Мәдениет және спорт министрлігі Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси жұмыс комитетінің тапсырысы бойынша «Қазақстан Республикасында тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы»



Pdf көрінісі
бет33/180
Дата14.03.2022
өлшемі2,1 Mb.
#27901
түріБағдарламасы
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   180
ұнымы  сұлтандайын  жүрістің»  дегенін  қалай  түсінуге  бола-
ды? Немесе оның «Салп-салпыншақ анау үш өзен» дегенінде 
салп-салпыншақ  эпитеті  нені  білдіреді?  Шалкиіздің  «Тал 
мойныма  қол  артсаң,  Күліктен  бек  ұнармын»  дегенінде 
соңғы  сөз  түсініксіз.  Сол  сияқты  оның  «Тұсыңдағы  болған 
нартың қорлама, Сөз боларсың көлемге. Сындырау арқа, сырт 
соқпақ  Шемшірлігін  ноқталап...  Құдаған  өскен  арулар. 
Көміртіп не беркініс қолыңнан. Күділенген балдан сырқыт жоқ» 
деген жолдарындағы курсивпен терілген сөздердің бейтаныс- 
тығы  осы  тармақтардағы  айтылмақ  ойды  күңгірттеп  тұр. 
Доспамбеттің  «Көмбідей  ару  жаларға.  Кірмембес  ауыр  қолға 
бас  болып»  деген,  Шобанның  «Аббар  кешіп,  шет  қонған, 
Балаңқылар  батпаған.  Сырғаласқан  жауды  сықтарға.  Ісірібі 
тоқтасқан» деген жолдарындағы көрсетілген сөздер де – қазіргі 
қазақ тілі үшін бейтаныс элементтер.
Қ.Өмірәлиев  ноғайлы  циклі  нұсқаларындағы  мұндай  эле- 
менттерді ноғай ордасынан қазақтарға келіп қосылған ру-тай- 
палар арқылы келген, оларды сол ру-тайпалардың ұрпақтары 
– Кіші жүз қазақтары көп өзгертпеген деп түйеді
80
. Зерттеуші 
бұл сөздерді көне емес, түбі бір туыстас өзге түркі тілдік де-
генге меңзейді.
Біздіңше, қазақтың XV-ХVII ғасырлардағы поэзиясы тілін- 
де  кездесетін,  қазірде  бейтаныс  немесе  мағынасы  өзгеше 
түсетін сөздер мен грамматикалық ерекшеліктерді тұтасымен 
алып қарамай, бөліп қарау керек: олардың бірқатары, шынын-
да, қыпшақ тілдерінің бір бұтағы – ноғай тіліндік болса, енді 
бір тобын және үлкен тобын қазақты құраған ру-тайпалардың 
өзіне  тән,  бұл  күнде  көнерген  немесе  мағынасы  өзгерген 
сөздері  мен  тұлғалары  деп  таныған  жөн.  Мысалы,  шеш-
80
 Өмірәлиев Қ. XV–XIX ғасырлардағы қазақ... 93-б.


74
ме  (бұлақ),  соңратын,  сымарыш  ету,  теңі  түгіл-ді,  сатқын 
сияқты  сөздер  мен  бізім,  менім,  жүрерлер,  не  білейім,  келе 
жата  тәрізді  грамматикалық  тұлғалар  ноғай  тілінікі  екені  – 
сөзсіз.  Ал  қалған  ерекшеліктердің  көнелігін,  «қазақтығын» 
дәлелдеуге әбден болады.
Талданып  отырған  кезеңдердегі  ауызша  сақталған  әдеби 
мұралардың  тілін  зерттеуде  қиындық  тудыратын,  кейде 
тіпті  зерттеушіні  немесе  жалпы  оқырмандарды  шатастыра-
тын  келеңсіздік  бар.  Ол  –  жеке  сөздердің  қате  берілуі.  Бұл 
мұралардың  қай  кітапта,  қай  журналда,  қай  жылда  басыл- 
ғанын алсаңыз да, бәрінде де қателерді, әсіресе бейтаныс сөз- 
дердің  жазылуындағы  ала-құлалықты  кездестіреміз.  Ала-
құлалықтың бірқатары – араб жазуымен жеткен кітаптар мен 
қолжазбалардағы сөздерді қазіргі жазуға көшіргенде, контек-
ске қарай түзетіп жазуға байланысты алшақтықтар. Мысалы, 
алдыңғы  басылымдарда  Асанқайғының  «Шабылып  жатқан 
халқың бар, Аймағын көздеп көрмейсің» деген жолдарындағы 
шабылып  жатқан  тіркесі  соңғы  басылымдарда  жайылып 
жатқан деп өзгертілген.
Сол  сияқты  Қазтуғанның  бұрын  «Билер  отты,  би  соңы»  
деген  тармағын  «Билер  өтті,  би  соңы»  деп  дұрыс  оқыған- 
дықтан,  екі  басылымда  екі  түрлілік  бар.  Шалкиіздің  «Дүбір-
дүбір  шу  көрген»  деп  басылып  келген  жолы  «Дүбір-дүбір 
жүгірген» деп түзетілген. Сонымен қатар бұрынғы басылым- 
дарда  дұрыс  берілген  сөздердің  кейінгі  кітаптарда  не  қате 
жазылғандары,  не  өзгертілген  түрлері  орын  алғаны  да  бай- 
қалады.  Мысалы,  есімдіктің  I  жақтағы  жіктеулі  түрі  –  менім 
сөзі  1982  жылғы  «XV-ХVIII  ғасырлардағы  қазақ  поэзиясы» 
атты кітапта осы күнгі нормаға сай менің болып «түзетілген»: 
Сөйткен менің Еділім (72-б.). Сірә, осы жерде менім тұлғасы 
Қазтуған  сөзіне  жуықтау  болар,  өйткені  «Салп-салпыншақ  
анау  үш  өзен»  атты  толғаудың  бас  жағында  «Салуалы  менім 
ордам қонған жер» деген тармақ бар. Бір жырау бір толғаудың 
ішінде  екі  түрлі  тұлғаны  (менің/менім)  қолдануы  неғайбіл. 
Біздіңше,  XV-ХVI  ғасырлардағы  ноғайлы-қазақ  жырла-
ры  тілінде  бізің,  бізім,  менім,  не  білейім  деген  ноғайлық 
тұлғалардың болуы – заңды. Тіпті бұлар қазақтың сол тұстағы 


75
сөйлеу тілінде де бар болуы ықтимал, себебі менің, біздің деген 
осы  күнгі  қазақтық  нормалардың  бірден  қалыптасуы  мүмкін 
емес.
Сондай-ақ 1982 жылғы жариялауда кесе сөзі десе болып (11-
б.), тік жар сөзі тек жар (15-б.), садақтың сөзі сандықтың 
(19-б.),  кілең  сөзі  –  кілік  (85-б.),  ал  шымылдық  тіркесі  ақ 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   180




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет