Мәдениет және спорт министрлігі Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси жұмыс комитетінің тапсырысы бойынша «Қазақстан Республикасында тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы»


§4. Ортағасырлық түркі ескерткіштерінің тілі – қазақ



Pdf көрінісі
бет22/180
Дата14.03.2022
өлшемі2,1 Mb.
#27901
түріБағдарламасы
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   180
§4. Ортағасырлық түркі ескерткіштерінің тілі – қазақ 
әдеби тілінің қайнар көздерінің бірі
Түркі халықтары тіршілігі мен мәдениетінің көне (V-VIII ғ.) 
дәуірінен кейінгі ортағасырлық кезеңінде, оның ішінде X-XII 
ғасырларда  қараханидтер  мемлекеті  өмір  сүрді.  Қараханид- 
тер  династиясы  кезінде  Орта  Азия  мен  Қазақстан  жеріндегі 
халықтардың  ана  тілі  мен  әдебиеті  өркендеді.  Бұл  кезде 
қыпшақ,  оғұз,  қарлұқ  және  ұйғыр  халықтарының  тілдері  не- 
гізінде араб графикасындағы түркі жазуы қалыптасты, ескерт- 
кіштер  дүниеге  келді
57
.  Ол  ескерткіштер:  «Қутадғу  біліг»  
(XI ғ.), Махмүд Қашғаридың «Диван луғат ат-түрк» атты еңбегі 
(XI ғ.), Иүгнекидің «һибатул хакайик» атты шығармасы.
XII-XVI  ғасырлардағы  түркі  жазба  ескерткіштері  Орта 
Азия мен Қазақстандағы, Еділ бойындағы, Қырым түбегіндегі, 
56
 Келімбетов Н. Ежелгі дәуір әдебиеті. - 47-б.
57
 Сонда, 134-б.


51
Түркия  топырағындағы  түркі  тілдес  халықтарға  ортақ  мұра 
екендігі  анықталып  отыр.  Ол  ескерткіштер:  Рабғузидың 
«Қысас ул- анбия», Абу Хайанның «Китаб ал-идрак ли-лисан 
ал-атрак»  атты  шығармасы,  «Ортаазиялық  тефсир»,  Саиф 
Сараидың  «Гүлистаны»,  Қутбтың  «Хосрау  уа  Ширины», 
Хорезмидың «Мухаббат-наме» атты поэмалары. Бұлар – араб 
әрпімен  жазылып  сақталған  жәдігерліктер.  Бұдан  да  ілге- 
ріректе, IX-Х ғасырларда дүниеге келген ескерткіштер де бар. 
Солардың бірі – «Оғұзнаме» эпосын қазақ зерттеушілері, оның 
ішінде Қ.Өмірәлиев жан-жақты зерттеп, қазақ тіліне аударып, 
мынадай түйінге келеді: «Оғұз қаған» эпосы – әуелде ауызша 
туған дүние, өте көне дәуірде жасалған, XIII ғасырдың аяғында 
ғана  хатқа  түскен.  VIII-XI  ғасыр  түркілерінде  эпостық  жыр 
туғызатын  қоғамдық-әлеуметтік  жағдай  және  эпосты  жасай 
алатын рухани мәдениет пен әдеби мектеп болған», – дей келіп, 
бұл  эпостың  жанрлық-стильдік  сипатын  талдайды:  ондағы 
эпостық формула деп атаған ерекшеліктердің мысалы, бастау 
формуласын (бастау сөздерді: болсунғыл деп деділер, күнлерден 
бір күн, тақы мундан соң, кене андан соң, кене бу чақда т.т.), 
қосар түрде қайталап отыратын тұрақты формулаларды (ошул 
оғулның  өңлүгі,  чырағы  көк  ерді,  көп,  телім  алтун-күмүш 
тартыб т.т.), бірыңғай құбылыстарды (бірыңғай мүшелерді), 
көркемдегіш формулаларды әдейі талдайды
58
. Бірақ талданған 
материалдарға  қарап,  бұл  эпостың  тілін  бүгінгі  пәлен  түркі 
тіліне  телімейді.  Ал  Н.Келімбетов  «Оғұзнаме»  тілінде  оғыз-
қыпшақ диалектілері басым деген пікір айтады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   180




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет