Мәдени сауаттылық қазірде
Қазақстандағы ең, сондай-ақ бүкіл әлемдік өзекті мәселе болып есептеледі. Осы тұрғыдағы медиамәдениет – ақпараттық
технологиялар мен медианы
дамытудағы қазақстандық және халықаралық тәжірибенің
маңыздылығын көрсететін,
сондай-ақ ақпараттық жүйе
арқылы қазіргі кездегі көптеген қажеттіліктерімізді жеңілдетуді құрайтын қоғамдық мәдениет.
Жалпы, елімізде ақпараттық технология арқылы жұмыс жасау дамуы үшін көптеген
бағдарламалар жүзеге асырылуда. Сол белгілі бағдарламалардың бірі – “Цифрлық
Қазақстан” бағдарламасы. «Цифрлық
Қ азақстан» экономикаға, бизнес пен азаматтарға негізінен жаңа даму траекториясына
шығуға мүмкіндік береді. Болашақта
компьютерлік жүйе арқылы жұмыс істеуге тікелей әсер етеді.
Менің ойымша, қазірде елімізде электронды қызмет көрсету түрлері белгілі қарқынмен даму үстінде. Мәселен, egov сайты арқылы өзімізге қажетті құжаттарды, электронды қызметтің көптеген түрлеріне қол жеткізудеміз. Сондай-ақ қазірде интернет желісі арқылы сауда-саттықтың да жүзеге асырылып жатқандығын
байқауға болады. Бұның
барлығы ақпараттық технологиялардың көмегімен іске асырылады. Бұлардың жүзеге асырылуына “Цифрлық
Қазақстан”-ның септігі тиюде.
М енің ойымша, Қазақстанда болашақта цифрлық жүйенің кең етек алуы жастардың, халықтың сауаттылығына байланысты деп ойлаймын.
Себебі, цифрлы сауаттылық деңгейі жоғарыламаса, атқарылып жатқан ауқымды
жұмыстардың барлығы тиімсіз. Сол себепті, ең алдымен техникалық пәндерді оқыту –
еліміздегі алға қойылған іс-шаралардың бірі.
Бұл жайлы «Рухани жаңғыру» бағдарламасында да сананың ашықтығы бөлімінде осы мәселе жайлы айтылған болатын.
Достарыңызбен бөлісу: |