Мәдениет және спорт министрлігі Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси жұмыс комитетінің тапсырысы бойынша



Pdf көрінісі
бет8/161
Дата01.12.2022
өлшемі2,1 Mb.
#54173
түріБағдарламасы
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   161
1-кезеңі – Қазақ хандықтарының құрылуы мен қалыптасу 
тұсы, бұл XV-ХVIII ғасырдың бірінші жартысын қамтиды
мұны «қазақ хандықтарының кезіндегі әдеби тіл» деп те атап 
жүр.
2-кезеңі күні бүгінге дейін бел алып келген дағды бойынша, 
XVIII ғасырдың II жартысынан XIX ғасырдың II жартысына 
дейінгі тұсқа шамалауға болады. Бұл тұста қазақ даласында 
хандық жойылды.
1-дәуір қазақтардың дербес халық болып құралып, өз алды-
на хандық құрған тұсы – ХV ғасырдан басталып, XIX ғасырдың 
II жартысына дейінгі мерзімді қамтиды. Бұл – қазақтың ауызша 
да, жазба да әдеби тілдерінің қалыптасуы мен әрі қарай даму 
процесінің алғашқы тұсы. Бұл кезеңдегі әдеби, әсіресе ауыз-
ша дамыған әдеби дәстүр қазақ халқы мен қазақ хандығының 
құралу процесіне үлес қосқан үлкен әлеуметтік күш болды. 
М.Әуезов былай деп жазған еді: «Тақырыбы мен жанрлары 
жағынан сан алуан қазақ халқының ауыз әдебиеті XV-ХVII 
ғасырларда кеңінен дамыды. Өлең-жырлар, тапқыр шешендік 
сөздер халықтың қоғамдық және рухани өмірінде көрнекті 
орын алды. Сол кездегі мақалдар мен мәтелдер... сөз өнерін 
халықтың аса қадірлегенін көрсетеді»
35
.
Бұл дәуірде тараған әдебиеттерді үш топқа бөлуге болады:
1) Ауыз әдебиеті (фольклор) үлгілері. Аты-жөні ұмыт болған 
авторлардың шығармалары да осы топқа жатады.
2) Ауызша тараған авторлы әдебиет (поэзия және шешендік 
сөздер).
35
Әуезов М. Қазақтың ауыз әдебиеті //Қазақ ССР тарихы. - 1957. - І-т. - 212-213-б.


25
3) Жазба әдебиет үлгілері. Олардың тілі ортаазиялық түркі 
жазба дәстүріне негізделді. Бұл үлгілерді хан сарайының 
біліктілері мен ру-тайпа басындағы зиялылар оқитын болған.
Қазақтың төл жазба әдеби тілінің алғашқы нышандары
XVI ғасырларда-ақ көріне бастады (мысалы, жалайыр Қадыр- 
ғали би жазған шежіресі, хандар кеңсесінің әр алуан жазба-
лары т.б.). ХVІІІ-ХIX ғасырлар қазақ қауымы үшін едәуір 
үлкен әлеуметтік, экономикалық, саяси өзгерістер мен бетбұ- 
рыстардың кезеңі болды. Осыған орай өз заманының жемісі 
ретінде қазақ әдебиетінің жаңа сипатты туындылары пайда 
болды. Жыраулық мектеппен қатар ақындық дәстүр күшейе 
түсті. Ендігі жерде жыраулар мен ақындардың бірқатары 
мұсылманша сауатты болып, түркілік жазба әдебиеттен де 
сусындай алатын болды. Бұл құбылыс әдеби тілдің одан әрі 
орныға, дами түсуіне зор ықпалын тигізді.
Екінші дәуір XIX ғасырдың II жартысынан басталады. 
Бұл – қазақтың ұлттық жаңа жазба әдеби тілінің қалыптасу 
тұсы болды. Бұл кезеңнің өзін кейде (көбінесе) XIX ғасырдың 
II жартысынан XX ғасырдың басына дейінгі, XX ғасырдың 
алғашқы екі онжылдығындағы және кеңес дәуірі деп келте 
кезеңдерге бөліп қарастыру да байқалады. Бұлайша дәуірлеу 
– әдеби тілдің өзінің даму сатыларына қарап айқындау емес, 
қоғам өмірінің әлеуметтік хал-ахуалына қарап бөлшектеу бо-
лып табылады. Ал, шындығында, өткен ғасырдың екінші жар-
тысында қалыптасып, өмірге келген қазақтың ұлттық жаңа 
жазба әдеби тілі сапалық үлкен өзгеріссіз бүгінгі қазақ әдеби 
тіліне келіп ұласып отыр. Әрине, әдеби тілдің бір кезеңінің өз 
ішінде даму барысы (қарқыны, сипаты, өзге тілдермен қарым-
қатысы т.т.) бір қалыпты болмайтыны – даусыз. Бірақ әдеби 
тіл эволюциясының кезендерін айқындау үшін, ең алдымен, 
тілдің өзіне хас (тән) сапалық өзгерістерді, ол өзгерістердің 
алдыңғы кезеңдермен салыстырғанда байқалатын белгілерін 
есепке алу керек. Содан соң барып сол тілді иемденуші 
халықтың әлеуметтік тарихының тілге еткен ықпалына 
(экстралингвистикалық факторларға) назар аударылуға тиіс.
Әдетте қоғамның азаматтық тарихының тіл дамуына әсері
едәуір кідіріспен, кешеуілдеп жүреді. Әлеуметтік-саяси, идео- 
логиялық өзгерістер болған күннің ертеңіне тіл өзгеріп 


26
шыға келмейді. XIX ғасырдың II жартысынан бермен қарай 
қазақ халқының әлеуметтік-саяси өмірінде небір өзгерістер, 
жаңалықтар болып өтті, бірақ тіл өзінің негізгі сипатын 
түбегейлі өзгерткен жоқ, рас, сөздік қазына молықты, грамма- 
тикалық нормалар тұрақтала түсті, функционалдық стильдер- 
дің жеке белгілері айқындала түсті, орфоэпиялық (сөзді дұрыс 
дыбыстау) нормаларын сақтау қолға алынды т.т. Бірақ бұлар- 
дың ешқайсысы тілде сапалық өзгеріс туғызған жоқ.
Міне, қазақ әдеби тілі дамуын дәуірлеудегі ұсынылып кел-
ген пікірлерді көрсете келіп, бұл мәселенің әлі де шешілмеген 
даулы жайттары барын ескертеміз.
Дау туғызатын мәселенің бірі – қазақтың төл ауызша әдеби 
тілінің тарихын не себептен XV ғасырлардан бастаймыз де-
ген сауал. Оған біздің жауабымыз мынадай. Бұл кезең – қазақ 
хандығын құраған ру-тайпалардың өз алдына дербес халық 
болып топтана бастаған, яғни «қазақ» деген этнонимнің тарих 
сахнасынан орын ала бастаған тұсы. «Дербес қазақ хандығы 
құрылған XV-XVI ғасырларда нағыз тума қазақ әдебиеті ауыз-
ша поэзия түрінде қалыптасады. Соған орай оның төл әдеби 
тілі де поэзия тілі түрінде жасалды»
36
. Сөз жоқ, бұған дейін 
де қазақ тілінде (яғни кейін қазақ тілі болып қалыптасқан тіл 
типінде) сөйлеген ру-тайпалар сан ғасыр бойы өмір сүріп келген 
және олардың жақсы дамыған ауызша көркем әдебиет дәстүрі 
болған. XV ғасырдан аты белгілі жыраулар мен шешендер 
тақыр жерден өнер бастамағандықтары белгілі. Олар өздеріне 
дейінгі дәуірлердің поэзия дәстүрін (VIII-XIII ғасырлардағы 
түркі халықтарына ортақ ауызша поэзияны былай қойғанда), 
XIII-XIV ғасырлардағы Алтын Орда мен Ақ орданы ме-
кен еткен болашақ қазақ, қарақалпақ, ноғай, башқұрт, Еділ, 
Қырым татарларын құраған тайпа одақтарының сөз өнерін әрі 
қарай жалғастырушылар, дамытушылар болды. Бұл пікірді 
Қ.Өмірәлиев «XV-XIX ғасырлардағы қазақ поэзиясының 
тілі» деген кітабында нақты материалдармен дәлелдеп, жақсы 
көрсетіп берді.
Екінші даулы мәселе – «қазақ қауымы халық болып 
қалыптасқан бойда көркем әдебиеті мен әдеби тілі бірден пайда 
бола қоюы шындыққа сая ма?» деген сауал. Әрине, белгілі бір 
36
Өмірәлиев Қ. Тереңге тартқан тамырлар// Қазақ әдебиеті. - 1981, 17 июль.


27
ру-тайпалардың халық болып бірігуі мен оның рухани-мәдени 
дүниесінің, оның ішінде әдебиеті мен тілінің қалыптасуы (пай-
да болуы) әрдайым тұспа-тұс келе бермеуі мүмкін. Бірақ халық 
болып құралғанға дейінгі көркемсөз мұрасы мен дәстүрі сол 
халықтың әдебиетінің едәуір шамада көрініп, дербестік алуына 
жағдай жасайтыны және ықтимал. Сірә, қазақ халқын құраған 
ноғайлы-қазақ ру-тайпа одақтарының XV ғасырларға дейінгі 
көркемсөз өнері күшті дамып келгендігі қазақ халқының ауыз-
ша поэзиясының бірден қазақ поэзиясы ретінде көрінуіне се-
беп болған тәрізді.
Демек, осы көрсетілгендер сияқты өзге де жеке мәселелер 
қазақ әдеби тілінің тарихын бастауда және оны әрі қарай 
дәуірлерге (кезеңдерге) бөлуде әлде де алдымызда тұрғанын 
ескертеміз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   161




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет