Қоршаған орта саласындағы білімді дамытудың нормативті құжаттары
Қазақстан Республикасының конституциясы
Қазақстан Республикасының «Қоршаған ортаны қорғау туралы» заңы
Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңы
Қазақстан Республикасының «Жоғарғы білім туралы» заңы
Өркениеттің тұрақты даму(өзін–өзі қолдаушы) концепциясы ( БҰҰ –ның Рио– де - Жанейродағы қоршаған орта және даму бойынша конференциясы).
Қазақстандағы эколог – мамандарды дайындау концепциясы (1995ж)
Қазақстан Республикасындағы экологиялық білім беру мен тәрбиелеудің ұлттық стратегиясы (1998).
Экологиялық білім беру бағдарламасы (1999ж).
2004 – 2015 жылдар аралығындағы Қазақстан Республикасының экологиялық қауіпсіздігінің концепциясы.
Экологиялық мәдениеттің негізгі көрсеткіштерінің бірі болып қайсібір экологиялық мәселелерге қатысты экологиялық білімнің болуы табылады. Бұл білімдерді экологиялық жағдайға жалпы бейімделумен қатар, қоршаған ортаны қорғаудағы іс –әрекетке тәжірибелік қатысуда қолдану қажет. Экологиялық білім қоғамның әлеуметтік – экологиялық іс – әрекетте тәжірибесі бар азаматтардың болуына мүмкіндік жасайды. Бұндай позиция білім жүйесінің қазіргі экологиялық мәселелерден алшақтауын еңсеруге жағдай жасайды.
Экологиялық білім берудің мақсаты
Барлық азаматтардың адамның әсерінен табиғи жүйенің өзгеруі туралы, Жер планетасындағы өркениет пен өмірді сақтаудың жолдары туралы теориялық білім алуын қамтамасыз ету.
Табиғатты пайдалануда адам мінез –құлқының жетілген стереотиптерін қалыптастыру, қауіпсіз қоршаған ортаны сақтау және қалпына келтіру.
7 – кесте
Экологиялық білімді « болашақтың интеллектуалды, өнегелі, рухани негізін жасаушы, оның негізгі мақсаттары мен басты бағыттарын анықтаушы, барлық білім үдерісінің жүйелік - құрастырушы компоненті ретінде қарастыру қажет.