96
қолданылады. Ал Шалкиіздегі: «Жағасына
қыршын біткен тал
еді» деген жолдардағы
қыршын сөзі жеке жұмсалып тұр. Бұл
сөз Ш.Уәлихановтың назарына да іліккен-ді. Ол: «
қыршын сөзі
өсімдіктің атауы ретінде қазақ тілінде кездеспейді, ал бірақ
эпоста:
Құмға біткен қобаршын, Кесіп алып сал еттім деген
жолдар бар»,– дейді. Бұл сөзді ғалым оның орта ғасырдағы
қазақ тарихшысы Қадырғали бидің мәтінінде кездескенге бай-
ланысты әңгіме етеді. Онда мынадай сөйлем бар: «Дарийа
арасын дан
қырчын лар йығыб сал бағлаб, дарийаны кечті».
Біздің байқауымызша, қазақ тілінде де
қыршын сөзі өсімдіктің
(талдың) аты ретінде қолданылған. Сондай-ақ оның «жас»
деген мағыналық реңкі де болған. Осы күнгі
қыршын жас,
қыршынынан қиылды деген тіркестер талданып отырған сөздің
осы мағыналық реңкімен байланысты жасалған.
Озу етістігінің ертедегі жиі қолданылған, мағынасы –
«жалпы өту»,
озу сөзінің бұл күнгідей салыстыру («біреудің
біреуден озуы, аттың аттан озуы» деген сияқты) реңкі жоқ:
«
Озар сүйте бұ дүние Азаулының Аймәдет ер Доспамбет
ағадан»
(Доспамбет). «Сол уақыт
озған күндер» (Қазтуған).
«Атқан оғын
оздырған» деп келетін жолдардың барлығында
да
озу етістігінде салыстырудан туған іс-әрекет ұғымы жоқ,
жалпы ілгері жүру (кету, созылу) мағынасы ғана бар.
Байтақ сөзі бұл күндегі әдеби тілімізде «ұшы-қиыры жоқ
кең» деген сын есімдік мағынада қолданылады. Ал Шалкиіз-
дің бір толғауында: «Алаштан
байтақ озбаса, Сыпайшылық
сүрмен-ді»
десе, мұндағы
байтақ сөзінің семантикасы
бөлекше.
Байтақ бұрын қазақ тілінде зат есім мағынасында
қолданылып, «белгілі бір жұрт, халық тұтастығы» («этникалық-
территориялық бірлік»), яғни «ел, жұрт» деген ұғымды біл-
дірген. Эпостық жырда өз ханына өкпелеп, қайрылмай кетіп
бара жатқан батырға «кері қайт» деп өтіне келген адам: «
Бай-
Достарыңызбен бөлісу: