267
-
дын, -дың, -дар сияқты ұяңнан басталатын қосымша
жалғап жазады:
хазратдар, қазақдар, халқдың, халықдық т.т.;
жұрнақтардың да түбірмен үндесуі көбінесе көрсетілмейді:
айыплан, сабаблы, башлатқан т.б. Бұл белгілермен қатар сөз
басында қазақша
ж дыбысы келетін жерлерде
(j) й әрпін жазу:
йыл, йаш, йазұлады, йахшы, йаман; ш әрпінің орнына
ч: барча,
чақлы, үчүн; с әрпінің орнына
ш; түйе
башлатқан бір тоғұз,
іш (іс),
кіші (кісі),
йаш т.б. жазу дәстүрі сақталады. Бірақ ерек-
ше көрсететін жайт – бұл орфограммалар қатаң сақталмайды,
сондықтан
йер ~
жер, іш~
іс, бойұнча ~
сайлауынша сияқты
бір сөздің немесе форманттың қазақша – «түркіше « екі вари-
антта жазылғаны жиі кездеседі. Тек мұнда қазақтарға арналып
аударылған мәтіндерде қазақ сөздерін қолдану бағыты бой
көрсеткен. Араб-парсы сөздері түпнұсқа тілдегіше жазылған.
Ал орыс графикасымен берілген ресми құжаттар мәтін-
дерінде бұл көрсетілген орфографиялық ерекшеліктердің
бірде-біреуі жоқ, мысалы, қазақ тілінің 1897 жылғы календа-
рында «Көшпелі халықты басқарып тұру турасында» деген
атпен 1891 жылғы «Степное положениеден» аударылып беріл-
ген текстің жазуында қазақ тілінің ауызша айтудағы фоне-
тикалық заңдылықтарын мейлінше сақтау принципі ұста-
лынған. Соның нәтижесінде ерін үндестігі:
ÿйдöн, öзÿкÿн, болуп;
түбір мен қосымшалардың дыбыс үндестіктері де:
кöшпели,
калықтың жерлери, ағаштар; араб-парсы сөздерінің ауызекі
сөйлеу тілдегі қазақша қалыптасқан варианта берілуі де:
қалық; локсат, жа, ақим, иктіар, қисап, адет, ар бир; штрап,
болус, уез, земленке, аулнай, қандилат, песир, нагрет т.б. орын
алған. Мұнда орыс сөздерінің жазылуы екі түрлі принципте:
бірі – жоғарыда айтылған сөйлеу тілінде қалыптасқан түрінше
жазу, екіншісі – орысша орфограммасын сақтап немесе соған
мейлінше жақындатып жазу. Мысалы,
статья, Внутринних
дел Министр, военный губернатор, начальник, правление, за-
кон, волостной съезд, волостной управитель, Министерство
Государственных Имуществ, Общества, чиновник т.б. сөздер
осы көрсетілген түрінде жазылған.
Достарыңызбен бөлісу: