Мәдениет және спорт министрлігі Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси жұмыс комитетінің тапсырысы бойынша «Қазақстан Республикасында тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы»



Pdf көрінісі
бет205/284
Дата21.04.2022
өлшемі3,48 Mb.
#31814
түріБағдарламасы
1   ...   201   202   203   204   205   206   207   208   ...   284
Сарымсақ. «Едіге» жырында (Шоқан нұсқасында): 

Сапты аяқтай ерінді,



Сарымсақтай азулы,

От орнындай тұяқты...

Ат берсең де міне алман, – деген теңеулі тіркестер бар. 

Сарымсақтай азулы тіркесі сармысықтай азулы болса керек. Сірә, 

ертеректе  түркі  халықтарында,  ноғайларда  сармысық  –  жыртқыш 

аңдардың бірінің атауы болар. Арыстан, жолбарыс, леопард сияқты 

мысықтұқымдастардың  бірі  сармысық  деп  аталуы  –  ғажап  емес. 

Кейбір халықтарда қауіпті аңның атын өзгертіп атау (қасқыр – бөрі) 

дәстүрі бар. Соған қарағанда, жыртқыштардың ішінде ең үлкені (сар 

– «үлкен» деген сөз) не түсі сарысы – сар мысық. Сары мысық – ең 



302

азулы  жыртқыш  немесе  сарғылт  түсті  үлкен  мысық  –  арыстан  бо-

луы мүмкін. Сөзді естілуінше жаза салу машығы қай кезеңде де, қай 

жазбаларда  да  орын  алғанын  жоққа  шығара  алмаймыз.  Сондықтан 

Шоқан  жинаған  қолжазбаның  өзінде  сарымсақтай  азулы  деп  жа-

зылса  және  түпнұсқа  жазуын  (орфографын)  сақтап  қазіргі  жазуға 

келтіріп  транскрипциялаған  күнде  де  бұл  сөздің  сармысық  екенін 

жол соңындағы сілтемеде немесе мәтінге ұсынылатын комментарий-

лерде қоса көрсетіп отырған жөн. Әйтпесе ащы жуа – сарымсақ пен 

арыстан  сияқты  аңның  атауы  бірдей  еместігі  көрініп-ақ  тұрғанын 

жақсы білеміз.

Су. Ноғайлы цикліндегі қазақ жырларында өзен сөзімен қатар осы 

сөздің  мағынасында  көбіне-көп  су  сөзі  қолданылған:  «Үш  алпаты 

үлкен су, Сені тағы алдырттым» (Едіге батыр); «Толықсыма, тұнық 

су» (Сонда); «Қырында киік жайлаған, Суында балық ойнаған... Суда 

жүзген ақ шортан» (Асанқайғы, XV ғ.).

Айдынды сулар, аймақ көл,

Тасыса дөңбек келтірер (Шалкиіз, XV-XVI ғ.).

Қоғалы көлдер, қом сулар 

Кімдерге қоныс болмаған? (Шалкиіз)

Мұндағы қом сулар – толқынды өзендер.

Тоғай, тоғай, тоғай су.

Тоғай қондым, өкінбен (Доспамбет, XVI ғ.).

Ноғайлы  цикліндегі  су  сөзінің  жиі  кездесетін  себебі  –  ноғай 

тілінде өзенді негізінен су деп атайды. Су сөзінің «өзен» мағынасы 

–  көне  түркі  тілдерінен  келе  жатқан  қолданыс  (ДТС,  515).  Су 

«өзен» мағынасында тек ноғайлы дәуірінің жырларында ғана емес, 

қазақтың  өзге  жырларында  да  кездеседі:  «Бір  су  бар  ұзын  аққан 

теріс түстіктен» (Қозы Көрпеш-Баян сұлу); «Жетелеп қара атты суға 

келдік» («Арқалық батыр»).

Қазірде де қазақ тілінде «өзен» мағынасында су сөзі қолданыла 

береді.  Бірақ  әдеби  тілдегі  номинатив  атау  –  өзен.  Демек,  «өзен» 

мағынасындағы су сөзі ертедегі өлең-жырлардағы ескіліктің бірі деп 

танылады. Түсіндірме сөздіктерде «көне» деген белгімен беру керек.

Сарыкөл, Самар сынды су.

Мынау Самар деген суыңыз,

Мынау Жайық деген суыңыз,

Мынау Еділ деген суыңыз,

Мынау Сахмар деген суыңыз (Шалкиіз).

Еділ, Жайық арасы,

Екі судың саласы (Шалкиіз).



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   201   202   203   204   205   206   207   208   ...   284




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет