-ғансын, -дай ~ -дайын, -менен ~ -мен, -дүр ~ дыпараллельдері
де жатады. Бұлар да – біз тілін талдап отырған үлгілер үшін жа-
рыса қолданылған тәсілдер. Олардың варианттылығы – жоға-
рыдағыдай нормалану процесіне қатысты емес, яғни екі түрі
де өлең шартына қарай жұмсала беретіндер. Өлең өлшеміне
қарай бірде толық, бірде ықшам варианттар еркін пайдаланы-
лады: «Қанатынан қайрылған Бүркіттейін болған соң» (Ду-
лат). Мұнда өлең тармағының буын саны 7 болуы үшін салы-
стыру мағынасын беретін -тей жұрнағы -тейін вариантында
келсе, мына өлең жолында тағы да жеті буын етіп шығару үшін
-дайдеген ықшам түрі қолданылған: «Еркек қойдай бөлініп»
(Махамбет).