Мәдениет және спорт министрлігі Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси жұмыс комитетінің тапсырысы бойынша «Қазақстан Республикасында тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы»



Pdf көрінісі
бет115/284
Дата21.04.2022
өлшемі3,48 Mb.
#31814
түріБағдарламасы
1   ...   111   112   113   114   115   116   117   118   ...   284
Байланысты:
Сөздер сөйлейді

ТҰЛА  БОЙЫ.  Бұл  тіркестің  жалпы  мағынасы  түсінікті:  оны 

сөздіктер  «бүкіл  дене,  он  екі  мүшесі  түгелімен»  деп  түсіндіреді 

(ҚТТС, т. 9. 269-бет). Мұндағы бой сөзі де түсінікті, ал тұла деген 

немене?  Ол  жеке  тұрып  қолданылмайды.  Іздестірсек,  тул  –  парсы 

тілінде «ұзындық, ұзындық аралығында» деген мағынаны беретін сөз 

екен. Қазіргі қазақ тіліндегі тұла бой дегеніміз – адам денесінің ұзын 

(бүкіл) бойы, яғни бүкіл денесі деген тіркес болып шығады. Өте ер-

теде қалыптасқан мұндай екі тілдік сөздердің тіркесі қазақ тілінде аз 

кездеспейді. Мысалы, ұзақ қарға деген құс атауы да – «қарға + қарға» 

деген сөз: зағ парсы тілінде «қарға» (ол парсы тіліне түркі тілдерінен 

ауысқан сөз болуы мүмкін, ол күнде түркі тілдерінде ұзақ сөзі жеке 

тұрып та қарға деген құс атауын білдірген сөз болуы керек). Және бір 

мысал: шарбы май тіркесі. Бұл да – парсы-түркі сөздерінің қатарласа 

қолданылған май+май сөздері, өйткені чәрб – парсыша «май».





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   111   112   113   114   115   116   117   118   ...   284




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет