Мәдениет және лингвомәдениет түсінігін дамыту Орындаған: Советбай Әсел Тексерген: Атабаева М



Дата16.10.2022
өлшемі4,65 Mb.
#43390

Мәдениет және лингвомәдениет түсінігін дамыту

Орындаған: Советбай Әсел

Тексерген: Атабаева М.

Лингвомәдениеттану дегеніміз не?

  • Ол латынның Lingua- тіл, Gultura –мәдениет, Logos – ілім деген терминдердің жинақталуынан туындап, лингвистика мен мәдениеттану пәндерінің тоғысуында пайда болып, халық мәдениетінің тілдегі әсерін, ерекшелігін, жаңаша көзқараспен салыстыра зерттейтін сала.

Caption Lorem Ipsum

Caption Lorem Ipsum

  • Лингвомәдениеттану тіл мен мәдениеттану мәселелерінің ұштасуынан қалыптасқан, тіл арқылы көрініс беретін мәдени құндылықтарды, олардың қолданылу жүйесін зерттейтін, өзіндік мақсат-мүддесімен, әдіс-тәсілдерімен ерекшеленетін тіл білімінің үлкен саласы. Ол ұлттық тіл мен ұлттық мәдениеттің бір-біріне ықпалы, адам дүниені қалай көреді, мәдениеттегі тілдік бейненің рөлі, ғасырдан-ғасырға жетіп, ұлт тілінде сақталған халық қазынасы фразеологизмдердің, нақыл сөздер, мақал-мәтелдердің рөлі қандай, олардың адам баласына қажеттілігі неде деген сияқты мәселелерді қарастырады. Ол екі пәннің тоғысуынан пайда болғандықтан халықтың мәдени қазынасын, олардың қолданылу жүйесін зерттейтін тіл білімінің саласы ретінде зерделенеді. Оны зерттеуді көп қажет ететін жас ғылым саласына жатқызамыз.

Осы саланы зерттеп жүрген В.В.Воробьев лингвомәдениеттану пәніне


«Мәдениет тек тілдің қызмет етуіндегі өзара байланысы мен өзара әрекеттесуін зерттейтін, бұл үдерісті жүйелі әдістер көмегімен және қазіргі құндылықтар мен мәдени анықтамаларға бағытталған тілдік және тілдік емес мазмұн бірлігін де біртұтас бірліктер құрылымы ретінде бейнелейтін жинақтаушы түрдегі кешенді пән»

Мәдениет

Мәдениет

  • Мәдениеттің ұрпақтан-ұрпаққа тілсіз жетуі мүмкін емес. Демек мәдениеттің қай түрін алсақ та, оның түрі мен мазмұны тек тіл арқылы ғасырдан-ғасырға сақталып, беріліп отырған. Ендеше тіл арқылы мәдениеттану – ұлттың, халықтың кешегісі мен бүгінгісін тану.

VS.

Лингвомәдениет

  • лингвомәдениеттану – тіл мен мәдениеттің өзара байланысының тілдегі бейнесін сипаттайды. Ол бұл үдерісті «тілдік және мәдени мазмұнды тұтастай құрылым, біртұтас тұлға ретінде кешенді тәсілдер жәрдемімен және де қазіргі заманның негізгі ағымдары мен мәдени ұстанымдарына сәйкес зерттейтін жинақталған біртұтас ғылым болып табылады», - деген тұжырым жасаймыз.

Мәдениет - жеке адамның өзіне тән қасиеттерінен басталып, бүкіл ұлттық менталитетті, ұлттық сана, дүниетаным, салт-дәстүр, рухани-материалдық байлықтың бәрін қамтитын күрделі ұғым. Мәдениетті жасайтын және оны тұтынатын – адам. Сондықтан мәдениет, ең алдымен адам әлемі ретінде саналады. Өйткені мәдениеттің қандай түрі болмасын онда адамның ақыл-ойы, парасаты, наным-сенімі, дүниетанымы, эстетикалық талғамы заттандырылып, материалдық және рухани игіліктер көрініс табады.
Мәдениет деген сөз қазақ тіліне араб тілінен енген. О баста арабтың маданият деген сөзі “қала”, “қалалық” деген ұғымды білдірген. Мұның өзі орта ғасырлардағы мұсылман мәдениетінің өркендеу кезеңінде қалыптасқан түсінікпен байланысты. Мәдениеттанушылардың атап көрсеткеніндей мәдениетке берілген анықтамаларды альтернативтік (қарсы қоюшылық) деп атауға болады. “Мәдениет” ұғымын талдауды мәдениеттанушылар көне заманнан бастайды. Көне заманда мәдениет “жерді өңдеу” деген ұғымды білдірген.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет