363
Қолданысқа түскен сөздің дыбысталуы (айтылуы) жағынан өзге-
ріп, қабылдаушы тілдің дыбыстық-әуендік заңдылықтарына бағын-
ған тұлғалары тек ауызекі сөйлеу тілінде емес, жазба тілде де орын
алуы, яғии трансформациялануы өзге тілдік сөздің кірме стату-
сына ие болуының бір белгісі екендігі жоғарыда айтылды. Бөгде
тілдік қолданыстарды мүмкіндігінше қабылдаушы тілдің дыбыста-
лу заңдылықтарына икемдеу әрекеті жүре түсетіні және байқалады.
Бірақ бұл әрекет қазақ тілінің соңғы 60-70 жылдық даму барысында
өте баяу жүріп келеді. Мысалы, соңғы онжылдықтарда роль, маши-
на, почта, товар, завод, чиновник, артист, станция сөздерін
рөл,
мәшине, пошта, тауар, зауыт, шенеунік, әртіс, стансыдеп жазу
орын ала бастады. Жоғарыда айтылды, «қазақыландыруға» бейімдеу
тұратындар – тұрмыстық лексика тобы мен ғылыми-техникалық тер-
миндерге жатпайтын атаулар. Көрсетілген сөздер – осы қатардан.
Бөгде сөздердің фонетикалық пішіні жағынан қазақ тіліне икем-
делуі бірізді емес. Мысалы, артист сөзі әртіс болып қалыптасатын
болса, актер, режиссер, директор, ректор, журналист деген сөздер
неге әктөр, ірежисөр, деректір, ректір, журналіс болып жазылмай-
ды?! Бұлар да – ғылыми терминдер емес, жай атаулар, қолданылу
белсенділігі (жиілігі) «бағынған» сөздермен (әртіс-пен) бірдей.
Бүгінгі қазақ жазба дүниесінде жиі де, сирек те қолданысқа түсіп
жүрген бөгде тілдік сөздердің бір тобын қалай жазылатындығына
қарамастан, кірме сөздер деп қабылдайтын (атайтын) болсақ,
екінші тобын шеттілдік сөздер деп тану керек. Шеттілдік сөздердің
қолданылу аясы тар: олар көпшілікқолды емес, яғни күнделікті өмірде
жиі әрі еркін жұмсалмайды, қалың көпшілікке мағынасы түсініксіз.
Оларды белгілі бір саланың (ғылымның, өндірістің т.б.) мамандары
ғана пайдаланады, белгілі бір әдебиеттерде ғана кездеседі.
Солардың бірі – жаңа приборлардың, құрал-жабдықтардың ат-
тары: стереовизор, радиофон, видеомагнитифон, супер-автомат,
микрокинескоп. Бұл атаулар қазақ тілінде жиі колданылмағанмен,
қазақша баспасөз беттерінде, ғылыми әдебиетте, тіпті оқулықтар мен
оқу құралдарында кездесетіні күмәнсіз. Бензолон, полиэтилен, аэро-
зол сияқты жаңа заттардың осы атаулары да қазақшалауға келмейді.
Дүниеге келіп жатқан жаңалықтардың ішінде ғылыми-техни-
калық, саяси-әлеуметтік терминдерге жатпайтын бір алуан қарапайым
заттардың, құбылыстардың атауларының көп сөзбен түсіндіріп,
атауға тура келетіндері бар. Мысалы, орыс тілінде бройлер деген
шеттілдік сөз бар, ол – «еті мол әрі тез пісетін балапан тауық» дегенді
білдіретін бір сөзді атау. Мұны көп сөзбен, сөз тіркесі арқылы, яғни
аналитикалық тәсілмен атаудан гөрі бөгде бір сөзбен бройлер деп
атаған әлдеқайда ұтымды. Қазақ тілі үшін де солай.
364
Осы сияқты метро құрылысын қазақша «жер астында электр
қуатымен жүретін пойыз» деп көп сөзбен атаудың орнына метро де-
ген бөгде тілдік бір атауды кірме сөз етіп қабылдаған дұрыс. «Болат
т.б. металл қоспасынан жасалған жолдың табаны» деп түсіндірме
атаумен атағаннан гөрі рельс деп шеттілдік бөгде сөзді қабылдаған
орыстардың тәсілімен қазақ тілінде де осылайша атау әлдеқайда
дұрыс, ал жолдың теміржол деп жалпы аталуы – соқпақжол, тас-
Достарыңызбен бөлісу: