Мәдениет атты арнайы курсты оқу барысында пайдалануға, мәдениетті зерттеуге қызығушылық танытатын барша оқырман қауымға арналған. Экологиялық МӘдениет



бет8/17
Дата02.12.2023
өлшемі329,17 Kb.
#131896
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   17
Байланысты:
treatise23053

Когнитивті – ақпараттық бағыттағы технологияда негізінен төрт мәселені бөліп қарастырады: ақпараттық жүктеме, ақпаратты бұрмалау және оның жоғалуы, кері байланыс каналдарында ақпараттың жетіспеуі, ақпараттық ағымдардың жылдамдығының төмендігі.
Байланыс оптимизациясының технологиясы өзара түсіністікті жақсартуға бағытталған, эмпатия, рефлексия, идентификацияның психологиялық механизмдеріне негізделген. Байланыс оптимизациясының көптеген әдістері қолданылады. Экологиялық әлеуметтенудің сапасын анағұрлым арттыратын байланыстық қосылу әдістерінің маңызы үлкен.
Топтық бірігу технологиясы топтың ұйымдасуын жоғарылатуға бағытталған. Топтың бірігуі оның ішіндегі байланыстарды дамытудың белгілі бір процесі ретінде көрініс табады.Яғни, топтың бірігіп қызмет жасауына негізделеді. Экологиялық әлеуметтенуді оптимизациялауға қатысты осы технологияның неғұрлым тиімді екенін айта кету керек. Зерттеулер тұлғаның өзін – өзі дамыту технологиясының рөлі де күшейіп келе жатқанын көрсетеді. Адам «Мен» концепциясын құру арқылы, саналы түрде құндылықтар жүйесін қалыптастыра отырып, өмірін мәнді ете алады. Соның ішінде табиғатқа зиян келтіруге байланысты адамның қарама–қарсылығын жоғарылататын табиғатқа жанашырлықты туғызатын мінез – құлықты қалыптастырудың да маңызы зор.
Экологиялық тәрбие беру –өмір сүру ортасына деген саналы қарым –қатынасты орнатуға қажетті қабілеттердің, әдеттердің, белгілі бір сезімдердің жүйесін дамыту, қалыптастыру мақсатында адамның табиғи ортаға әсерінің ғылыми –техникалық көзқараста саналанған, мақсатты бағытталған үдерісі. Білім, мәдениет, тәрбие, ақпараттық жүйелерді біріктіре отырып, қоғам мәдениетін экологияландыруды дамытуға болады.
Экологиялық этиканы, экологиялық өнегелілікті балалық шақтан бастап қалыптастыру керек, Жердегі тіршілік атаулының барлығының өзіндік құндылығы бар және ол құндылық адамға пайдасы бар, жоқтығына байланысты болмау керек, яғни адамға қажет болса, пайдасы болса ғана құнды болмау керек деген түсінікті қалыптастыру керек.
Экологиялық көзқарасты қалыптастыру арқылы ғана әлемдік экологиялық ойлау жүйесіне жетуге болады.
Ғылым мен техникаға қатысты қазіргі заманғы білімге сүйене отырып, экологиялық мәдениет антропогендік және табиғи эко жүйелердің үйлесімді өмір сүруіне мүмкіндік жасау керек.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   17




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет