Мәдениет және спорт министрлігі Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси жұмыс комитетінің тапсырысы бойынша «Қазақстан Республикасында тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы»



Pdf көрінісі
бет108/180
Дата14.03.2022
өлшемі2,1 Mb.
#27901
түріБағдарламасы
1   ...   104   105   106   107   108   109   110   111   ...   180
-мақ  және    жұрнақтары  арқылы  келетін  тұлғалар.  Мұның 
алдыңғы  кезеңдерде  өнімдірек  болған  -мақ  жұрнақты  түрін 
бірте-бірте  -у  жұрнақты  варианты  алмастыра  бастағаны 
байқалады.  Дулат,  Шортанбай,  Шал  ақындар  көбінесе  соңғы 
тұлғаны қолданады: «Өлгеніңше тою жоқ, Жегенін қазақ қою 
жоқ» (Шортанбай). Тіпті «Тумақтың өлмегі бар» сияқты сен-
тенцияны Шортанбай: «Өлуі болмай қоймайды Туғаннан соң 
пенденің» деп қайта құрастырады. Әрине, -мақ жұрнақты ва-
риант та ара-тұра қолданылып отырады: «Құбылаға бас қоймақ 
Мұсылманның  тарығы...»,  «Жиырма  тоғыз  әріптің  Жайын 
білмек керек-дүр» (Шортанбай).
Қимыл есімінің осы күнгі норматив -у жұрнақты түрінің ак-
тив қолданыла бастаған тұсы XIX ғасыр деуге болады.
Келесі  варианттар  қатарын  етістіктің  ашық  райдағы 
-ма+й+мын және -ман аффиксті тұлғалары түзеді. Біз сөз етіп 
отырған кезеңдегі көркем әдебиет тілінде ауыспалы осы шақ- 
тың  I  жақта  жекеше  болымсыз  аспектіде  қолданылатын 
-ма+й+мын қосымшалы түрінің орнына көбінесе ықшамдал- 
ған -ман жұрнақты варианты қолданылады. Мысалы, Махам-
бет  аталған  категорияны  білдіру  үшін  тек  қана  осы  тұлғаға 
жүгінеді:  «Мен  кеткенмен,  тек  кетпен...»,  «Мен  кескекті 
ердің  сойымын  Кескілеспей  бір  басылман...»,  «Ар-намысым 
қашырман...», «Бұлтқа жетпей шарт сынбан...», «Бас кесермін, 
жасырман». Бұл амалды ақын көпше мағынада да жұмсайды: 
«Бесеуіміз жүргенде, Алашқа болман деуші едік».
Аталған  тұлғаны  стильдік  қолданыспен  байланыстырып, 
оны  айтылмақ  ойға  қайсарлық,  жігерлілік  реңкін  білдіретін 
құрал  деп  танушылық  бар
161
.  Бірқатар  өлеңдердің  контексіне 
қарағанда, мұндай стильдік қызметін жоққа шығаруға да бол- 
мас  (мысалы,  осы  тұлғамен  келетін  Махамбет  жолдарын  
қараңыз), дегенмен -ман аффиксті тұлғаны белгілі бір кезең- 
дердегі  поэзия  тілі  үшін  жалпы  норма  деп  таныған  дұрыс, 
161
  Балақаев  М.  Баспасөздің  тіл  мәдениеті  туралы  //Тіл  мәдениеті  және  баспасөз.  - 
Алматы, 1972. - 15-б.


219
өйткені  мұның  -маймын  қосымшалы  қатары  кемде-кем 
ұшырасады, тіпті жоққа тән.
Тұлғалық  варианттар  қатарына –тұғын  ~  тын, -соң  ~ 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   104   105   106   107   108   109   110   111   ...   180




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет