сансыз жатқан көп жаудың
Хабарын келіп айтқан жер.
ет пісуге шыдамай,
бауыр менен бүйрек жеп,
Қобыланды жауға асқан жер.
Қолына найза алады,
беліне қылыш салады.
8690
8700
8710
8720
342
343
қобыланды батыр
ат үстінде Қобыланды
айналып тұра қалады.
«Жолдастарым, барайын,
барып жауға шабайын.
шабыттанып тұрғанда,
Қылышпен басын қағайын.
бүгіннен қалмай келемін,
алуын жауды тағайын».
Қобыланды бара шабады,
есепсіз жауды алады.
бірқатары құтылып,
Жаулар асып барады.
аман келіп жолдасқа
сөйлейді сонда Қобыланды ер,
Жаудан қайтпас батыр, сер.
Қасындағы ерлерге,
Жердің атын қоям дер.
Мұның аты «тайсойған»,
Қазаннан жедім бүйректі.
Қобылан атты жан досың,
Қобыланды досың зерек-ті.
Қашып кеткен қалмақты,
найзамен досың түйрепті.
талайларын қылышпен
Қабырғасын күйретті.
Қалған етке тояды,
Қобыланды жауды жояды.
«тайсойған» мен «бүйректі»
Мұның аты болсын деп,
Қобыланды батыр қояды.
орта жолды аралап,
бар ма деп жауды шамалап,
тірі кеткен жаулардың
басын бағып паналап,
Өздері тыным алуға,
атты азырақ бағуға,
батырлар қайтты ауылға,
елге келді дамылға.
тыныққанша тұлпарлар
8730
8740
8750
8760
344
батырлар жыры
елде тыным алуға.
ойыл судың бойында
ауылына келеді.
күні-түні он төрт күн,
тыным алды деп еді,
тоқтарбайдың Қобыланы
атын баққан жері еді.
он төрт күні өткен соң,
тағы да атқа мінеді,
сауыттарын киеді,
садақтарын іледі.
ала көбен жаулар көп,
Жауларды іздеп жүреді.
Жау сағынып желікті,
он төрт күн жатып зерікті.
түнде жүріп келе жатып,
тамақ асқан сансыз қол
көп қалмақты көріпті.
Қасындағы жолдастар,
түнде-ақ жауға баралық,
осы түнде шабалық.
таң атуға қарамай,
бірқатарын алалық.
суға жүзген үйректей
Қылаңдаған неменің
кәзір басын қағалық.
Жалсыз атқа жал бітіп,
Қоңсыз атқа қоң бітіп,
беттеріне қан бітіп,
Жедел ойлап, ар күтіп,
Жайған аты семірді,
аттары ойнап елірді.
батырлар да желденіп,
атқа мінген көрінді.
Қасымдағы қырық жігіт,
көп болды шықтық ауылдан.
уақыт өтті бірталай,
талай жаулар шабылған.
әлі естіген хабар жоқ,
8770
8780
8790
344
345
қобыланды батыр
Қарақыпшақ ауылдан.
біле алмадық еш хабар
кемпір менен шалымнан.
Хансұлудай тумамды,
көрдім қатты сағынған.
енді елге жүрейік,
амандықты білейік.
Жаратып алып тұлпарды,
баптап ерге мінейік.
ала көбең аласа ат,
кешікпей жауға жүрелік,
Үлкенге сәлем берейік.
біз кеткелі көп болды,
сағынған елді көрелік.
көп жатамыз демелік,
Менің айтқан бұл сөзім
Қырық жолдасым, жол шығар.
Жауға аттансақ, батырлар,
сапарымыз оң шығар.
сайланып атқа мінген соң,
Қалмақ деген қалың жау,
алдымыздан қол шығар.
лайықты әркімнің
басына қонған бағы бар.
бүліншілік заманда,
іздесе жау табылар.
Жата бермей, жолдастар,
енді жүрсек не қылар.
күйімен аттың жүрелік,
кел жабдықтап атқа мінелік.
Қамданып сауыт киелік,
бес қаруды ілелік.
аттануға ат қойып,
кел, жігіттер, жүрелік.
табылар бізге талай жау,
айналамыз солай жау.
тор сауыт киген толай жау,
бізге алуға оңай жау.
Мінерге баптап тұлпарға
8800
8810
8820
8830
346
батырлар жыры
Өкпе, бауыр, жал керек.
алысқа шабар әл керек,
ықпалды ерге ар керек.
Қайтпайтын жаудан шын батыл,
Жүрекке біткен зәр керек.
батыр батыр болар ма,
тыныққан соң серікпей.
тұлпары тұлпар болар ма,
топ көргенде желікпей.
елде жату не керек,
Жау сағынып серікпей.
елдің жолы ашылмас,
тұлпар мініп желіспей.
талай жауға аттандық,
Қайттық аман беріспей.
Жердің жүзін кезелік,
алыстан іздеп өрістей.
Қаруды сайлап жөнделік,
алмасты қайрап өңделік.
ер қаруы—бес қару,
баршасын баптап өңделік.
тағы жүру бастайық,
тас кесетін алмасты,
суарып әбден таптайық,
Жаңартып қылыш саптайық.
Жау іздейтін әдетті,
батырлар, енді бастайық.
сүйдеді де Қобыланды ер
шақыртып алды ерлерін.
Жасы кіші іні мен
Құрбы, қатар теңдерін.
шақыртып алды тағы да
елдің кедей-кемдерін.
шақыртып алды тағы да
ақсақалды шалдарын,
Жиды Қобылан бар жанын.
көңіліндегі мүдә сөз
айтайын деп арманын.
Жиылып халқы келген соң,
8840
8850
8860
8870
346
347
қобыланды батыр
бәрін көзі көрген соң,
Қобыланнан естіп сөз көрсін.
көңіліндегі мүддесін
айтпай неге өзгерсін.
—о, қыпшақтар, қыпшақтар,
ерлерің алар найзасын,
буады белге алмасын.
көңілді жігіт бар болса,
бұл сапар бізден қалмасын.
Қарақыпшақ халқымның
кетемін айтып пайдасын.
Жүрем деген жігіттер
Мінер атын сайласын.
Жасы жеткен кәріңіз,
осы тұрған бәріңіз,
тілектес болып қалыңыз.
елде кедей, пақырды
Халың барың бағыңыз.
ел ішінде кем болса,
назарыңды салыңыз.
Қамданыңыз жігіттер,
Мезгілсіз шықпас жаныңыз.
Қарақыпшақ елінен
сексен жігіт аттанды,
Жүреміз деп шаттанды,
Мінер аты бапталды.
Жолдас алып қыпшақтан
Қобылан ерді басқарды.
Жігіттікті нұрғожа,
Қартқожақ батыр бастаулы.
ерлер атқа мініскен,
Қару, сайман іліскен.
Қырық жігіттің үстіне
сексен жолдас біріккен.
тұңғыш жауға аттанған,
Қуанып жастар күліскен,
күрлеп ерлер жүріскен.
ойылдан бермен жағалап,
Жау іздеп Қобылан аралап,
8880
8890
8900
8910
348
батырлар жыры
Қарауыл қарап, паналап,
биік-биік жерлермен,
Қарауыл қарап шамалап,
Жүйрік атын зулатты,
бір жерлерде күн батты,
Қараңғылық түн басты.
тұра қалып Қобыланды
дыбысты байқап тыңдапты.
бекініп жатқан жау екен,
сақылдасып күлісіп,
ойнасып қалмақ шулапты.
Құлаққа дауыс келеді,
Қасындағы жолдасқа
батырдың айтқан сөзі еді:
—дауысты естіп желдендім,
түнде жауға кез келдім.
осы түнде-ақ шабуға
шабайын деп тербендім.
сендерге ақыл салайын,
ертеңге несін қарайын.
Жау сағынған Қобыланым,
осы түнде-ақ шабайын.
сүйдеді де қамданды,
суырып алмас қолға алды,
шабуға Қобылан оңдалды.
—сендер мұнда қалыңдар,
Өзіңді-өзің бағыңдар.
осы түнде-ақ шабамын,
Жалықпай шабар шағым бар.
Қалай тоқтап тұрамын,
батыр деген даңым бар.
атыңменен өзіңді
Жолдастарым, бағыңдар.
түнде жауға кіреді,
аңсыз тұрған қалмақты
Үріккен қойдай сүреді.
Қараңғылық ішінде
найзаменен іледі.
талайдың бітті срогі,
8920
8930
8940
8950
348
349
қобыланды батыр
Қобыланға қарсы келетін,
Қалмақтан тайлас кім еді.
түн ішінде-ақ қырады,
Жауды әлек қылады.
ағытқан қойдай шулатып,
бөріктіріп қуады.
түнде-ақ әлек етеді,
Қараңғыда талайы
амалдап қашып кетеді.
Жасырынып тірісі,
түнделетіп көшеді.
Қайратты туған Қобыланды ер
түнде шауып қалмақты,
талайларын жойған жер.
«Қара қобда» болсын деп,
Мұны да Қобылан қойған жер.
сан жетпейтін қалмақтың
тірісі қашып кеткен жер,
амалдап қашып көшкен жер.
сан жетпейтін қалмаққа,
сарғайып таң атқанда,
артынан қуып жеткен жер.
«сары Қобда» болсын деп,
Мұны да қойған Қобылан ер.
Қойдай жауды қуған жер,
бүлгін салып қырған жер.
бөлек таудың басында,
Қарауыл қарап тұрған жер.
кеудесі тақыр қыр екен,
«тазқаралы» болсын деп,
Мұны да қойған Қобылан ер.
сапарым жүрген оңсын деп,
дұшпанның көңілі солсын деп.
Қайырлы жүріс болсын деп,
ағып жатқан ұлы өзен,
«ұлы Қобда» болсын деп,
Жүрегі қайтпас Қобылан ер
осылай деп атын қойған жер.
сонан төмен асқан жер,
8960
8970
8980
8990
350
батырлар жыры
көп қалмақтың сасқан жер.
Қашқан жауды есітіп,
айбатты туған ер Қобылан
атқа қамшы басқан жер.
күздің қатқақ күнінде
беркіп тоң боп қатқан жер.
арбалары дүңгірлеп,
шулап қалмақ асқан жер.
Қуып жетіп артынан,
садақпенен атқан жер,
Жаудың қирап жатқан жер.
«дүңгірлекті» болсын деп,
Мұны да қойған Қобылан ер.
Жауды қағып барған жер,
талма-тал түс болғанда,
балалар ойын салған жер.
«бала Қобда» болсын деп,
Мұны да Қобылан қойған жер.
бейпіл жатқан көп жауға
тағы Қобылан барған жер,
барып бүлгін салған жер,
ұрысқан жауын алған жер.
Жердің жүзін қызыл қан,
кілкітіп қаптап алған жер.
«Қарағанды» болсын деп,
Мұны да Қобылан қойған жер.
беркіндегі көп жаудың
Қобыландыны естіп көшкен жер.
шыңғырлатып арбасын,
сансыз қалмақ жеккен жер.
тоқтарбайдың Қобыланы
артынан қуып жеткен жер.
Қайтпайтұғын өктемді ер,
Қырып жауды өткерді ер.
«шыңғырлау» аты болсын деп,
Мұны да Қобылан қойған жер.
ойнап жүріп балалар,
Мың ешкіні жиған жер.
суға қарап қуған жер,
9000
9010
9020
9030
350
351
қобыланды батыр
кесекпен қамап ұрған жер.
Қара суға тоғытып,
шығар жері тар болып,
айналасы жар болып,
көп ешкіні қырған жер.
«ешкі қырған» болсын деп,
Мұны да қойған Қобыланды ер.
көп қалмақтың көшкен жер,
тұмандатып өткен жер,
артынан Қобылан жеткен жер,
Жауды әлек еткен жер.
«тұманшы» аты болсын деп,
Мұны да Қобылан қойған жер.
Қару-қапшық заты сай,
күйлеген тұлпар аты сай,
асығыссыз жүрдік-ай,
Қалмақтың бұ да қонысы
Жайғастырып жауларды,
Қобыланды батыр етті жай.
Жайғастырып жойған жер,
Қалмақты қойдай сойған жер.
ойлағаны болған жер,
«Жақсыбай» аты болсын деп,
Мұны да Қобылан қойған жер.
еңкілдеп жаудың кеткен жер,
атының жалы желпілдеп,
Қобыланды қуып жеткен жер.
Жек, дуадақ қонысы
шиен шыққан көктем жер.
«Жекенді» аты болсын деп,
Қобылан қойып өткен жер.
Қаршығадай шүйлігіп,
Қара обаға барған жер,
Жауды көзі шалған жер,
барған жауын алған жер.
«Қаратөбе» болсын деп,
Мұны да қойған Қобыланды ер.
Қалмақтың босып көшкен жер,
Жау іздеген Қобыланды ер,
9040
9050
9060
352
батырлар жыры
артынан қуып жеткен жер,
тауысып, шауып өткерді ер.
Жауды қырып қоштанып,
Өлең айтып өткен жер.
«Өлеңті» аты болсын деп,
Мұны да Қобылан қойған жер.
атқа шідер салған жер,
Қобыланды дамыл алған жер.
Қонып сол күн кеш болып,
ұйқысы ердің қанған жер.
«шідерті» аты болсын деп,
Мұны да Қобылан қойған жер.
таң сарғайып атқан жер,
Қалмақтың тулап қашқан жер,
бұлдырап белден асқан жер.
артынан жетіп Қобыланды
бұлдыратып шанышқан жер.
«бұлдырты» аты болсын деп,
Мұны да Қобылан қойған жер.
Қараңғыда келген жер,
айдын көлді көрген жер,
атына жем берген жер.
«Қаракөл» аты болсын деп,
Қобылан атақ берген жер.
күннің ыссы күнінде,
көлдің суын ішкен жер.
Жауды көріп қуанып,
соңына жаудың түскен жер,
Қалмақтар баудай түскен жер.
«Қарабау» аты болсын деп,
Мұны да Қобылан қойған жер.
ат құйрығы бұлаңдап,
алыс жерде жүрген жер,
Қару-қапшық ілген жер.
ойда жатқан қалмаққа
ойсыратып тиген жер,
сансыз жаудың бүлген жер.
Қасындағы жолдасы
Қызығына күлген жер.
9070
9080
9090
9100
352
353
қобыланды батыр
бұлағай салып, жау шауып,
«бұлау» деп атын қойған жер,
Мұны да Қобылан қойған жер.
Жер жүзін Қобылан кезген жер,
Өзіне-өзі сенген жер.
Жауды көрсе шүйіліп,
бүркіт құсша төнген жер.
тобығы меңді торы атты
ит пен құстан қызғанып,
шоқы тауға көмген жер.
тобығы меңді торының
Жамандатып өлген жер.
«торы ат басы» болсын деп,
Мұны да Қобылан қойған жер.
ерлердің артық данасы,
артықша Қобылан ағасы.
Халықтың қорған панасы,
«ешкі қырған» сағасы,
«ұлы Қобда» жағасы.
адамнан жоқ жаласы,
тоқсанға жасы келгенде,
судан болды жаласы,
Қартайып жетті қазасы.
діңкиіп тұрған Қара оба
тоқтарбай қарттың баласы—
ер Қобыланның моласы.
сол күнде ел бүлінген заман болды,
заманда әрбір түрлі адам болды.
бүлінген халық ішінде қырғын соғыс,
Қиындық елдің күні қараң болды.
Хан, төре ел бүлдіріп, туралық жоқ,
залымдар қара жүрек арам болды.
Жауларға кілең жауыз қан жаудырған
Қобыланды осыменен тамам болды.
9110
9120
9130
9140
354
батырлар жыры
ойыл деген жерде, жетпіс жетіде Қыдыр деген шал болыпты. ораза-
да шамасы болыпты. тоқтарбай деген баласы болыпты. Қырық төрт ау-
ылы болыпты. Қайырымды болған, руы қара қыпшақ болған. тоқтарбай
жалғыз бала болғандықтан, мұның тілеуінде бүкіл аулы болған. Қараспан
деген—жердің аты. отырған жері ойылдан осы Қараспанға көшеді. бұл
жер малға жайлы, шөбі шүйгін, бұлағы бар жер, әрі таулы жер. осы кез-
де тоқтарбай 35 жасында болған.
Бәйіт тарихы
тоқтарбай хабар айтты елдеріне,
шақырып жан-жақтағы ерлеріне.
таласпай татулықпен риза болып,
Құдайдың маған дәулет бергеніне.
түсірме, дұспан болса, мені торға,
Мініңдер тақымыңа жүйрік жорға.
бәрің де таласпаңдар, татулықпен
дәулеттің қызығын көр, бердім қолға.
болмасын біріңде биік, біріңде аласалық,
туғандай бір кісіден жарасалық.
Жорғаны сүрістірсең ерік өзіңде,
Қосыңдар, жүйрік болса, алып барып,
ал енді қасиетпен күттім анық.
Өсиетші Насыр:
—татулыққа ел тұрмас,
ерленіп жатса, ел тұрмас.
ерлерменен ер тыңдас,
ер сырын шешпей ел тұрмас.
есіткесін айтайын, хабарлы сырды тоқталмай,
осыған құлақ асыңыз, халық егесі тоқтарбай.
сайын деген бір ер бар,
Қойнында үш сұлу жар.
бармағында балы бар,
басының үлкен бағы бар.
9150
9163
354
бауырлары тағы бар,
төрт түліктен малы бар.
Қап тауындай жүрек бар,
сом болаттай білек бар.
отыз үш санды ауыл бар,
бір жерден шыққан ауыз бар,
шаң тимеген дәуір бар.
көне қойсаң шырыш тұр,
ашуланса, дыбыс тұр.
Өздері тентек жауынгер,
Мінезі қисық қан құмар.
Насыр осыны айтып болды. Тоқтарбайдың тумаса да туғандай
сенімді Көбентайдың әңгімесі
—тоқта, тоқта қой, насыр,
тоқтарбайда кіл асыл.
бәрі бізде дайын тұр,
тіл алсаң жерден аулақ тұр,
осы айтылған анық сыр.
бізде де жүйрік жорға бар,
Қару-жарақ қолда бар.
Қайсарысса хан деген,
адамды тартат ұят пен ар.
бар, сайынға хабар сал:
таласпасын қонысқа,
үобыланды батыр туралы
(Е. Ешімов нүсүасы)
10
356
батырлар жыры
әркімде де жол қысқа.
Мені өйтіп қорқытса,
басым дайын соғысқа.
Мені күткен—тоқтарбай,
Өзімнің атым—көбентай.
тіл алмаса ер сайын,
не қылса да мен де сай.
насыр кетед, кеңес өздеріне жетед. сайын бұл хабарды есітіп,
тоқтарбайға хат жазады. Хат ішіндегі сөздер мынау:
«ашуланба, ер тоқтар,
Хат арқылы көзіңді сал,
түкірігім шіріш, лебім бал.
сүйіспеншілік ниетім бар,
Қойнымда үш сұлу жар.
Қалжыңменен лебіңді ал,
Өзіме жетер дәулет бар,
бірге он бір тумам бар.
тіл алсаң, қоңсы қонайық,
екеуміз көрші болайық.
шеттен келген жау болса,
тұтынған жерді сақтайық.
Қонақ-мейман кездессе,
атаның тұзын ақтайық.
ата тойса, безбейтін,
адам өлсе, сезбейтін.
бірімізден біріміз
бір дәмді артық татпайық.
келіссеңіз, жауап бер,
шынымен туған тоқтар ер!»
Бұның да әңгімесі аяқталды, хатқа Көбентайдан жауап:
«ал, сайын, көңіл толар келді хатың,
Үлгірсең жарастықтың махаббатын.
Қайдағы ақырлардың төктің бәрін,
20
30
40
356
357
қобыланды батыр туралы
ісім жоқ тіпті саған жалынатын.
Қалыңның қасқырымын қайратым мол,
адамға туым біреу риза бол,
шайқассаң күшім де сай, ісім де сай,
Өзің біл, мен жауапшы—ер тоқтарбай».
Хаттың жауабы аяқталды, Тоқтарбайдың отыз бес жасындағы
басталу тарихының нұсқасы
сол кезде тоқтарбайда қайғы бір-ақ,
таба алмай көңіл шіркін жүрді тұрақ.
Жасы жас болғанменен таңсық болып,
Жүреді талабынан перзент сұрап.
Өзінің қатарларын көргенінде,
көзінен жас алатын тынып жылап.
айтпайды әйеліне ашып сырын,
кім білсін не ойлап жүрген ойын мұның.
иіскеп, бала көрсе, маңдайынан,
лүпілдеп соққан жүрек бермей тыным.
Мезгілсіз асыққанмен айла таппай,
көңілдің құр уайым шамын жақпай.
Қартайып, ескі бет боп еті қашып,
Жүреді алтын жүрек удай ашып.
елестеп ен дәулетке қарамай-ақ,
Мініпті еңсеге елу екі кәсіп.
сол кезде бір уақиға жаны көрді,
Қаламқас, жасын түсіп, жары да өлді.
Жүргенде құлын сұрап, арыс кетіп,
Қайғыға тоқтарбайдың кеулі жетік.
Қапырық қалың жапқан көрпедей-ақ,
алыпты уайымды өркендетіп.
ел болып көркейтуді мақұл көріп,
Қолқалап ел екі жерден екі қыз берді.
50
60
70
358
батырлар жыры
елбеңдеп ел ағасы есік ашып,
Жүргенде елу жасты кесе басып,
абырой—айнымайтын адал жары
шықты да бір түйнеме оң жақта өлді.
«Қорыққан қолбаң келет» деген мақал,
Қолданып қабыл-ғұбыл қолына алып,
Жұмылып бата қылып барлық халық,
тоқтарбай елу бесте қайта үйленді.
есітіп бұл хабарды, елдің жайын,
Қуанды қатар-құрбы, енді сайын:
—не жетпей өз басыма жатыр менің,
Қыпшақтың шақырайын тоқтарбайын.
Жас иіс кемпірімнен қандай екен,
көз көріп беташарын мен байқайын.
шығыңдар қайымдалып қалай құйрық,
бұл тойға жаратыңдар елу жүйрік.
адамға сыр бермейтін жайың болсын,
бір соққа бір-бір дойыр дайын болсын.
Өзімнен ым қаққанда бірің қалма,
ертерек осы бастан түгел қамда.
ішінде көбентайдай бір құлы бар,
осыны бір былғаңдар қызыл қанға.
Тоқтарбайды шақыруға жіберген Қасымның хабары:
—ассалаумағалайкүм, ел ағасы, қолды бер,
игілі болсын, құтты болсын құсыңыз.
еміреніп сүйіп ер перзент,
орындалсын күшіңіз.
Мені сізге жіберген,
ер сайын деген кісіңіз.
сүйеді екен татуды,
замандас екен ақылды.
сіз қуансаң, қуанып,
сізді тойға шақырды.
елу жүйрік таратып,
елу жігіт қалатып,
80
90
100
358
359
қобыланды батыр туралы
Жарыңызды ала барыңыз.
аунасаң жетер орда бар,
он сегіз баққан жорға бар.
білекті палуан онда бар,
ат мүшесі қолда бар.
сынақты мерген ататын
алтын қабақ сын да бар.
аударыспақ, көкбөрі—
айтуында бұл да бар.
Тоқтарбай нарядтарын жинап алып айтқан әңгімесі:
—Жігіттер, жеке тудым асыл тектен,
Жалғыздық, қайғы кетпейт көкіректен.
туғандай бір кісіден дәурен сүріп,
ағаңмын ортаңдағы еркелеткен.
Жаратып, жақсы бапта аттарыңды,
білмеймін не керек боп жатқанымды.
Менімен жиырма жастан қарсы еді,
сүймейтін сайын менің мақтанымды.
тез жетер жеңіл қару бойда болсын,
болыңдар, туысқандар, сақтанулы.
Жорғадан шабдар шығар айдан анық,
соқпаса бауырынан жалғыз қазық.
Жүйріктің уайым жоқ сапарынан,
бұйырса, төрт көк шығар қатарынан.
шабдарды көбентайдың өзі мінсін,
көрікті үлкен көкті қарына ілсін.
бәрің де екі-екі аттан меншіктеп ал,
Мен—қарақшы, көпшілік, сенікі мал.
тәуекел, қорыққанмен енді қайда,
пайда жоқ уайымнан белді байла.
шомылып шыға алмаймын терең ойдан,
сенімсіз, қаупім мықты осы тойдан.
Құралды сайман, сабалы нарларменен алпыс жігіт сайынның
110
120
130
360
батырлар жыры
шығарған отрядтарымен қабақта тоқтарбайды қарсы алды. түлкідей
түлеген тоқтарбай бәрімен қол алысты. Жыртыңдап келген сайын
тоқтарбайдан тым сұраса түсті. тобықтай толық, түймедей құрдас бола
қойды. он кісіден бір үй берілді. орналасқан адамдар түсе қалды. кең
иықты, келбетті, қара торы әйел қыр мұрынды, бидай өңді келіншектің
шелегін алды. келіншекке қарап, әйелдің айтқан сөзі: «уай, шіркін-ай,
бала тапқыш, нан тапқыш болсаң болар еді. ширатылмаған шүйкелер
көп-ау. Құтты моряк бол»,—деді (осымен ұсақ әңгімелер аяқталды). Достарыңызбен бөлісу: |