Мәдениет атты арнайы курсты оқу барысында пайдалануға, мәдениетті зерттеуге қызығушылық танытатын барша оқырман қауымға арналған. Экологиялық МӘдениет


Дәріс 6 Тұлғаның экологиялық мәдениетін қалыптастырудың концептуалды моделі



бет7/17
Дата02.12.2023
өлшемі329,17 Kb.
#131896
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   17
Байланысты:
treatise23053

Дәріс 6 Тұлғаның экологиялық мәдениетін қалыптастырудың концептуалды моделі
Келешек ұрпақты тәрбиелеу, оның интеллигенттілігі мен мәдениетінің қалыптасуы экологиялық сананың қалыптасуымен тығыз байланысты. Экологиялық мәдениеттің өнегелік– рухани құндылықтарды сақтаумен байланысты сұрақтары арнайы қарастыруды қажет етеді. Экологиялық тәрбие биологиялық экологияны саналау және тәжірибелік меңгерумен шектелмейді. Тек қана сыртқы ортаның ластануы, экологиялық тоқыраудың қаупі ғана емес, сонымен бірге адамның ішкі дүниесінің, рухани жадысының, санасының ластануы тұлғаның күйзелісін білдіреді. Бұқаралық мәдениет жасандыларынан, адам санасы мен рухының әрекетсіздігінен, оның жайбарақаттығынан, немқұрайлылығынан, ар –ұяттың жоқтығынан патриоттық сезімдер жоғалады. Шынайы гуманистік–өнегелілік құндылықтар рухани және материалды мәдениеттер жадысында көрініс тапқан, мәдени ортаның дәстүрінің негізінде пайда болады. Адамдардың өнегелілік қасиетін сақтауда қажет болатын мәдениет ескерткіштерін сақтау үшін еліне, жеріне деген махаббат аздық етеді, сол махаббатың нәтижесі болу керек. Экологиялық сана феномені адамға оның пайда болғанынын бастап тән. Бірақ, экологиялық сананы тәрбиелеу мәселесі біздің заманымызда анағұрлым маңызды бола бастады. Н.Ф. Реймерс пен А. В. Яблоков экологиялық сананы терең, автоматтылыққа жеткізілген, адамның табиғатпен ажырамас байланысы, адамдардың жағдайының жақсы болуы олардың мекен ететін табиғи ортасының салыстырмалы түрде өзгеріске ұшырамауы, тұтастығына байланыстылығы ретінде анықтайды. Экологиялық мәдениетті қалыптастыру мақсатына жетуде тұлғаның экологиялық санасының дамуы маңызды рөл ойнайды. Оның ішіне экологиялық заңдардың мәнін түсіну кіреді; « адам – қоғам - табиғат» жүйесіндегі қарама –қайшылықтардың себебін түсіне білу, табиғи және әлеуметтік заңдардың сәйкессіздігінің себебін түсіну; локальды экологиялық тоқыраулар мен ғаламдық экологиялық апаттардың қауіптілігін сезіну; экологиялық императивпен сәйкес келетін мақсатты іс – әрекеттің моральдық әдісін таңдау; адамның өзін тануы, қоршаған әлемге өзінің бір бөлшегі сияқты қарау. Егер адам өзін – өзі сақтау үшін табиғатты сақтау керек болса, онда табиғатты қорғау үшін өзін–өзі дамыту керек. Адамдардың белгілі бір биосфералық функцияны орындауы керек екендігін түсінуі экологиялық дүниетанымның басты парадигмасын құрайды және экологиялық мәдениеттің негізі болып келеді. Әр түрлі деңгейдегі әлеуметтік – экологиялық мәселелерді шешу қажеттігі экологиялық дүниетанымның қалыптасуын қарастырады, экологиялық дүниетанымның құрамына мыналар енеді:
  • халықтың рухани, өнегелілік тәрбиесі, білімі;
  • «табиғат – адам – қоғам» жүйесіндегі өзара әрекеттің жаңа табиғатты қорғау стандарттарын меңгеру;
  • Адамның денсаулығы мен қоршаған ортаны қорғауға байланысты қоғамның, мемлекеттің, азаматтардың ынтымақтастығы;
  • Экологиялық жарамды технологияларды ендіру, табиғи ресурстарды рационалды пайдалану;
  • Әрбір азаматтың қолайлы және қауіпсіз қоршаған ортаға деген құқығын жүзеге асыру;
  • Бұның бәрін экологиялық мәдениеттің қалыптасу үдерісінде, ғаламдағы өмірдің сақталуын қарастыратын, экологиялық қажеттілік шеңберіндегі тұлғаның еркіндігінің өлшемі ретіндегі экологиялық жауапкершіліктің қалыптасу барысында ескеру қажет.

  • Экологиялық жауапкершілік көрініс табады:
  • өмір қарекеті барысында адам өзінің қайсыбір әсерін тигізетін, адам өмірінің жағдайын анықтайын табиғи ортаның жағдайына жауапкершіліктен;
  • өзінің және басқаның денсаулығына жеке және қоғамның құндылықтары ретінде жауапкершілікпен қараудан;
  • қоғам мен табиғаттың өзара әрекетінің гуманизациясы идеясын насихаттаудан, адамның қоршаған ортаға әсерінен негативті салдардың болуын ескертуінен.

Адамзат өзінің табиғат алдындағы жауапкершілігін сезінгенде, заңмен белгіленген тыйымдар мен шектеулер тәжірибеде қатаң ескерілгенде ғана, адамдар өздерінің моральдарын жетілдіре отырып, тұрақты даму жолына түсе алады.
Қоғамдық сананы экологияландыру үдерісін бірнеше деңгейге бөліп қарастыруға болады: біріншіден адамның табиғатқа деген қарым–қатынасының әр түрлі сезім формасында көрініс табуы (немқұрайлылық, қорқыныш, үрей, байбалам салу); екіншіден экологиялық мәселеге деген қызығушылықтың қалыптасуы (биосферадағы эволюциялық өзгерістердің мәнін ашу, оның тұтастығын детерминациялау); үшіншіден, табиғи құбылыстарды түсінуден, ұғынудан әлеуметтік әрекетке,өнегелік іс - әрекетке көшу; төртіншіден, табиғатқа қатысты адамның жауапкершілік деңгейін көтеру, экологиялық сананың тұлғаның ішкі мәдениетінің элементі ретінде қалыптасуы. Бұл аспектте экологиялық сана мен мәдениеттің деңгейі бұл – табиғатты тану және оның дамуын тәжірибелік пайдалану негізінде қоғамның қаншалықты жан–жақты, терең әлеуметтік маңызды функциялауға енгізуінің көрсеткіші болып келеді. Н. А. Агаджанян адам экологиясы – медициналық – биологиялық, географиялық, әлеуметтік –экономикалық емес, нақты ғылым еместігін, биосферадан ноосфераға өтуде, ойлау жүйесін қайта құруда шексіз маңызды болып табылатын адамның рухани және өнегелілік әлемін білу мен тәрбиелеу екендігін айтады. «Тәрбиесіз берілген білім адамзаттың қас жауы» деп әл – Фараби айтқандай, алдымен тұлғаның рухани әлемін байыту, оған жан –жақты тәрбие беру керек, осы тұрғыда Н. А. Агаджанянның ойымен толық келісуге болады.
Өз заманында Ф. Энгельс тәжірибелік саладағы, санадағы барлық радикалдық өзгерістердің бастамасы болып философиялық көзқарастар табылады деп жазады. Қазіргі кезде адамның өзінің қоғамдағы орнын, өзінің өмір сүру ортасын ұйымдастырушы ғана емес, оған қоса табиғи құндылықтарды сақтаушы ретінде сезінуі қажет. Бұл мәселенің актуалдылығы, тарих бойында адамзат ешқашан өзінің мәдениетінің жағдайына тәуелді болып көрмегендігінен туындайды. Қазіргі уақытта табиғи ортаның жағдайы үлкен мәселе тудыруда және адамдар қоршаған ортаға әсер етуде қателеспеу керек. Экологиялық жағдайдың қоятын талабы – адамның барлық іс – әрекеті бір мақсатқа, міндетке бағынуы қажет, ол –адамзат дамуының басты шарты, негізі табиғи ортаны сақтау. Қалыптасқан жағдайда қоғамды сақтау әдісінің бірі болып, табиғи өзгерістерге бейімделу ғана емес, табиғатпен үйлесімділікті қамтамасыз ету табылады. Эколог – зерттеушілердің, философтардың, саясаттанушылардың, мәдениеттанушылардың мақсаты адамзаттың экологиялық мәселелерді шешуінің жолдарын табу, өнегелілік құндылықтарды қайта жаңғырту, салауатты өмірді негіздеуді жүзеге асыру. Қазіргі кездегі экологиялық жағдай қоршаған ортаны толық түсіну негізінде адам мен табиғатты біріктірудің тәсілі нақ мәдениет болу керек екендігін анықтайды.
Экологиялық мәдениеттің қалыптасу технологиясы тұлғаны тәрбиелеуде кешенді амал–тәсілдерді жүзеге асыруды қарастырады, үдеріс барысында табиғи ортаның құндылығын сезіне білуді дамыту арқылы адамның экологиялық жауапкершілігінің қалыптасуы іске асырылады.
Мектепке дейінгі білім беру мекемелерінде балалардың табиғатқа деген қарым–қатынасында саналы алғышарттардың қалыптасуына баса назар аудару керек, қарапайым тәжірибелік дағдыларды үйретуде, сонымен қатар балаларды тәрбиелеп отырған үлкендердің экологиялық санасының, мәдениетінің дамуына да көңіл бөлу керек.Қазіргі кезде жастардың экологиялық мәдениетінің деңгейі жеткілікті дәрежеде емес. Тұлғаның экологиялық мәдениетін қалыптастыруда тек теориялық білім беріп қана қоймай тәжірибелік білім беру өте қажет және анағұрлым тиімділігі жоғары. Конфуцийдің «менің ұмытып кеткенімді қаласаң, мен үшін өзің істе, есте сақтағанымды қаласаң, оны маған көрсет. Менің үйренгенімді қаласаң, сол нәрсені өзіме істет» дегеніндей, белгілі бір нәрсені үйретуде, жете түсіндіруде тәжірибенің маңызы зор. Мектептерде полевые және экспедициялық жұмыстар жүргізу, экологиялық лагерьлер, мектептер ашу қажет деп есептейміз. Экологиялық мәдениет деңгейін көтеру негізінде мектептерде, жоғары оқу орындарында экологиялық білім беруде қазіргі заманғы білімнің инновациялық технологияларын пайдалану арқылы
адамдардың табиғатқа әсерін түсіндіру, экологиялық жағдайға немқұрайлы қараудың салдарын адам санасына жететіндей түсіндіру. Экологиялық әлеуметтену үдерісіне технологиялық көзқарас бұл - әлеуметтенуді оптимизациялау, қоғамда және табиғаттағы саналы мінез–тың әдістері мен тәсілдерін, жолдарын табу және анықтау. Технологиялық үлгіні құрастыру бірнеше сипаттамаларды анықтауды қарастырады:
экологиялық білім және тәрбие беру үдерісінің нәтижесін;
тәрбие беру үдерісінің басқарылу деңгейін жоғарылату.
Тәжірибе көрсеткендей бұндай маңызды, жиі болатын іс– шараларды іске асыру жеткіліксіз. Осыған қатысты келесі принциптерді негізге алу қажет;
1.Тұрақты даму стратегиясын жүзеге асыру негізінде экологиялық білім беру саласында бірыңғай мемлекеттік саясаттың қалыптасуын, барлық экологиялық білім беру мекемелері қызметінің нәтижелі болуы үшін жағдай жасау;
2.Ортақ, үздіксіз экологиялық білім берудің бірыңғай жүйесін жасау мақсатында, экологиялық мәселелерді шешуде қызығушылық танытатын заң және жеке тұлғалардың, ұйымдардың, мекемелердің, қоғамдық бірлестіктердің күш біріктіруі.
3.Экология саласында әрбір азаматтың қажетті білім алу мүмкіндігіне кепілдіктің болуы;
4.Жоғарғы оқу орнындағы барлық мамандықтарды экологияландыру.
5.Экологиялық білімнің экологиялық кризистен шығуғу бағытталуы, экологиялық қауіпсіздікті кешенді қамтамасыз етуге бағытталған интегративтік амал –тәсілдерді кеңінен қолдану.
6.Экологиялық білімнің қоршаған ортаның мәселесін шешу тәжірибесімен өзара ықпалдастығы, өзара байланыстың болуы.
7.Барлық білім беру жүйесінің тұрақтылығын, жүйелілігін қамтамасыз ететін профессионалды экологиялық білім беруді дамыту және жалпы білімді экологияландыруға қол жеткізу.
8.Экологиялық білімнің жаңа экогуманды құндылықтардың қалыптасуына, тұлғаның экологиялық мәдениетін жоғарылатуға бағытталуы.
Жоғары оқу орындарындағы экологиялық білім негізгі болу керек, сонымен бірге гуманитарлық және ғылыми - жаратылыстанушылық білімдерді үйлестіре алуы қажет. Ондай концепцияларды іске асырудың маңызды элементтері сәйкес келетін дәріс сабақтарын, семинар және тәжірибелік жұмыстар жүргізу болып келеді.
Сонымен, экологиялық білім экологиялық революцияның басты қозғаушы күші болу керек(адамның қоршаған ортамен қарым –қатынасындағы революция). Бұнда әлемде маңызы артып келе жатқан инновациялық, тәрбиелік, білім беру технологиялары шешуші рөлді атқару керек. Олар басқарушы және әлеуметтік – технологиялықпен байланысы бар, жалпы қоғам мәдениетінің бір бөлігі болып табылатын экологиялық мәдениеттің қалыптасу үдерісінің оптимизацияланддыруға бағытталу керек.
Білім және тәрбие беру үдерісін технологизациялау мүмкіндік туғызады:
  • үдерістің әрбір кезеңінде білім және тәрбие берудің мақсатын нақтылауға;
  • үдерістің аралық нәтижелерін бағалауға;
  • тәрбие беру мақсаттарының орындалуына бақылау жасауға.

  • Жастардың эколологиялық мәдениетін қалыптастыру мәселесі нақтылауды, оны іске асыруды қажет етеді. Адам мен табиғат арасындағы қарым – қатынастарды толығымен, жан – жақты зерттеу және осы қарым –қатынастарға нақты –тарихи анализ жасау басты философиялық –әдістемелік принцип болып табылады. Бұл принциптің негізін адам мен табиғаттың бірлігі құрайды. Ғылымға, сонымен бірге адамның басқа да қызмет салаларына басты бағытты белгілейтін мәдениет, абсолютті құндылық ретінде болады.
    Әдіснамалық маңызы бар, білім және тәрбие беру үдерісін оптимизациялау технологиияларын қарастырсақ:
  • когнитивті – ақпараттық оптимизация технологиясы;
  • байланыс оптимизациясының технологиясы;
  • топтық бірлесу технологиясы.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   17




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет