Мәдениет және спорт министрлігі Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси жұмыс комитетінің тапсырысы бойынша «Қазақстан Республикасында тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы»



Pdf көрінісі
бет164/180
Дата14.03.2022
өлшемі2,1 Mb.
#27901
түріБағдарламасы
1   ...   160   161   162   163   164   165   166   167   ...   180
VII ТАРАУ
______________________________
XIX ҒАСЫРДА ҚАЗАҚ ТІЛІНІҢ
ЗЕРТТЕЛУІ ЖӘНЕ ОНЫҢ ЖАЗУЫ МЕН
ЕМЛЕСІ ТУРАЛЫ МӘСЕЛЕЛЕР
§ 1. XIX ғасырдың ІІ жартысындағы
қазақ лексикографиясы
Кейбір тілдердің сөз байлығы өзін зерттеп танудан бұрын 
хатқа түседі. Сондай тілдердің бірі – қазақ тілі. Қазақ тілінің  
фонетикасы мен грамматикалық құрылысының ғылыми тұрғы- 
дан алғаш зерттеліп, ол жайындағы еңбектердің жарық көруі 
XIX ғасырдың соң тұсынан басталады. Ал қазақ тілінің лекси-
кографиясы, яғни сөздіктері, өз тарихын бұдан көп бұрыннан 
бастайды. Түркі тілдерінің әйгілі сөздіктері – Махмұд Қашғари 
құрастырған «Диван лұғат ат-түрк» (XI ғ.), XIV ғасыр ескерткіші 
–  «Кодекс  Куманикустер»  мен  орта  ғасырларда  жазылған  әр 
алуан  арабша-түркіше,  түркіше-арабша-монғолша,  парсыша-
түркіше  сөздіктерді  былай  қойғанда,  одан  кейінгі  кезеңдерде 
де қазақ лексикасы әрдайым хатқа түсіп отырды.
Әрине, лексикографияны құрайтын тек екі тілдік сөздіктер 
емес, дегенмен сөздік жасаудың бір мақсаты – екі тілді табы-
стыру  болғандықтан,  лексикографияның  тағдыры  мен  дамуы 
көбінесе  бір  халықтың  өзге  халықтармен  қарым-қатынас  та-
рихына  ұштасып  жатады.  Егер  түркі  тілдеріне,  оның  ішінде 
қазақ  тіліне  қатысты  алғашқы  сөздіктер  араб,  парсы,  монғол 
тілдерімен жанасып жатса, соңғы екі ғасыр ішіндегі қазақ лек-
сикографиясы орыс тілімен тікелей байланысты болып келеді.
Қазақ  тіліне  қатысты  лексикографиялық  жұмыстардың 
қауырт  қолға  алынып,  дами  бастаған  тұсы  –  ХIX  ғасырдың 
II  жартысы.  Екі  тілдік  сөздіктер  мен  салыстырма  түрдегі 
сөздіктерді қоса есептегенде және кейбіреулерінің қайта басы-
лымдарын  санағанда,  Қазан  революциясына  дейін  қазақ  лек-
сикасына қатысты 40-қа жуық сөздік жарық көрген екен. Олар 
мыналар:


332


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   160   161   162   163   164   165   166   167   ...   180




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет