Мәдениет және спорт министрлігі Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси жұмыс комитетінің тапсырысы бойынша «Қазақстан Республикасында тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы»



Pdf көрінісі
бет94/284
Дата21.04.2022
өлшемі3,48 Mb.
#31814
түріБағдарламасы
1   ...   90   91   92   93   94   95   96   97   ...   284
Байланысты:
Сөздер сөйлейді

САДАҚ. ЖАҚ/ЖАЙ/ЖА. Бұл сөздер қазақ эпостарында да, XV-

XIX ғасырлардағы ақын-жыраулар тілінде де жиі кездесетін, қазірде 

көнере  бастаған  сөздердің  қатарынан  табылады.  Садақ  сөзінің 

синонимдері – жақ/жай/жа. Соңғы жа варианты қазақ тілінде са-



рыжа, бұхаржа сөздерінде сақталған.

Садақ  (жақ)  –  ағаштан  доғаша  иіп  немесе  иілген  іспетті  екі 

бөлікті жалғастырып, екі ұшын қайыспен керіп, сол кермеге оқ (жебе) 

салып, тартып ататын, өте көне замандардан келе жатқан қару атауы. 

Садақ сөзі кейбір түркі тілдерінде қарудың өзін емес, оның қабын, са-

уытын білдіреді немесе жақтың бүкіл жабдығымен қоса аталған жал-

пы атауын береді. Ал қазақ тілінде садақ сөзі қарудың өзін де, жақ 

пен оның оғын салатын қабын да білдіргенін байқаймыз. Мысалы, 

Қазтуған жырауда: 

Қарағайдан садақ будырып, 

Қылшанымды сары жүн оққа толтырып, – 

деп келеді. «Қыз Жібек» жырында Қорен қалмақ:

Қарсы қарап тұра қап, 

Садақты қолға алады. 



140

Толықсып тұрған баланы 

Толғап тартып қалады.

Бұл екі мысалда садақ – қарудың өзі, яғни жақ.

Сонымен  қатар  садақ  сөзі  жақтың  өзінің  қабын  да  білдірген. 

Мысалы, жырларда кездесетін бұлғары садақ, бұхаржай немесе көн 



садақты демесең, көпке тиер сөзім бар дегендердегі бұлғары садақ,, 

көн садақ тіркестері – былғарыдан жасалған (әлде бұлғарлықтардың 

үлгісімен жасалған ба?) және көннен жасалған қап (жақ салатын фут-

ляр).

Қазақ тілінде жақтың жабдығымен қоса алғандағы жалпы атауы 



ретінде  қолданылуы  да  жоқ  емес.  Мысалы,  Махамбеттің  «беркініп 

садақ асынған» дегенінде ақын «жалпы қару (садақ) асынып, жауға 

аттану» дегенді айтып тұр.

Қазірде  ұмыт  бола  бастаған  бұл  көне  атауларды  осы  күнгі 

кітаптарда  жаңылыс  түсіндірушілік  жиі  кездеседі.  Мысалы, 

Махамбет ақынның 1962 жылғы жинағанда жай – «садақ оғы» деп 

қате түсіндірілген. Бұл түсінік ақынның:

Толғай да толғай оқ атқан, 

Он екі тұтам жай тартқан, – 

деген жолдарына қарай айтылған. Бірақ бұл жердегі ақынның он екі 



тұтам  дегені  –  оқтың  ұзындығы  емес,  жақтың  кермесінің  (адыр- 

насының) өлшемін, яғни жақтың өзін айтқаны. Немесе «Қазақ совет 

энциклопедиясы» жақ сөзінің жай вариантын «жақтың оғы алысқа 

ұшатындықтан,  жақты  кейде  «жай»  деп  атайды»  деп  түсіндіреді. 

Шындығында, бұл екеуі – бір сөз, яғни жақ пен жай параллельдері – 

түркі тілдеріне тән дыбыс алмасуларының (ғ~й) нәтижесі (Қайдаров, 

29). Сол сияқты бұхаржа сөзін «Батырлар жыры» атты кітаптың II 

томында  (1961,  23-бет)  «Бұқар  қаласында  жасалған  сауыт  (?)»  деп 

түсіндіреді.  Дұрысында,  бухаржа  және  сарыжа  сөздеріндегі  жа 

компоненті  –  көне  йа  сөзінің  қазақша  варианты  (сөз  басындағы  й 

дыбысының қазақ тілінде ж болып келетіні белгілі). Көне йа – жақ, 

йа кур- – «жай тарту, жақ ату», йа қурғучы – «жайшы, жақ атушы» 

(ДС,  221).  Қару  атауының  бұл  көне  түрі  қазақша  бұхаржа,  сары-



жа  сөздерінде  сақталған,  осы  сөздер  келе-келе  «жаңашаланып» 

бұхаржай,  саржай,  одан  барып  саржан  түріне  де  көшкені  және 

байқалады:

Бұлғары садақ, бұхаржай

Бұлғай тартты Ер Қосай,

«Ер Қосай» жырының келесі бір жерінде:

Алты атқа алған адырна, 

Он атқа алған бұхаржа, – 



141

болып айтылады. Бір жырдың өзінде бірде бұхаржай, бірде бұхар- 



жа  болып  қолданылуы  ұйқас  шартына  байланысты  болып  отыр: 

бұхаржай  сөзін  (тұлғасын)  Ер  Қосай  сөзіне  ұйқастыру  үшін,  ал 

бұхаржаны  адырнаға  ұйқастыру  үшін  алып  отыр.  «Ер  Тарғын» 

жырындағы Ақжүніс сұлуды жыршы:

Қасы сарыжадай керілген, 

Кірпігі оқтай тізілген, – 

деп суреттесе, «Қыз Жібек» жырында сарыжа тұлғасы саржан бо-

лып кетеді:



Саржанның кірісі 

Тартуға келмей үзілді.



Сарыжа  дегенді  өткен  ғасыр  лексикографы  Л.Будагов  былай-

ша анықтайды: «Қазақша сарыжа, шағатайша сары йай – сүйекпен 

әшекейленген, сарыға боялған жақ» (Будагов, I, 686). Ал бұхаржа деп 

Орта Азия (Бұхар өңірі) үлгісінде жасалған немесе сол жақтан келген 

жақты атаса керек.

Сөйтіп,  кермесіне  (кірісіне,  адырнасына)  оқ  (жебе)  тіреп,  тар-

тып  ататын  ағаштан  жасалған  (будырған)  көне  қару  атауы  XV-

XIX  ғасырлардағы  қазақ  тілінде  садақ,  жақ,  жай,  жа  деп  аталған 

(соңғысы біріккен сөз құрамында ғана). Демек, әр тілдегі сөздердің 

семантикалық (мағыналық) даму заңдарына қарай, о бастағы бір сөз, 

мысалы, садақ сөзі бір тілде қарудың өзін, екінші бір тілдерде тек 

оның қабын, үшінші бір тілдерде қарудың өзін, жабдығын, сауытын 

(қабын) қоса алғандағы жалпы атауын білдіретін болып қалыптасқан. 

Қазақ тіліндегі садақ сөзі – осы үш мағынаның үшеуіне де ие болып 

қолданылып келген сөз.

Осы сөзді түбегейлі әрі қисынды талдаған ғалым – Ә.Қайдаров- 

тың  пікірі  орынды.  Зерттеуші  бұл  сөздің  түптөркіні  түркі-монғол 

тілдеріне ортақ саа тұлғасы деп табады да, оның йә/йаа/жаа/чаа/һаа/



йей/жай/сай/чай/ жақ/сақ/чах/жайа/саға/даға т.б. деген құбылмалы 

фонетикалық варианттары бар екенін көрсетеді (Қайдаров, 28-29).





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   90   91   92   93   94   95   96   97   ...   284




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет