274
Біз бұл жерде дінді уағыздайтын, дін жолында қызмет
еткендерді дәріптейтін, дін үшін болған соғыстарды сурет-
тейтін шығармаларды, сондай-ақ дін жөнінде пікір айтатын ту-
ындыларды таза теологиялық әдебиетке қоспаймыз. Олардың
ішінде көркемдігі мен мазмұны жағынан құны барлары көркем
әдебиет пен публицистика саласына жатады (мысалы, кейбір
қиссаларды көркем әдебиет жанрын да қарастырып жүрсек,
Абайдың ислам діні жайында ой-пікір айтатын атақты 38-сөзін
публицистикалық туынды ретінде танып жүрміз). Ал таза те-
ология, оның ішінде догматикаға жақындау мазмұнды қазақ
тіліндегі шығарма – Ы.Алтынсариннің «Шариат-ул ислам»
атты кітабы (Қазан, 1884). Зерттеуші Б.Әбілқасымов оның
жазылу тарихын жақсы айтып, тіліне талдау жасайды. Өзге
дүниеліктерінен тақырыбы да, мазмұны да оқшау тұрған бұл
еңбегін ағартушы Ыбырай Алтынсарин өзі аштырған мек-
тептерде міндетті түрде өтілетін дін сабағында оқушылар ис-
лам дінінің негізгі канондарын түсініп оқулары үшін, қазақ
шәкірттеріне ана тілдерінде оқу құралын ұсыну мақсатын
көздеп жазады. Ыбырайдың өз сөзімен айтқанда, ол «ис-
лам мәнісін білмек һәрбір мұсылманның өз басына фарыз
болғандықтан және ғарабтан басқа тілмен намаз оқығандардың
иман болуы да дұрыс» болғандықтан, «кәләм шариат һәм үлкен
ғылым кітаптар ғараб тілінде жазылулы» болып, оны «көп
қара халық» түсінбейтіндіктен, қысқасы, осындай көптеген
себептерді ескеріп, « Шариат-ул исламды» қазақша ұсынады.
Араб жазуымен жарияланған бұл шығармада грамматикасы
мен лексикасы жағынан қазақтың төл әдеби тілінің нормасы
сақталған, тек орфографиясында кейде бұрыннан келе жатқан
түркі жазбаларының дәстүрін ұстап отырады (әсіресе араб-пар-
сы сөздерін түпнұсқаша жазу,
ш таңбасының орнына
ч әрпін
жазып жіберу фактілері кездеседі). Қысқасы, «тақырыбы таза
дінді түсіндіретін шығарманың өзінде-ақ Ыбырайдың түркі
әдеби тіл дәстүрінен қаншалық шыға алғанын байқауда да бұл
шығарма аса қажетті материал болып табылады. Ыбырай осы
шығармасы арқылы өмірдің басқа салаларын былай қойғанда,
таза дін шарттарын баяндауда да қазақ тілінің толық жарамды
екенін
көрсетеді
182
.
182
Әбілқасымов Б. XIX ғасырдың II жартысындағы қазақ... - 87-92-б.
275
Қазақша діни әдебиеттің екінші тобы және көлем жағынан
молырағы – христиан дініне қатысты жазба дүниелер. Бұлар
да – өткен ғасырдың II жартысының жемісі. Патша үкіметінің
өзіне тәуелді халықтарды тізгіндеп ұстаудағы бір саясаты
оларға христиан дінін қабылдату болғаны мәлім. Сол мақсатпен
бірнеше миссионерлік қоғамдар жұмыс жүргізді. Әсіресе
«Братство святого Гурия» деген миссионерлік қоғамның жа-
нындағы «Аударма комиссиясы» атты советі қазақтар мен Сібір
түркілерін шоқындыруға керек әрекеттің бірі ретінде христи-
анша діни кітаптарды орысшадан аударып таратты, арнайы
екі тілдік сөздіктер құрастырды. Зерттеушілердің мәліметіне
қарағанда, XIX ғасырдың II жартысы мен Қазан революция-
сына дейінгі 50-60 жылдың ішінде (1860-1917) христиан діні
мазмұнында 72 кітап
қазақ тіліне аударылған
183
.
Тіл тарихын зерттеуде бұл кітапшалардың мәні бар: бірін-
шіден, бұлар қазақтың сөйлеу тілі негізінде, әдеби нормалар-
ды сақтай отырып жазылған, екіншіден, олардың барлығы да
орыс графикасын пайдаланғандықтан, сол кездегі қазақ тілі-
нің фонетикалық ерекшеліктерін араб жазуына қарағанда,
біршама дұрыс көрсеткен. Үшіншіден, біздің байқауымызша,
бұлардың тілін аударма әдебиеттің (прозаның) алғашқы
үлгілері ретінде қарастыруға болады.
Көбінесе араб-парсы, ортағасырлық түркі тілдерінен по-
эзия түрінде қайта жырланған шығарма ретіндегі аударма-
лармен салыстырғанда, бұл циклдегі кітапшалардың тілдік
сипаты мүлде басқа екенін айту қажет. Тақырыбы қатаң – дін
қағидалары болғандықтан, оларды аударуда еркіндік кем болуға
тиіс. Сондықтан мұнда орыс тіліндегі сөзқолданыстарды,
әсіресе діни атауларды, сөйлем құрылымын дұрыс, дәл беру
шарты тұрады. Бұл жағынан алғанда, қазақ тіліндегі христиан-
ша миссионерлік әдебиет осы күнгі дәл (сәйкес) аудармалардың
алғашқы нышандарын танытады. Мұнда христиан дініне
қатысы бар ұғым атауларын қазақтың өз сөздерімен аударып
беру шарты ұсталынған:
үгіт – наставление,
құтқаршы – спа-
ситель,
тұрушылық – житие,
бұрыс дінде тұрушы – иноверец,
Достарыңызбен бөлісу: