Дәріс 8 Жастардың экологиялық мәдениетінің деңгейі(әлеуметтік зерттеу негізінде).
Зерттеудің мақсаты – жастардың экологиялық мәдениетінің деңгейін анықтау.
Сауалнама әл – Фараби атындағы ҚазҰУ - нің студенттері және қызметкерлері арасында жүргізіліп, оған 40 адам қатысты.
1 – кесте. Респонденттердің жынысына қарай бөлінуі (сұралғандардың жалпы көлемін пайызға шаққанда).
Жынысы
|
Пайызы
|
Ер адам
|
25%
|
Әйел адам
|
75%
|
Экологиялық мәдениетті қалай түсінесіз деген сұраққа студенттердің көпшілігі тазалық (42,5%) деп жауап берсе, 30 пайызы жауап бере алмады. Жастардың аз бөлігі ғана қоршаған ортамен мәдениетті түрде қарым – қатынас жасау деген жауап берді. Бұдан көретініміз, жастардың арасында экологиялық мәдениет түсінігі айтарлықтай деңгейде қалыптаспаған ( 2 – кесте).
Экологиялық біліміңізді жетілдіру қажет деп санайсыз ба деген сұраққа жастардың басым көпшілігі қажет емес деп жауап берді. Осыдан студенттердің көбісі экология мәселесіне немқұрайлы қарайтындығы анықталды.
Біздің елімізде экологиялық мәдениеттің қалыптасу деңгейі қандай деген сауал қойылып, одан төмендегідей нәтижелер алынды.
Экологиялық біліміңізді жетілдіру қажет деп санайсыз ба?
|
Пайызы
|
Қажет деп санаймын.
|
22,5%
|
Қажет емес.
|
60%
|
Жауап беруге қиналамын.
|
17,5%
|
Біздің елімізде экологиялық мәдениеттің қалыптасу деңгейі қандай деген сауал қойылып, одан төмендегідей нәтижелер алынды.
Экологияға байланысты ақпаратты қайдан аласыз деген сұрақ қойылды. Сұраққа жауап беру нәтижесінде жастар экологиялық мәліметті көбінесе бұқаралық ақпарат құралдарынан алатындығы белгілі болды. Сол себепті жастардың экологиялық мәдениетін жоғарылату үшін, экологиялық мазмұндағы теле бағдарламаларды, ақпаратты көп беру қажет. Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілесің деп халық даналығы айтқандай, кішкентай кезінен бастап баланы табиғатты аялауға баулу абзал. Ата –аналар өзінің іс –әрекетімен үлгі көрсетуі қажет. Баланың табиғатқа жан ашырлық сезімін ояту мақсатында теледидарда экологиялық тәрбие беретін әр түрлі қызықты мультфильмдер, экологиялық сипаттағы түрлі бағдарламалар, ойындар көрсетілуі керек.
Сонымен қатар экологиялық білімді көтеру негізінде «экологиялық мәдениет» курсын барлық жоғары оқу орындарында, мектептерде енгізу қажеттігі туындап отыр.
Экологиялық мәселеге қатысты ақпаратты қайдан аласыз?
|
Пайызы
|
Бұқаралық ақпарат құралдарынан (радио, теледидар, газет, журнал, интернет).
|
77,5%
|
Формалды емес қарым – қатынас (туысқандармен, көршілермен әңгімелесу).
|
12,5%
|
Өзіндік бақылаулар.
|
10%
|
Экологиялық мәдениетті қалыптастыру үшін жастар мынадай іс –шараларды өткізуді ұсынады:
Сіздің ойыңызша, экологиялық мәдениетті қалыптастыру үшін не істеу керек?
|
Пайызы.
|
Экологиялық іс – шаралар өткізу.
|
17,5%
|
Экологиялық білім беру.
|
17,5%
|
Тазалық сақтау.
|
2,5%
|
Жаңа технологиялар енгізу.
|
5%
|
Талапты күшейту.
|
7,5%
|
Экологиялық ұйымдарды көбейту.
|
2,5%
|
Экологиялық ақпарат беру.
|
2,5%
|
Экологиялық тәрбие беру.
|
17,5%
|
Экологияға қомақты қаржы бөлу.
|
5%
|
Білікті маман қалыптастыру.
|
2,5%
|
Экология мәселесіне көп көңіл бөлу.
|
2,5%
|
Жауап беруге қиналамын.
|
17,5%
|
Сіз экологиялық іс – шараларға қатысасыз ба деген сауалға төмендегідей жауаптар алынды:
Көрсеткіштерге қарап, жастардың экологиялық іс – шараларға қатысуда енжарлық танытатынын көруге болады, осы мәселеге қатысты әлі де болса көптеген жұмыстар атқарылу қажет екендігін байқауға болады.
Жалпы Қазақстанның экологиялық жағдайын қалай бағалайсыз деген сұраққа қатысты студенттердің жауабы бір жерден шыққан жоқ, яғни әр түрлі болды.
Сізді экологиялық мәселелер толғандыра ма деген сұраққа жастардың 80% - і толғандырады деп жауап берген, алайда олардың іс –әрекеттері бұл жауапқа сәйкес келмейді. Себебі, экологиялық іс – шараларға қатысасыз ба деген сұраққа 45% - ы қатыспаймын деп жауап берген.
Сауалнама жүргізілген студенттердің 22,5% - ы экологиялық этиканы сақтамайтындығын мойындады. Енді біреулері экологиялық этиканы сақтау үшін жағдай жасалмағандығына шағымданды. Қарапайым мысал келтіретін болсақ, қоқыс салғыштардың жоқтығы, яғни аз болуы. Әр бір жерде қоқыс салғыш ыдыстар болса, адамдар экологиялық этикет аз бұзылар еді.
Экологиялық мәдениетті қалыптастыруда экологиялық білім берудің рөлі қандай деген сауалға көпшілігі экологиялық білім берудің рөлі жоғары екендігін, сонымен қатар экологиялық бағыттағы білім беру жүйесінде нақты іс –шаралар қарастырылмағандығын айтады. Яғни, экологиялық сипаттағы білім беру жүйесін әлі де болса толықтырып, жүйелеуіміз керек. Тек теориялық білім беріп қана қоймай, оны тәжірибе жүзінде бекіту қажет деп табамыз.
Студенттердің 57,5% - ы экологиялық мәселелерді маңызды деп санаса, 17,5% - ы саяси мәселелерді, 12,5% -ы экономикалық мәселелерді және 12,5% - ы үшеуін бірге алып жүру керек деп есептейді.
Қоршаған орта, табиғат мен қоғам, экология мен мәдениет бір-бірімен тығыз байланысты. Олардың дамуы, өзара сәйкестікте болуы заңды. Жаратылыс құшағы мен Жер-Ана бетін жайлаған адамзат әрекеттеріне аса қажет үйлесімділіктің бар-жоғын байқататын нақты көріністер, әлемдік сипат алып бара жатқан экологиялық дағдарыс, адам баласының тіршілігін сақтап қалу мәселесі және т.б. толғандырмай тұрмайды [48,172]. Арал мен Балқаштың тартылып бара жатырғаны, ондағы ұсақ өзен-көлдердің тартылуы, Семей ядролық ракета сынағы және т.б. әзірге аты кең әйгіленбеген полигондардың зардаптары есепсіз жыртудан Сарыарқа топырағының эрозияға ұшырауы, табиғи жайылымдардың тарылуы, тау-кен жыныстарын өндіру салдарынан аспанды торлаған мыңдаған тонна тозаң, өнеркәсіп мұржаларының улы түтіндері т.б. жаратылыстың табиғи тепе-теңдігін бұзып жатырған адам қолымен жасалған құбылыстардың қай-қайсысы жеке-жеке де қауіпті. Олардың барлығын бірге топтап, күйзелген экономиканы тұйықтан шығару шараларымен қоса қарастырғанда, біздің мемлекетіміздің аса қатерлі экологиялық дағдарыс жағдайында тұрғаны шүбәсіз.
Экология мен табиғат, экология мен мәдениет бір-бірімен тығыз байланысты құбылыс. Сондықтан қоршаған ортаның экологиясын жақсарту үшін әлеуметтік экология, рухани экология деңгейін көтеру керек. Атап айтқанда, шет мемлекеттерінің көмегімен бұрынғы Семей полигонында жерасты қыртысынан радионуклидтерді көшіруді зерттеу керек, осы аймақтың ластануының екжей-текжейлі карталары жасалып, ядролық сынақтардан зардап шеккен халықтың денсаулығы жағдайын кешенді бақылау, оны сауықтыру әдістерін жасау бағдарламасы жасалуы керек. Қазіргі кезде адамзат экологиялық мәселеге аса мән беріп, ойлаудың және мінез – құлықтың стереотиптерін өзгеруге тырыса отырып, табиғатпен қарым –қатынас жасаудың басқа формасын, жолын табу қажет екендігін түсіне бастады. Қалыптасқан экологиялық жағдай адамзаттың табиғатпен өзара қарым – қатынасының дәстүрлі формаларын қайта қарауды талап етеді. Біз қоршаған ортаны қорғау туралы айтқанда, бірінші кезекте адамды қорғау туралы, оның болашағы туралы айтамыз. Экологиялық мәселелер – барлық адамзатқа ортақ мәселе. Бұл мәселелерді шешуге барлық мемлекет атсалысу керек. Табиғи жағдайларына байланысты әр бір елде экологиялық мәселелердің өзіндік сипаты болады, бірақ бүгінгі күні әлемде экологиялық мәселесі жоқ, экологиялық мәселелері толық шешілген бірде бір мемлекет жоқ. Биологиялық түр ретінде адамның өзін – өзі сақтау мәселесі қазіргі уақытта маңызды мәселенің бірі.
Сонымен, экологиялық мәдениет қоғам мен табиғат арасындағы үйлесімділікті орнатудың әдісі болып табылады. Оны табиғатқа қатысты адамның позициясы ретінде, экологиялық сана қалыптасуының белгісі, экологиялық ақпараттандырылғандықтың деңгейін көрсететін көрсеткіші, «адам –қоғам –табиғат» жүйесіндегі байланысты үйлесімді етуге бағытталған халықтың белсенділігі ретінде анықтауға болады. Қалыптасқан экологиялық жағдайда адам экологиялық мәдениеттің өсу жолымен, экологиялық білімді дамыту жолымен жүру керек.
Экологиялық мәдениеттің қалыптасуында экологиялық білім беру жүйесі, тәрбие беру, бұқаралық ақпарат құралдары маңызды рөл ойнайды. Білім беру барысында теориялық қана емес, сонымен бірге тәжірибелік білім беру қажеттілігі анықталды.
Тәжірибе көрсеткендей, экологиялық мәдениет деңгейі әлі де болса төмен күйінде қалып отыр. Жас ұрпақтың экологиялық мәдениетін қалыптастыру мәселесін шешуді білім мен тәрбие өз мойнына алу керек.
Табиғат – адамның жалғасы, оның өмірінің негізі. Табиғатта болып жатқан апаттарды тоқтату, азайту үшін халық тірі табиғатты сақтау қажет екендігін түсінуі керек. Үдеп бара жатқан экологиялық дағдарыс жағдайында адамның өмір сүруі, сүрмеуі адамның өзіне байланысты.
Достарыңызбен бөлісу: |