1 Қазіргі қазақ тілі лексикасының лексика-семантикалық табиғаты мен сөздік құрамы



бет1/69
Дата07.09.2023
өлшемі1,77 Mb.
#106548
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   69

Алғы сөз

«Қазіргі қазақ тілінің лексикологиясы мен лексикографиясы» оқу құралы жоғары оқу орындарының филология факультетінде дәстүрлі түрде оқытылатын «Қазіргі қазақ тілінің лексикологиясы мен лексикографиясы» атты курсына қосымша оқу құралы ретінде ұсыналады.


«Қазіргі қазақ тілінің лексикологиясы мен лексикографиясы» атты оқу құралының мақсаты – қазақ тілінің лексико-семантикалық жүйесі, лексикалық семантика, сөздің семантикалық құрылымына талдау жасауда семантикалық анализ тәсілдерін меңгерту. Қазақ тіл білімінің лексикология, семасиология, этимология және фразеология саласы бойынша тыңдаушыларға жүйелі ғылыми-теориялық білім беру, алған ғылыми-теориялық біліміне сәйкес болашақта зерттелуге тиісті мәселелеріне байланысты тыңдаушыларды ғылыми ізденіске баулып, олардың шығармашылық ой-пікірін жетілдіру; оқытудың қалыптасқан әдістемелерінің (лексикалық, семантикалық, стилистикалық, фразеологиялық, этимологиялық, диалектологиялық талдаулар, практикалық сабақтар, студенттердің өздік жұмыстары, зертханалық жұмыстар т.б.) негізінде студенттердің жеткілікті дәрежеде білім алуын қамтамасыз ету. Бұл курс екі модульдан тұрады:
1) Қазіргі қазақ тілі лексикасының лексика-семантикалық табиғаты мен сөздік құрамы;
2) Қазіргі қазақ лексикасының қолданылу сипаты. Қазақ тілінің фразеологиясы, этимологиясы, лексикографиясы.
Бірінші модуль бойынша қазақ тілі лексикалық жүйесінің семантикалық табиғаты, ұғым, мағына және сөз үштігінің арақатынасы, лексикалық мағынаның семантикалық құрылымы, сөз мағынасының психологиялық аспектісі, сөз мағынасының ассоциациялық құрылымы, сөз мағынасының даму жолдары (мағынаның кеңеюі мен тарылу процестері), сөздің мағыналық өзгерістері нақты талдаулар жасау негізінде анықталады. Сөздің лексика-семантикалық топтары: лексикалық омонимдер, лексикалық антонимдер және лексикалық синонимдер жүйесі, олардың тілдік табиғаты мен стилистикалық мәні, сөздің қосалқы аталымдары, олардың БАҚ-ғы қолданысы, қазақ тілінің сөздік құрамы мен сөздік қоры, қазақ тілі лексикалық жүйесінің қалыптасуындағы негізгі тарихи арналар, сөздік құрамның интралингвистикалық және экстралингвистикалық факторлар арқылы толығу жолдары туралы ғылыми-теориялық, ғылыми-практикалық мәліметтер беріледі.
Бірінші модуль бойынша лексикалық семантиканың теориялық мәселелері қарастырылады. Атап айтқанда, лексикалық семантиканың негізгі базалық ұғымдары жан-жақты қарастырылады. Таным процесінің тілдік коммуникацияға әсері, когнитивті-номинативті процесс пен мағына модельдері туралы сөз қозғалады. Қазақ тілі лексикалық жүйесінің семантикалық табиғаты, ұғым, мағына және сөз үштігінің арақатынасы, лексикалық мағынаның семантикалық құрылымы, сөз мағынасының психологиялық аспектісі, сөз мағынасының ассоциациялық құрылымы, сөз мағынасының даму жолдары (мағынаның кеңеюі мен тарылу процестері), сөздің мағыналық өзгерістері нақты талдаулар жасау негізінде анықталады.
Сөздің лексика-семантикалық топтары: лексикалық омонимдер, лексикалық антонимдер және лексикалық синонимдер жүйесі, олардың тілдік табиғаты мен стилистикалық мәні, сөздің қосалқы аталымдары, олардың БАҚ-ғы қолданысы, қазақ тілінің сөздік құрамы мен сөздік қоры, қазақ тілі лексикалық жүйесінің қалыптасуындағы негізгі тарихи арналар, сөздік құрамның интралингвистикалық және экстралингвистикалық факторлар арқылы толығу жолдары туралы ғылыми-теориялық, ғылыми-практикалық мәліметтер беріледі.
Екінші модуль бойынша қазақ тілі сөздік құрамының қолданылу сипаты, сөздердің стильдік қызметіне байланысты түрлері, қазіргі қазақ тіліндегі жаңа атаулар, неологизмдердің сөзжасам үдерісіндегі орны, көнерген сөздер, олардың стилистикалық қызметі, актив және пассив сөздердің зерттелу жайы сөз болады. Қазақ тілінің фразеологиясы, олардың лексика-семантикалық сипаты; қазақ лексикографиясының қалыптасуы мен зерттелу тарихы, лингвистикалық сөздіктердің түрлері, қазақ лексикографиясының алдағы міндеттері; қазақ тілі этимологиясының зерттелу жайы, этимологиялық принциптері нақты мысалдар негізінде талқыланып айтылады.
Қазақ тілінің лексика-семантикалық жүйесі, лексика-фразеологиялық жүйесі туралы ғылыми-теориялық мәліметтер көркем шығармалар тілінен, әдеби тілден, баспасөз материалдары тілінен алынған мысалдар негізінде жан-жақты талқыланған. Әрбір тақырыптан кейін дәріс мазмұнынан сәйкестендірілген практикалық тапсырмалар беріледі.


МАЗМҰНЫ

Алғысөз ......................................................................................................................... 3


Қазіргі қазақ тілінің лексикологиясы: зерттеу мақсаты мен міндеттері ............ 7
Лексикалық семантика және тілдік номинация ...................................................... 10
Сөздің лексика-семантикалық табиғаты ................................................................. 22
Сөз мағынасының даму үдерісі ............................................................................... 42
Сөздің лексикалық мағынасының типтері .............................................................. 55
Семантикалық анализ тәсілдері ............................................................................... 63
Қазіргі қазақ тіліндегі лексикалық омонимдер жүйесі .......................................... 70
Қазіргі қазақ тіліндегі лексикалық антонимдер жүйесі ......................................... 75
Қазіргі қазақ тіліндегі лексикалық синонимдер жүйесі ........................................ 80
Сөз варианттары, дублеттер және сөздің қосалқы аталымдары ........................... 87
Қазіргі қазақ тілі лексикасының құрамы мен шығу арналары ............................. 92
Қазіргі қазақ тілі лексикасының аймақтық-әлеуметтік топтары ........................ 105 Қазіргі қазақ тілі лексикасының стильдік топтары .............................................. 110
Қазіргі қазақ тіліндегі неологизмдер мен көнерген сөздер ..................................119
Қазіргі қазақ фразеологиясының құрылымдық-семантикалық жүйесі .............. 130
Қазақ тілінің этимологиялық жүйесі ..................................................................153
Қазіргі қазақ тілінің лексикографиялық жүйесі .................................................157



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   69




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет