129
әңгімелесек, мыналарды айтуға болады. Ең алдымен, бұл –
ескі қазақ жазба тіліндегі әзірге бізге жеткен тұңғыш проза
жанрының үлгісі. Бұл шығарма
өзінің көркемдік-композиц-
иялық құрылымы жағынан екіге бөлінеді: бірі – автордың өз
қолтаңбасы (төлтума -оригиналы) көрінген бөліктері, олар
«Мадақ сөз» бен соң жағындағы өзі жазған бірнеше дастаны,
екіншісі – парсы тілінен еркін аударма жағы.
Алдыңғысында, әсіресе «Мадақ сөзде» Қадырғали қазақтың
нағыз билерінше толғайды, оның барлық эпитет, теңеу, ме-
тафора сияқты көркемдеу құралдары, параллельдер түзетін
синтаксистік құрылымдары, бейнелі фразеологизмдері – бар-
шасы шешен тілмен көркем түрде
берілген монолог болып
келеді деуге болады (ол жөнінде толығырақ мына кітапта
айтылды: Сыздықова Р., Қойгелдиев М. Қадырғали би
Қосымұлы және оның жылнамалар жинағы. - Алматы, 1991.
- 105-108-б.). Ал аударма жағы жылнамалар стилі сақталған
баяндау
мәнерімен берілген, атап айтқанда, сан жағынан
жай сөйлемдер көбірек келеді, шығарма өткен замандардағы
оқиғаларды баяндау болғандықтан, етістік тұлғалары негізінен
өткен шақтың
-ды/-ді жұрнағымен келген; көмекші
ерді/
еді етістігі актив қолданылған; шежірелерге тән стереотип
амалдардың бірі – адам, жер-су, ел-жұрт, ру-тайпа аттарын
санамалап отыру т.б. орын алған. Әрине,
маман-жазушы, та-
рихшы болмағандықтан әрі сол кездегі аударма әдебиеттің
тәжірибесі қалыптаспағандықтан, шығарма мәтінінде стильдік
ағаттықтар да жоқ емес. Олар сөздердің сөйлемдегі орын
тәртібінің бұзылуы сияқты сәттерде көрінеді, бұл көбінесе
парсы тіліндегі түпнұсқа синтаксисінің
тікелей әсері екені
байқалады.
Жалпы XVI-ХVII ғасырлардағы ескі қазақ жазба тілінің
проза жанрында синтаксистік амалдардың әлі белгілі бір жүй-
еге түспегендігін және нормасы тұрақталмағандығын атауға
болады.
Міне, сөйтіп, қомақты әрі аса маңызды туынды – жалай-
ыр Қадырғали бидің шежіресі (жылнамасы) тіліне қарап, XVI
ғасырдың соңы мен XVII ғасырдың бас шамасындағы қазақ
авторлары пайдаланған жазба дәстүрдің сипатын біршама осы-
лайша танимыз.