-қучы, -кучі- гучі жұрнағымен алмастырған кездері де аз
ұшырамайды: алғучы, бергучі.
253
Бұл көрсетілген ерекшеліктер – қатаң қолданылған норма
емес, бұлармен параллель қазақтың өз тұлға-тәсілдері де еркін
қолданылады. Бұл – бір жағынан, жаңа стиль құралдарын іздеу
үстіндегі құбылыс болса, екінші жағынан, түркі халықтары
мәдениетінде ертеден келе жатқан осы стильдегі жазу
дәстүрінің әсері: XV-ХVI ғасырлардан бастап шағатайша ди-
дактика, ғылым және публицистика жанрлары дамығаны
мәлім.
XIX ғасырдағы қазақ публицистикасы тіліндегі жарыс-
палылық тек түркілік-қазақтық элементтер қатарында ғана
емес, қазақ тілінің өз тұлға-тәсілдерінің берілуінде де бар.
Мысалы, -менен ~- мен, -тұғын ~ -тын, дағы ~ да, салысты-
ру жұрнағы -дайын/дай тәрізді грамматикалық тұлғалар па-
раллель қолданылады. Бұл – көркем әдебиет стилінің әсері.
Етістіктерде көптік мағына беруде әлі қалыптасқан норма
жоқ, сондықтан бірде шағатайша-татаршалап кеттілер, бар-
дылар деп -лар жалғауын тіркеп айтуға дайын тұрса, енді бір
сәттерде ортақ етіс тұлғасын пайдалануды қалайды. Мысалы:
«Бұл екеуі көп зәрушілік көріседі» (ДУГ, 1893, №11), «Кедей
қазақтар бір ояздан бір оязға кетіседі» (сонда, 1891, № 36).
Есімшенің -тын жұрнағы көбінесе -тұғын, кейде тіпті тұрған
тұлғасында келеді. Бұл айтылғандарға мысал ретінде мына
үзіктерді келтіруге болады:
«1896 жылы 17 августа біз кім төменде қол қойып, мөһр-
лерімізні басқучы Өскемен ойазының һәм Семей ойазының
қызметтегі народни содиялар жасадық үшбу ережені Чар бой-
ында Көшек түбіндегі болынмыш чірезбичайни сиездегі ойаз-
най ұлығымыздың алдында...» (ДУГ, 1897, 23 ноябрь, №46).
«Дүнияның һәртүрлі нәрселері һәм бола тұрған нәрселері не
себептен болатұғынын біле алмай біздің қазақ халқы ойлайды
бір үлкен кереметлі нәрсе ғой көретұғын дүнияның һәртүрлі
нәрселерін һәмбола тұрған нәрселерін бұзып һәм дүнияның
өзін билеп тұратұғын деп» (ДУГ, 1894, 27 ноябрь, №47).
Қазақ публицистикалық стилінің алғашқы кезеңі синтаксис
саласында біраз ерекшеліктерді көрсетеді. Бұл стиль – қазақ
тілінде проза жанрының алғашқы үлгілерінің бірі. Мұнда про-
за синтаксисінің заңдылықтары орналасу тәртібінде, құрмалас
254
сөйлемдерді жасауда, сөйлемді қаратпа, қыстырма сөздермен
немесе оңашаланған мүшелермен күрделендіруде бірізділік,
норма әлсіз. Бұл сәттерде ауызекі сөйлеу тілі тәртіптері (нор-
малары) мен поэзия тілінің әсері күшті: публицистикалық
мәтіндер кейде өлеңге ұқсап кетеді (Абай «Қара сөздерін»
қараңыз), кейде ауызекі сөйлесіп отырғандағы әңгімеге
ұқсап кетеді. Бастауыштың баяндауыштан соң, анықталушы
мүшенің анықтаушыдан бұрын орналасуы бұл мәтіндерде жиі
байқалады. Бұған аударманың да үлкен әсері тиген. Материал-
ды орыс тілінен аударғанда, көбінесе түпнұсқадағы сөз тәрті-
бін сақтап отырған. Бұл – әрине, аудармадағы тәжірибесіздік-
тің нәтижесі. Әсіресе құрмалас сөйлем компоненттерін орна-
ластыруда екі тілдің құрылымдық ерекшелігін айырмаған-
дықтан, орысша құрылған сөйлемдерге жол берілген. Мы-
салы, Қаю жана ат илән шығатұғын қазит шығып тұрады
Ақмола, Семей облыстарының казитлеріне қосымша қылынып
(ДУГ, 1902, №10). Бек жақсы болар еді, егерде бұл хұрметлі
мархұмны (Шоқан Уәлихановты) жүзме-жүз анық білген та-
ныс адамдар болса, аның хұсұсында білгенлерін жәрдем етіп
жазып жіберселер (ДУГ, 1894, № 18).
Құрмалас сөйлемдерді беруде оқта-текте түркілік тәсілдер-
ге де барады. Мысалы, Себебі сол дүр ки дүниеден ерте өткен
сол марқұмның тірі күнін де болған
умрларының та’лим ме-
нен ошбу күнгече біз анық білмейміз (сонда) деген сөйлем ки
дәнекері арқылы жасалған, ал бұл – қазақ тіліне тән амал емес.
Материалдарды топтастырып беру үшін қажет рубрика ата-
улары тұңғыш рет осы стильде (газеттер беттерінде) қалыптаса
бастайды. Олар көбінесе аударма болғандықтан, орыс тілінен
алынған калька түрінде келеді: «Редакцияға хат», «Әртүрлі ха-
барлар», «Газет шығарушылардан», «Жаңа кітаптар», «Тұрмыс
жайында болған хабарлар» т.т.
Қалыптаса бастаған публицистикалық стиль ұлттық жаз-
ба әдеби тілдің проза саласындағы бірқатар грамматикалық
нормаларды белгілеп, орнықтыруда айтарлықтай рөл атқарды.
Әсіресе сөйлемдерді жалғаулықтар арқылы құрмаластыру
жүйелі түрде басын осы кезеңнен алады деуге болады. Газет
беттеріндегі де, Абайдың публицистикалық шығармаларында
255
да осы күнгі нормаға айналған мен (менен), себебі (есебі), сон-
да да, сөйтсе де, бірақ та, сол себепті, сол себептен, соның
үшін, және, турада (турасында) сияқты «қазақы» шылау-
лар қолданыла бастаған. Мысалдар келтірейік: «...Бұрынғы
уақытта 300 десетина жері барлар бүгүнде 150 десетинадай-
ақ жерге иеленуге мүмкін, сол себептен жер аз көрінеді, бірақ
осылар раст болар ма екен...» (ДУГ, 1889, 22 декабрь, №51),
«Балаларды оқытқан да жақсы, бірақ құлшылық қыларлық
қана, түркі танырлық қана таза оқыса болады...», «Қазірде оры-
стан оқыған балалардан артық жақсы кісі шыға алмай да жүр,
себебі ата-анасы, ағайын-туғаны бір жағынан бұзып жатыр»
(Абай, 25-сөз).
Көрсетілген шылаулар – қазақ тілінің өзінікі. Бұларды қол-
дану – қазақтың публицистикалық прозасының ұлттық белгі-
лерінің бірі, өйткені бұрынғы жазба тілде бұлардың орнына не
араб-парсы (һәм, уа, лекин),не дағдылы түркілік (аның үчүн,
шунки т.б.) түрлері ғана қолданылатын.
Сөйлем мүшелерінің орын тәртібі мен олардың бір-бірі-
мен жанаса, қабыса, меңгеріле, қиыса байланысуларында
жоғарыда көрсетілгеніндей, ауытқулар болғанымен, негізінен,
қазақ тілінің табиғи заңдылықтарына сүйеніп құрылған кон-
струкциялар басым келеді. Әсіресе Абай қаламынан шыққан
дүниелердің синтаксистік құрылысы осы күнгі нормаларға
сай, түзу түзілгені байқалады.
Достарыңызбен бөлісу: |