256
қалыптасқан шығыс сөздерінің фонетикалық екі-үш (кейде
одан да көп) вариантта жұмсалу фактісі өткен ғасырдың екінші
жартысында басталып, салқыны күні бүгінге дейін тиіп келе
жатқанын
атауға болады;
б) орыс тілінен алынған сөздерді де араб жазуының
мүмкіндігінше түпнұсқаға жуықтатып жазу принципін ұстады:
фабрик, канфит, уелосипед, приказчік, кнәз, началнік, облұс,
закүн, жіребе, копйа, чен т.б. Арабша
у таңбасын орысша
в
әрпінің орнына қойып оқысақ, осы дыбыспен келетін көптеген
сөздердің төркін тұлғасы сақталғаны аңғарылады:
зауод (за-
вод),
переуатчік (переводчик),
сауатник (советник),
при-
каур (приговор),
обчестуа (общество) т.т. Ал ертеден енген
тұрмыстық сөздер қазақша қалыптасқан күйінде жазылған
(са-
мауыр, бөшке). Соңғы дәстүр күні бүгінге дейін келіп, қазіргі
қазақ емлесінің бір ережесі ретінде қалыптасып отыр.
Сөйтіп, XIX ғасырдың II жартысында пайда болған қоғам-
дық-публицистикалық стильдің қазақтың ұлттық жазба әдеби
тілінің әрі қарай дамуында ерекше орны болды. Осы стильдің
тууы әдеби тілдің қоғамға қызмет етер аясын кеңітті. Осы
тұстағы қазақ жазба әдеби тілінің функционалдық стильдері
бір-біріне ықпал етіп, әсерлерін тигізіп отырғандықтан, публи-
цистика тілі де жеке-дара автономиялы түрде дамымай, ең ал-
дымен, көркем әдебиет стиліне, одан соң түркілік дәстүрлі жаз-
ба проза стиліне иек артып қалыптасты және бұл стиль өзімен
қатарлас туған ұлттық ғылыми-көпшілік стиліне ықпалын
тигізді, көп орайда бұлар бір-бірінен ажыратылмай, бірдей
тұлға-тәсілдерді пайдаланып та отырды. Оның үстіне бұл екі
стильдің екеуі де негізінен аударма үлгілерден көрінгендіктен,
аударма ісінде, терминология жасау принциптерінде бірізділікті
байқатты: сөздік құрамның орыс тілі арқылы толығу принципін
осы
аталған стильдер ұсынып, оның алғашқы ізін салды.