөндірсін деп шылымын,
кетірді қыздан тынымды.
Қыпшақ жаннан түңілді,
амалы бар ма халқының.
кәріп болып дүниесі
Қыпшақтың елі бүлінді.
Хансұлу нашар жас бала,
ұйқы да жоқ, күлу жоқ,
сөндіріп жүр шылымды.
кеш болғанда Хансұлу
сүрініп, шаршап құлады.
Қарындасы Қобыланның
ардақтап баққан шырағы.
сөнбей қалса бір шылым
штраф деп сол қызға
6980
6990
7000
298
батырлар жыры
он шыбықтан ұрады.
заманның қиын қараны,
көзінің жасы егіліп,
омырауға ағады.
сөнбей қалса шылымы,
он шыбық айып салады.
Жас шыбықпен ұрғанда,
бишара естен танады.
Қатты жүдеп қамығып,
Мезгіл-мезгіл талады.
—сұлу Құртқа жаран,—деп,
сені сұлу бағам,—деп,
сенің көңлің табам,—деп,
Менен болма алаң,—деп,
лайықсың маған,—деп,
алшағыр хан мен едім,
ару Құртқа сен едің,
сірә, маған тең едің,
саған теңдік беремін.
Қосылуды сізбенен
Мен лайық көремін.
шыдамайды жүрегім
сұлу Құртқа сен десе.
көңілімді айтам, аққұртқа,
алшағыр маған тең десең.
Қатты қалар көңілім,
айтқан сөзге көнбесең.
Қиын болар ханға да,
ықылас көңілің бермесең.
Қуанышты замана
көңілімдегі мүддемді
сізге айтып қарадым.
Қабыл көрсең мұнымды,
Құртқа, сені аламын.
бұл сөзімді қош десең,
төрелер мен бегіме
келсін деп хабар саламын.
Қабыл көрсең мұнымды,
айтқанмын шыным сырымды.
7010
7020
7030
7040
298
299
қобыланды батыр
білсең, Құртқа, пұлымды,
ел шақыртып той етіп,
Қызық етер күнімді.
айтып болдым, Құртқажан,
ғашықтық көңіл сырымды.
Қосылғанша мен қашан
күйіп ішім қызынды.
сәулетті, нұрлы сен едің,
Халықтың ханы мен едім.
Менімен Құртқа тең едің,
ғашық болған патшамын,
тез қосылсам деп едім.
Халықты жақсы бағуға,
төресі әділ хан керек.
елге қорған болуға,
Қайтпас батыр паң керек.
біздей сұлтан патшаға
сіздей ару жар керек.
шыны жедел еткен соң,
кім-кімге де ар керек.
көңілдегі мүдде сөз,
сырменен айттым барымды,
кімдер әуес көрмейді,
сіздей сұлу ханымды.
сені алғаным, аққұртқа,
көрік пенен сәнімді.
ықыласым құлады,
төкпейсіз бе арымды.
ару Құртқа, сұлу жар,
айтқан сөзді жадыңа ал.
ғашық болып мен сізге
басымнан кетті ықтияр.
Мені ұятқа қалдырма,
отына ғашық жандырма.
Қауышайық тезірек,
ақылымнан тандырма.
Қатты ғашық зарпынан,
Қайғы отына жандырма.
—бөтен емес, алшағыр,
7050
7060
7070
7080
300
батырлар жыры
айтқаныңның бәрі жөн.
Қабыл етем сөзіңді,
заманы қатар, құрбы тең.
патшасын өзің алдың кең.
көңілімдегі сөзімді
Макұл көрсең айтам мен.
осы айтқан сөзімді,
Қабыл етсең айтам мен.
бөтен емес, алшағыр,
болар мақсат, тілегің,
патшам, сені сүйемін.
егер Қобылан келмесе,
Халық бастаған басшымсың,
Қатар көріп жүр едім.
алты ай болды кеткелі,
ұзақ болмас срогім.
алты ай күтіп тағы да,
он екі айдың жүзінде,
Қобылан батыр келмесе,
патшам, саған тиемін.
көңіліммен сүйемін,
тілеген сізден тілегім.
егер Қобылан келмесе,
Өзімсініп жүр едім.
білікті, дана төресің,
айтқаныма көнесің,
шын жауапқа сенесің.
тілейтұғын шын тілек
төрт ай срок бересің.
төрт айдың соңынан
Өзіндік көр, алшағыр,
аққұртқаның денесін.
төрт ай срок салғаным,
уәдемен айтпаймын,
сізге өтірік жалғанын.
төрт ай берсең ұлықсат
бітеді менің арманым.
ойымдағы сөзімді
Құлағыңа салғаным.
7090
7100
7110
7120
300
301
қобыланды батыр
ері өлген әйелдің
он екі айдың соңынан
байға тию срогі.
байы өлген соң қатынның
Қайғыда болар жүрегі.
сол себепті сұраған
Құртқаның сізден тілегі.
алшағыр, сені сүйемін,
патшам, саған тиемін.
бұл тілекті бермесең,
Жанамын да, күйемін.
срокты күнім біткен соң,
не десең де, алшағыр,
айтқаныңмен жүремін.
Мен де қалмақ қызымын,
тума бірге сүйегім.
кем көрмеймін Қобыланнан
Қабыл етсең сөзімді.
лайық деп ойлаймын,
алшағыр менің теңімді.
тек төрт ай срогым,
төрт айым түгел біткен соң
бағыштаймын, алшағыр,
тап өзіңе өзімді.
алшағыр, білсең бұлымды,
тек төрт ай срогың.
көңілімді айтқан күнімді,
енді төрт ай өткенше,
сізге айтатын өтініш—
бөлек сал менің үйімді.
срокты күнім біткенше
ешбір еркек көрмеймін,
ешкімге жауап бермеймін.
сенен бөтен адамды
Қатар көріп сенбеймін.
Қосылғанша сізбенен
ешкімге көңілім бермеймін.
бөлек салсаң сарайым,
сүйгенім сізді тағайын.
7130
7140
7150
7160
302
батырлар жыры
Қыпшақтардың қызынан
Қасыма жолдас алайын.
Жауап бермей ешкімге,
Өзімді-өзім бағайын.
Қыздар болсын жолдасым,
көңілі өсіп аққұртқаң
Қыздарменен ойнасын.
осы айтқаным бәрі рас,
уәдем екі болмасын.
срокты күнім біткен соң
Мені алатын тойыңды,
Қыпшақ пен қалмақ тойласын.
алшағыр, білдім бұлыңды,
айттым сізге сырымды.
тәрбиелеп бөлек бер,
Менің жатар үйімді.
уағдамды сізбенен
берік байлап жалғадым.
көңілімдегі сөзімді
Жадыңызға саламын.
айтқан сөзге тұрсаңыз,
тіпті жоқ менің арманым.
Мені алуға ойладың,
лайық мені көрер деп,
Мен де ақылмен болжадым.
көкіректе арманды
айтып сізге болғаным.
әрі жолдас, әрі дос,
сіз панам едің қорғаным.
тілекті берсең егер де,
Менің болып толғаным.
төрт ай күнім өткен соң,
срогыма жеткен соң,
айтқаныңа көнемін,
ықыласым беремін.
арызымды қош көрсең,
ақылға асқан беренім.
срокты күнім біткен соң,
саған бағыш мен болып,
7170
7180
7190
7200
302
303
қобыланды батыр
Қызығым көрсең деп едім.
айтқаныма тұрайын,
уәде еткен мен дағы,
айтқан сөзді әбден күт,
патша ерім сен дағы.
болжаулы күн біткен соң,
әуселемді /қызық/ көр тағы.
сөздін артын бағыңыз,
айтқаныма наныңыз.
сіз едің сүйген ханымыз.
айтқан срок біткен соң,
сонсын мені алыңыз.
төрт ай болды срогың,
сұраған менің срогым.
төрт айдың күзінде,
көңілімді қосып сені сүйемін,
сізге, патша, тиемін.
бер жағында асығып,
шошытпа менің жүрегім.
берген уәдем сенікі,
осылай болар келісі,
тиюіме шарт еттім,
Жоқ уәденің кемісі.
төрт айдың жүзінде,
аққұртқа сұлу сенікі.
—ей, аққұртқа, аққұртқа,
шын уәде ететін,
байқадым, сұлу, түрің бар,
ақыл мен сенде білім бар,
айдан сұлу нұрың бар.
алтынменен қаптаған
Жібектей шаш пен тұлым бар.
Өтініш еткен ханыңа,
төрт ай срок күнің бар.
Қатты уәде байладым,
Мен сәндікке салдырған
алтын орда үйім бар.
Құрмет, сәндік халқыма
асыл тастан салдырған
7210
7220
7230
7240
304
батырлар жыры
алтын сырмен сырлатып,
көздің жауын алдырған,
Манар шамын жандырған,
исі қошты дәрі жақтырып,
исі мейір қандырған.
аяйтұғын нәрсем жоқ,
сіз бір майысып тұрған балдырған.
ғашық болған Құртқасың,
ішімді оттай жандырған.
Қосылғанша, Құртқажан,
сіз ақылымнан тандырған.
аямаймын барымды,
Үйіме қосып дүниеден
барымды сізге бұлдаман.
нақыштаған үйім бар,
алтын сырмен сырлаған.
бір уағда еткен соң,
асығыс етіп қинаман.
Хан басыма сын болар,
уағдамда тұрмаған.
Үш қатар салған асыл үй,
сізге Құртқа беремін.
уағдаға сенемін,
айтқаныңа көнемін.
Қасыңда жолдас қызбенен
ойнап күл де, жата бер.
не десең де керегің,
әзірлеп бәрін беремін.
ақыл, ойға сіз терең,
керегің даяр сұрасаң,
сұрағаның беремін.
Қызмет етіп тұруға
Құлдар менен күң берем.
әуелінде сұрадың,
Қарақыпшақ елінен
нешеу керек, қыз берем.
Мұнара салған биік үй,
Құртқа сұлу, сенікі.
ақырында шын досым,
7250
7260
7270
7280
304
305
қобыланды батыр
уәдең сенің менікі.
бағудың болмас кемісі,
алтын үйдің ішінде
әзірлеулі алдыңнан
неше түрлі жемісі.
Құртқа сұлу, сенікі,
дүниемнің кеңісі.
Құрбы құрбы бола ма,
айтқан сырын сақтамай.
адамда шаттық бола ма,
Жақсы бағып баптамай.
Құртқа, сені сыйладым,
арызың жерге тастамай.
түрлі рахат түр бердім,
керегіңді шын бердім.
асыл тастан салдырған,
тәрбие сәнді үй бердім.
уәде етіп маған да,
ажар беріп, түр бердің.
Құртқа маған риза бол,
төрт ай срок күн бердім.
сонда Құртқа сөйлейді:
—Құрмет еттің маған,—деп,
Қатты ризамын саған,—деп.
енді жоқ менде алаң,—деп,
Құрмет етсең, алшағыр,
енді үйіңе барам,—деп.
ойнап-күліп жатуға
ермек болар маған,—деп.
Қыпшақтардың қызынан
таңдаулы қызды алам,—деп.
уәде еттім сізбенен,
алшағыр досым, жаран,—деп.
уәде сізбен өткен соң,
болды сөзім тамам деп.
—барам десең, аққұртқа,
билерге хабар салайын,
бектерді жиып алайын.
Құрмет етіп мен сізге,
7290
7300
7310
7320
306
батырлар жыры
көңіліңді табайын.
тәрбиең мен сәнменен,
сізді жақсы бағайын.
сәнді үйдің ішіне
Жібектен кілем салдырып,
баршадан көрпе жайдырып,
иіс майлап орданы,
Мейіріңді қандырып,
алтын шашақ шамдалды.
ішіне үйдің жандырып,
әрбір тәтті дәм беріп,
сары балға қандырып,
рахат болсын көргенің.
сенің үшін тәрк етіп,
Қазыналық мүліктен
керегіңді бергенім.
сенің үшін, аққұртқа,
айтқаныңды әзірлеп,
сый-құрметке көмгенім.
уәде етіп қоштасып,
Қол алысып, достасып,
сүйісіп беттен құшақтасып,
сөзге сөзі ұштасып.
уәзір менен билерге
алшағыр хан барады.
уәде еткен бұл сөзін
баяндап, сөйлеп қарады.
Жолдастары қоштанып,
бәрі қабыл алады.
әдемі үйдің ішіне
Жібек кілем жайдырды,
Мақпалдан көрпе салдырды.
Мәулімнен жастық салдырып,
неше түрлі асылды
Үйге жайып салдырды.
көрген жанды тәрбие
таң-тамаша қалдырды.
бейне жұмақ секілді,
нақыштаған үйі бар.
7330
7340
7350
Достарыңызбен бөлісу: |
|
|