Мәдениет және спорт министрлігі Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси жұмыс комитетінің тапсырысы бойынша «Қазақстан Республикасында тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы»


§ 6. Кірме сөздердің мол қабаты – араб және парсы



Pdf көрінісі
бет106/180
Дата14.03.2022
өлшемі2,1 Mb.
#27901
түріБағдарламасы
1   ...   102   103   104   105   106   107   108   109   ...   180
§ 6. Кірме сөздердің мол қабаты – араб және парсы 
сөздері
Қазақтың ауызекі сөйлеу тілінде де, ауызша әдеби тілінде 
де араб және парсы тілдерінен ауысқан сөздер қай кезеңде бол-
са да, едәуір орын алып келді. Оған Орта Азия мен Қазақстан 
жерін мекеңдеген халықтардың ислам дініне енуі, там-тұмдап 
болса  да,  мұсылманша  (арабша)  оқу-ағартудың  орын  алуы, 
ортағасырлық түркі әдебиетінің қазақ қауымына да таныс бо-
луы сияқты факторлар себеп болды.
Біз әңгіме етіп отырған кезендегі қазақтың көркем әдебиеті 
тілінде араб-парсы сөздері едәуір мөлшерде кездеседі. Олардың 
бір  тобын  бұрынғысынша,  дерексіз  үғымдарды  білдіретін, 
халық тіліне сіңген сөздер құраса, келесі тобын ислам дініне 
қатысты  ұғымдар  мен  дін  иелерінің  аттары  құрайды.  Одан 
қалды, бұл қатарда мәдени-рухани дүниеге қатысы бар сөздер 
тұрады.
Араб-парсы сөздік қабаты барлық ақындарда бірдей емес, 
олар Махамбет, Шернияз, Алмажан, Шөже, Орынбай, Нысан-
бай  т.б.  өлеңдерінде  өте  аз,  барлары  –  халық  тілінде  қалып- 
тасқандары. Бұл осы ақындардың тақырыптарына да байланы-
сты: халық, көтерілісін немесе сол көтерілістің басшыларын, 
я  болмаса  қара  басының  хал-жағдайын  сөз  еткен  өлеңдерде 
араб-парсы сөздері кемірек ұшырайды. Мысалы, Махамбеттің 
«Ереуіл атқа ер салмай» деген өлеңінде бірде-бір кірме сөз жоқ.
Араб-парсы  сөздерінің  аз-көп  қолданылуы  авторлардың 
сауаттылығына да байланысты болды. Дулат, Шортанбай, Ма-
хамбет сияқты ақындар – мұсылманша сауатты болған адамдар. 
Ал  мұсылманша  хат  танығандардың  араб-парсы  тілдерінен 
азды-көпті  хабары  болатыны  –  даусыз.  Сондықтан  бұлардың 
қаламынан  шыққан  дүниелерде  шеттілдік  элементтердің, 
оның  ішінде  жалпыхалықтық  сөйлеу  тіліне  енгендерден  өзге 
сөздердің  ұшырауы  –  заңды.  Мысалы,  Дулат,  Шортанбай-
ларда  кәнігі  халық
:
  тіліне  сінген  араб,  парсы  сөздерінен  өзге 
шафағат,  кәләл,  фурқан,  ғаран,  ғафил,  муһмин,  Раббы,  Хақ, 
қаһар,  хатым,  такбир,  кәмірһе,  ғарип,  әдһәм  сияқты  сөздер 
бар.  Оның  үстіне  қазақ  тіліне  бұрын  еніп,  фонетикалық 


214
жағынан қазақыланып кеткен сөздердің өзі Дулат, Шортанбай 
мәтіндерінде түркі тілге жақындастырылып берілген. Мысалы, 
’азап (азап), ’ақл (ақыл), ’адл (әділ), ’адет (әдет), ’айб (айып), 
беһсмалла (бісмілла), ’араб (араб), халал (адал), харам (арам), 
руза (ораза) т.б. Бұған кейбір өлең- жырлардың XIX ғасырдың 
70-80-жылдарында араб әрпімен баспа бетін көргендіктері де 
себеп болған тәрізді. Қазақ жазба дүниесінде XIX ғасырдың II 
жартысындағы, әсіресе соңғы ширегіндегі араб-парсы сөздерін 
түпнұсқаға жуықтатып жазу – орфографиялық норма болды.
Демек,  көптеген  араб-парсы  сөздерінің,  әсіресе  арабизм- 
дердің қазақ тілінде сыртқы тұлғасы жағынан дублеттік қатар 
түзіп (өмір/ғұмыр, ғылым/ілім, әріп/харіп сияқты) қолданылуы 
XIX ғасырдың II жартысынан басталды деуге болады. Мұның 
ізі күні бүгінге дейін жалғасып келеді.
Өткен  кезеңдердегі  қазақ  тіліндегі  араб-парсы  сөздерін 
екі  топқа  бөліп  талдауға  болады.  Бірі  –  мүсылманша  діни 
ұғымдарды  білдіретін  сөздер  тобы,  екіншісі  –  діни  ұғымға 
қатысы жоқ сөздер.
Діни  лексика  әсіресе  дінді  арнайы  сөз  еткен  немесе  оны 
үгіттеген  қаламгерлерде  көбірек кездесетіндігі түсінікті.  XIX 
ғасырдың  орта  тұсынан  бермен  қарайғы  қазақ  сөзгерлерінің 
ішінде  мұндай  авторлардың  бірі  –  Шортанбай.  Ол  –  өзінің 
идеологиялық  көзқарасында  мұсылманшылыққа  иек  артқан 
ақын. Оның сараң адамға берген анықтамасы «Малдан зекет 
бермеген, Аузына Құдай кірмеген» деп келеді, «Жаббардың екі 
болмайды, Әмір қылған жарлығы» деп, «ақиқатты» еске сала 
кетеді,  «Құдай  деген  –  муһминнің,  Ауыздан  кетпес  тобасы, 
Иманы  бардың  белгісі  –  Тілінен  тамар  шырасы»,  «Сираттың 
желі соққанда, Руза-намаз пана-ды» деген сияқты өзі таныған 
шындықты  мойындайды.  Шортанбай  ақын  «Мал  бақтырар 
пайдаға, Зекетсіз мал айдама», «Құдіретке көніңіз, Құдайменен 
ойнама», «Бұл дүниеде пайда жоқ, өлгеніңше дін сақта» деген 
ашық үгітке де кетеді. Тыңдаушыларына «ей, муһмин» деген 
қаратпа сөзді пайдаланушы да – Шортанбай. Қысқасы, оның 
тіліне тек қана дінге қатысты бейіш, тәркі, тамұқ, зекет, Жаб-
бар, құбыла, мұсылман, ораза, намаз, муһмин, иман, Хұда, пен-
де, Алла, алғам, ахрет, сахар, Хақ дидары, бұйрық, дәм, мешіт, 


215
муфти,  азап,  тәкбир,  молда,  сират,  руза-намаз,  шайтан, 
Сұбхан алла, періште, таңда махшар күні, Құдайдың пәрмені, 
Раббы пір, сүннет, парыз, Мұхаммед, Мұстафа, Ибраһим, ха-
тим қылу, әдһәм, хасима деген оңдаған «діни» сөздер оралады.
Мұсылманша  хат  таныған  қазақ  ақыңдарының  шығар- 
маларында  дінге,  шығыс  тарихына,  әдебиетіне  қатысы  бар 
жалқы  есімдер  де  молырақ  кездесе  бастайды:  Мұхаммет, 
Сүлеймен, Ибраһим, Мұстафа (пайғамбарлар), Софы Аллаяр 
(мистик  ақын),  Ақсақ  Темір  (Темірлан),  Тұран  (Түркі  мемле- 
кетінің  жиынтық  атауы),  Ескендір  Зұлқарнайын  (Александр 
Македонский), Ер Әли (Әзіретәлі), Лұқпан Әкім (данышпан). 
Бұл жөнінде әсіресе Дулат көзге түседі. Оның Тұран сияқты та-
рихи мемлекет атын атауы – тек қана сауаттылықтың көрінісі.
Араб-парсы  сөздерінің  екінші  тобын  дінге  қатысы  жоқ 
сөздер  құраса,  олардың  дені  –  жалпы  дерексіз  ұғым  атаула-
ры  да,  қалғандары  оқу-ағарту,  мәдениетке  байланысты  енген 
сөздер.  XIX  ғасырдың  I  жартысында  мағынасы  мұсылманша 
оқу-ағартуға қатысты араб-парсы тілінен енген жеке сөздердің 
қолданылуымен қатар, осы сөздер арқылы образдар да жаса-
лады. Мысалы: «Шежіре туған адамның, Көкірегі сызған хат-
пен  тең»,  «Хат  оқиды  молдалар,  Қаламмен  тартқан  сиядан». 
Сабақ  алу,  сызған  хат,  кітап  ұстау,  кітапты  жақсы  білу, 
кітаптан есіту, сөзге сабақ беру, молдадан сабақ оқу, кітап 
сөзі, кітап сөзінің мағынасы, кітап сөзін жатқа алу, медре-
се салдыру, муфтиге бала беру, 29 әріп, мәселе кітап, кітап 
шығару  сияқты  тіркестер  қазақ  тілінде  осы  кезеңнен  бастап 
қолданыла  бастайды.  Мүмкін,  олардың  бірқатары  халықтың 
сөйлеу  тілінде  бұрыннан  да  бар  болуы,  бірақ  көркем  поэзия 
тіліне  еніп,  әдеби  айналымға  түскен  фактісін  XIX  ғасырдың 
басынан бастап 60-70-жылдарына дейінгі үлгілерден көреміз.
Осы  кезенде  ақын  сөзімен  қатар  шайыр;  өлең,  толғау 
сөздерімен қатар бәйіт деген араб сөздері қолданылады және 
екеуі де ақындар шығармаларының кітап болып жариялануы-
на  байланысты  кездеседі.  Мысалы,  Шортанбай  «Бала  зары», 
«Қисса-и Шортанбай» деген кітаптарында «Бәйіт айтып, баян 
қып, Жарастырдым әрнеге» немесе «Бұ бәйітті шығарған біз 
бишара ғаріп Шортанбай» дейді (сірә, бұл жерде өз өлеңдерін 


216
бәйіт деуінде оны кітап болып жарияланатын, бұрынғы ауызша 
тарайтын өлең-толғаулардан ажыратып атау ниеті бар тәрізді). 
Дулат:  «жыршылардың  шайыры,  Асыл  сөзді  езбеген»  десе, 
мұнда  да  өлең  шығарушы,  таратушы  жалпы  жыршылардың 
ішінен  жаңа  типтегі  ақындарды  шайыр  деп  бөліп  алады. 
Мұнысы – сірә, жазба қаламгерлер уәкілін атағаны болар. Бұл 
екі сөз (шайыр, бәйіт) – түркі жазба әдебиетіндегі ұғымдардың 
атауы.
Сөйтіп, XIX ғасырдың алғашқы жартысында қазақтың төл 
әдеби тілінің құрамында кірме сөздердің молдау қабатын араб 
пен парсы тілдерінің сөздері құрайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   102   103   104   105   106   107   108   109   ...   180




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет