§ 13. Абай поэзиясының тілі – қазақ әдеби тілінің
дамуындағы жаңа белес
Өзіне дейінгі, өзімен тұстас қазақтың өлең сөзінің көп
жайты Абайдың талабы мен талғамының деңгейіне келмей
қалғанымен, жеке ақын-жыраулардың тілін місе тұта алмаған
жайы болғанымен, өзі көп тетігін қайта бұрап, көп кетігін
жаңадан қалағанымен, Абай қазақ поэзиясының жасалу және
даму заңдылықтары мен шарттарына мойынсұнбай кетпеді.
Өйткені бұл – көркемсөз дамуынын объективті зандарының
бірі: «Ақын өзінен бұрынғы қаламдастарын жоққа шығаруы,
олардың мұрасын көзге ілмеуі мүмкін, бірақ жалпы тілдің және
поэзия тілінің заңдылықтарын ешқашан аттап өте алмайды»
201
.
Абай буын саны жағынан өлеңнің өзіне дейін болмаған
жаңа түрін жазғанмен, сайып келгенде, олардың барлығы да
силлабикалық (буын санына қарай) құрылыс заңдылығына
бағынады, өйткені қазақ өлеңінің жасалу табиғаты – сил-
лабикалық. Абай өлеңінің тармақ саны мен ұйқасуына небір
алуан жаңа түрлерін ұсынғанымен, сайып келгенде, олар енді
ұйқасқа құру шартына бағынады, өйткені соңғы дәуірлердегі
қазақ өлеңінің негізгі белгісі аллитерация емес, ұйқастыру
202
.
Зерттеушілер жалғыз қазақ емес, Кіші Азия, Кавказ, Орта Азия,
Еділ бойын мекен ететін түркі халықтарының поэзиясындағы
ырғақтық құрылыстың соңғы дәуірлердегі басты құралы
ұйқас екендігін де көрсетеді
203
. Абай да осы зандылықты аттап
кетпейді.
Қазақ өлеңі бұрын білмеген теңеудің, эпитеттің, метафора-
ның жаңа түрлерін Абай поэзиясында ғана кездестіргеніміз-
бен, олардың қолданылу принциптері мен жасалу техникасы
Абайға дейінгі қазақ өлеңіне де тән болатын. Бұл шарттан да
ақынның аттап өтуі мүмкін емес. Бірақ осылардың барлығын
жетілдіру, түрлендіру, кеңейту, оларға жаңа сапалық белгілер
201
Григорьев В.П. Словарь языка русской советской поэзии. - М., 1965. - С.41.
202
Жирмунский В.М. Ритмико-синтаксический параллелизм, как основа
древнетюркского народного эпического стиха //Вопросы языкознания. - 1964. - № 4.
- С. 23.
203
Щербак А.М. Соотношение аллитерации и рифмы в тюркском стихосложении //
Народы Азии и Африки. - 1961. - №2. - С. 151.
304
қосу – ұлы ақынның тіл дамуында айрықша қызмет еткен
каламгердің еңбегі.
Бұл жерде Абай өзіне дейінгі дамыған, халықтың эстети-
калық-рухани сұранысын сан ғасыр бойы өтеп келген қазақ
поэзиясы тілінің жалпы заңдылықтарын сақтай отырып, қазақ
өлең сөзіне орасан көп өзгеріс-жаңалықтар енгізді деп кесіп
айтуға болады.
Абайдың қазақ поэзиясы тіліне қосқан үлесі, істеген еңбегі,
енгізген жаңалықтары ретінде мына тақырыптарды көрсетіп,
оларды жеке-жеке талдаған жөн:
1) поэзия тіліне қаламгер қолтаңбасын салу дәстүрі, яғни
шығармашылық (творчестволық) контекстдегеннің Абайда
айқын көрінуі;
2) өлең тілінің сөздік құрамына енген өзгерістер;
3) айқындық пен дәлдік;
4) фразеология саласындағы жаңалықтар мен өзгерістер;
5) жеке сөздерді тандап, талғап жұмсау, оларды поэтизмге
айналдыру;
6) өлеңнің синтаксистік-композициялық құрылысына енген
өзгерістер.
Бірінші. Абайда өз қолтаңбасының (шығармашылық кон-
текстің) айқын көрінуі. Абай, Пушкин сияқты, әдебиеттің,
яғни өлеңнің іші «поэтикалық ойға»–«идеяға» толы болуы-
на күш салды. Ойға, мазмұнға құрылған өлең сол ойды дәл,
әсерлі етіп беретін амал-тәсілдерді іздеттірді. Сондықтан да
Абайда өлең мазмұнын, ақынның айтпақ идеясын білдіретін
элементтердің айқындала, көріне түсуі басым, яғни Абайдан
«шығармашылық контексті» көре аламыз. Шығармашылық
контекс дегеніміз – жазушының көркемдік-бейнелеуші түр-
тұрпатын тікелей көрсететін тілдік фактілер жүйесі
204
болса,
бұл тұрғыдан келгенде, Абайдың тілі өзіне дейінгі, өзімен
тұстас қазақ көркемсөзі тілінен ерекшеленіп тұрады.
Абайдың өз қолтаңбасын сипаттайтын мынадай тілдік
фактілерді көрсетуге болады:
204
Махмудов Х.Х. Некоторые вопросы теоретической стилистики //Филологический
сборник. - Вып. 4. - Алма-Ата, 1966. - С. 226.
305
1) Абай қаламына бір ұғымды (объектіні) әр алуан тұрғыдан
айқындау, ол үшін дәстүрлі эпитеттерді де, жаңаларын да
пайдалану тән. Мысалы, ет жүрек, жау жүрек, ит жүрек,
Достарыңызбен бөлісу: |