8
тілдері, олардың тарихын зерттеуге қажет объектілердің
(жазба ескерткіштердің) сипаты, сөз жоқ, жоғарғы пікірлерді
айтқызуға мүмкіндік береді. Осының нәтижесінде «әдеби
тіл» деген термин «жазба тіл» дегеннің баламасы ретінде
ұсынылады.
Ал осы таным дүниежүзіндегі тілдердің барлығына келген-
де, бірден-бір дұрыс анықтама бола ала ма? Әлде әр халықтың
мәдени-рухани дүниесі тарихының ерекшеліктеріне орай және
тілінің әр дәуірдегі даму барысына
сәйкес сол тілдің әдеби
түрін танытатын өзге де белгілердің болуы мүмкін бе?
Зерттеушілердің көпшілігі «әдеби тіл» ұғымы тарихи жағы-
нан құбылмалы деп таниды. Демек, ол жөніндегі бір ғана та-
ным-анықтама барлық тілдердің әдеби түрінің даму бары-
сыңдағы күллі дәуіріне бірдей сай келуі – шарт емес. Сондық-
тан кейбір халықтардың жазу дәстүрі тумаған немесе өрбіме-
ген, я болмаса бір кездерде жазуы болып, кейін әртүрлі се-
бептерден дамымай қалған дәуірлерінде де әдеби тілі болуы
мүмкін деген пікірлер де орын алып жүр
7
.
Қазақ тіл білімінде де «әдеби тіл» деген ұғымға тиянақты
бір анықтама берілмей келеді. Жалпы күні бүгінге дейін «қазақ
әдеби тілі», «қазақ жазба әдеби тілі», «қазақ ауыз әдебиеті
тілі», «қазақтың жалпыхалықтық тілі»
деген категориялар
бір-бірінен ажыратылып, әрқайсысы нақты анықтамаға ие
болған жоқ. Өйткені қазақ тілінің бізге мәлім тарихының өн
бойындағы сыры, ерекшеліктері, жұмсалу өрісі толық зерттеліп
біткен жоқ. Соңғы жылдарда қазақтың жалпыхалықтық тілі
мен әдеби тілі тарихына қатысты жеке мәселелерді қарастыру
едәуір қолға алынғанымен
8
, әрине, бұл ізденістер проблеманы
түбегейлі шешіп тастауға әлі де жеткіліксіз екендігі аян.
7
Бұл
жөнінде В.В.Виноградовтың аталған еңбегінің 98-116-беттерін қараңыз.
8
«Қазақ тілі тарихы мен диалектологиясы мәселелері» атты жинақтың 1-(1958),
2-(1960), 3-(1960), 4-(1962), 5-(1963) кітаптарындағы Н.Сауранбаев, Ә.Құрышжанов,
Ш.Сарыбаев, Р.Сыздықова, Ғ.Айдаров, Н.Қарашева, Е.Жұбанов, М.Томанов,
Е.Жанпейісовтердің мақалаларын және Е.Жанпейісовтің «Қазақ прозасының тілі»
(1968). Б.Әбілқасымовтың «Алғашқы қазақ газеттерінің тілі» (1971), «ХІІІ-ХІХ ғ. қазақ
әдеби тілінің жазба нүсқалары» (1988), Р.Сыздықованың «Абай шығармаларының
тілі» (1968), «ХVШ-ХІХ ғ. қазақ әдеби тілінің тарихы», «Язык «Жами ат-тауарих»
Жалаири» (1989), С.Хасанованың «ЬІбырай Алтынсарин шығармаларының тілі» (1972),
С.Исаевтың «Қазақ әдеби тілінің совет дәуірінде дамуы» (1973), «Қазақ әдеби тілінің
тарихы», (1989). Қ.Өмірәлиевтің «ХV-ХІХ ғ. қазақ поэзиясының тілі» (1976) деген
кітаптары мен «Қазақ әдеби тілінің қалыптасу тарихы мен даму жолдары» (1981) атты
жинақты қараңыз.
9
Бізде де әдеби тіл статусын жазумен ғана байланыстыру
идеясы жоқ емес. М.Балақаев: «Әдеби тіл – жазба тіл. Жазба
әдебиет арқылы тіл байлықтары,
оның құрылысы сымбатты
қалыпқа түсіп, екшеледі. Жазуы болмаған халықтың тілі әдеби
тіл
дәрежесіне көтеріле алмайды»
9
, – деп жазады. Дәл осын-
дай тұжырымды Ғ.Мұсабаев та айтады: «Әдеби тіл ең әуелі-
ақ жазуға сүйенеді. Жазу стилінсіз әдеби тіл болмақ емес»,
10
– дейді. Енді бірқатар зерттеушілер қазақтың әдеби тілін
XIX ғасырдың екінші жартысынан басталады деп, мұны ұлы
ағартушы-демократтар – Абай мен Ыбырайдың есімдерімен
байланыстырады.
11
Әсіресе бұл қағида Абай мен Ыбырай
сияқты қаламгерлердің шығармашылығы мен қызметін сөз ет-
кен тұстарда баса айтылып келді. Тіпті қазақ әдеби тілі Қазан
революциясынан кейін ғана пайда болып,
дамып отыр деген
пікірлер де жоқ емес
12
.
Бұл көзқарастар қазақ әдеби тілін тануда үзілді-кесілді
орныққан бірден-бір айқын пікірге келтірмей отырғаны белгілі.
Халықтың әдеби тілінің қалыптасып, дамуы сол халықтың
әлеуметтік тарихымен тығыз байланысты. Қауымның ру-тай-
палық дәуірін былай қойғанда, бірнеше саяси-территориялық
бөлікке бөлініп, бытырап келген феодалдық дәуіріндегі әдеби
тілі мен ұлт болып құралған кезеңіндегі әдеби тілі бірдей
болмақ емес. Әсіресе айырмашылық тілдің әлеуметтік қызметі
мен стильдік тармақталуы жағынан көзге түседі. Сондықтан
осы күнгі ұлт болып қалыптасқан халықтардың тілдерін
Достарыңызбен бөлісу: