ыстық жүрек, ауру жүрек дегендерінде кәнігі тұрақты
эпитеттерді жұмсаса, асау жүрек, асыл жүрек, сұм жүрек,
мұз жүрек, жылы жүрек, үрпейген жүрек, қырық жамау
жүрек дегендерінде жаңа белгілерді, тосын эпитеттерді
келтіреді. Абай тіліндегі тың эпитеттер – бір жағынан, ауы-
спалы мағынада келтірілген образды сөздер. Мысалы, сүтпен
енген надандық, аума-төкпе заман, қырмызы қызыл жібек
бозбала, нұрлы сөз, нұрлы ақыл дегендердегі анықтауыштар
– өздері қатысты нәрселердің (надандық, сөз, ақыл) бойлары-
на тән сындары емес, ауыспалы мәнде бейнеленген сөздер.
Ал, екінші жағынан, Абай қолданған эпитеттердің көпшілігі
заттың, нәрсенің, құбылыстың тікелей сыр-сипатын көрсететін
нақты сындар болып келеді: ыңғайлы ықшам киім, күркіреп
жатқан өзен, шұрқырап жатқан жылқы, түсі суық сұр бұлт,
дымқыл тұман, жарық ай, желсіз түн.
Бір объектіні әр қырынан анықтау арқылы Абай сөздің
метафоралық қызметін ұлғайтады, олардың тіркесу мүмкін-
шілігін кеңейтеді.
2) Абайдың өзіне тән қолтаңбасын танытатын белгілердің
және бірі – экспрессивтік бояуы күшті, модальдық реңкі бар
сөздерді образ үшін шебер пайдалануы. Мысалы, өз заманда-
стары – болыс пен пысықтар бар ма, «әсемсіп, сәнсіген» кер-
без, керімдер бар ма, «бойы былғаң, сөзі жылмаң» ауылдаста-
ры бар ма, «салақ, олақ» «Масақбайдың қатындары» бар ма
– осылардың баршасының образын дәл, әсерлі етіп беру үшін
жағымсыз қимылды білдіретін етістіктерді қолданады және бір
ерекшелігі – оларды көбінесе өткен шақ көсемше тұлғасында
пайдаланады. Мысалы, бір ғана «Болыс болдым, мінекей» де-
ген өлеңінде Абай болыс, шабарман, пысықтардың портретін
жасау үшін далпылдап, жалпылдап, барқылдап, бартылдап,
шаңқылдап, аңқылдап, тарпылдап, қарқылдап, шартылдап,
тарпылдап, лепілдеп, дікілдеп, өкімдеп, күпілдеп, шыбындап,
жымыңдап деген жағымсыз бейнелі етістіктерді келтіреді.
306
Бұлардан басқа да осы өлеңде ақын бейтарап мағыналы беру
сөзін емес, тығындау етістігін алса, ол – әлдеқайда бейнелі:
соңғы сөзде жалпы «беру» семантикасымен бірге, толып
жатқан қосымша реңктер бар. Бұл – бар малын елге құр бере
салу емес, берген үстіне беру, алушының еркіне қоймай беру,
әрине, қалтқысыз беру емес, «еруліге қарулы барын» есте
тұтып беру т.т. Сондай-ақ «сияз бар десе» болыстың жүрегі құр
лүпілдемейді (лүпілдеу сөзі қалыпты күйді білдірер еді), суыл-
дайды.
«Байлар жүр жиған малын қорғалатып» деген 18 жолдық
шағын бір ғана өлеңінде қолданған қорғалатып, Құдай атып,
бұтып-шатып, есіріп, ісіп-кеуіп, қабарып, ырылдатып,
Құдай қалжыратып сияқты бір топ етістіктің барлығының
дерлік мағынасында эмоциялық бояу бар. Тегі, етістіктердің
өткен шақ көсемше тұлғасы қазақ әдеби тілінде белгілі бір
поэтикалық міндетті өтейтін құрал ретінде қалыптасқан деуге
болады
205
.
Образды сөздерді Абай тек етістік тобынан емес, өзге сөз
таптарынан да алып пайдаланады. Ол қыртың, тыртың, бай-
ғұс қылпың, қу борбай, сымпыс шолақ деген сындық мағы-
надағы сөздерді да жатсынбайды, тіпті орайы келіп кеткенде,
образды одан сайын күшейте түсу үшін, кезінде Құдайберген
Жұбанов көрсеткендей, анау-мынау тұрпайы сөздерден де
(қаншық, ойнас, күйлеу, мақтанның к..і көрінді, болыстың к...
шөмейді деген сияқты) қашпайды. Бүкіл поэзиясы жалғыз көңіл
күйі лирикасы емес, өзге де жанрларды қамтитын Абайдай
ақынның тілінде тұрпайы элементтердің болуы – қаламгердің
талғамсыздығынан кеткен ақау деп емес, шығарманың экс-
прессиясы үшін қолданылған амалдар жүйесінің талабы деп
тану қажет.
Қазақ поэзиясы бұл тәрізді стильдік мәні бар элементтерді
бұрыннан да образ үшін пайдалануды білген. Бірақ бұл бұрын
әр тұста бір ұшырасатын факт болса, Абай оны жүйелі түрде
жиі пайдаланып, әрі өз қадамына тән, әрі қазақ поэзиясы үшін
ұтымды тәсілдердің біріне айналдырған.
205
Ахметов З. Өлең сөздің теориясы. - Алматы. 1973. - 48-б.
307
2) Кейбір грамматикалық тұлға-тәсілдерді жандандырып,
жиі қолдануы да, біздің байқауымызша, Абайдың өз қолтаң-
басын танытатын белгілердің бірі бола алады. Мысалы, оның
өлеңдерінде кісімсу, батырсу, еркесу тәрізді -сы жұрнағы
арқылы жасалған сөздер көзге түседі. Бұл тәсілмен Абай жеке
сөздерді ғана емес, жер тәңірісу, қалжыңбассу, еңбегі жоқ
еркесу сияқты жаңа тіркестерді де жасайды. Мұның себебін
ақын шығармаларының мазмұнынан, дәлірек айтсақ, оның
ар-ұждан жөніндегі көзқарасынан іздеу керек. Бұл жұрнақ
адам өзін біреуге не бір нәрсеге теңеп, балап айтумен неме-
се бірдеңені істеген я істемеген етіп көрсетумен байланы-
сты көлгірсу мәнін береді, сондықтан Абай «сөзуар, білгіш,
закөншік, көргіштер», «малдан басқа мұңы жоқтар», «тобықты
молыққан пысықтар» сияқты замандастарының көлгірсіген,
әсемсіп, сәнсіген, өтірік қайраттысып, қамқорсыған бейнесін
беру үшін осы жұрнақты қалайды, оны активтендіріп, өз
қолтаңбасының біріне айналдырады.
Әрине, Абайға дейінгі немесе онымен тұстас ақындардың
ешқайсысының өзіндік беті (қолтаңбасы) мүлде болған жоқ
деген тұжырым айтуға болмайды, бірақ ешбірі де дәл Абай-
дай өз қаламын, өзінің сөз қолданыс мәнерін көрсете алған
жоқ. Мұрасы едәуір мол сақталған Бұхар жырауды алсақ, «мы-
нау – Бұхардың қолы» деп тап басып, дәл телитін белгі көп
емес. Бұхардың өзі сүйіп, стильдік жүк артып, Абайша жүйелі
түрде қолданған элементтері өте аз. Бұхардың сөз саптауы –
өзіне дейінгі есімі сақталған-сақталмаған жыраулар мектебінің
жақсы үлгісі.
Қазақ поэзиясында сөз мәнері, стилі өзгелерден бөлекше
танылатын «өзіндік қаламының ізі» едәуір айқын сезілетін
Махамбетте де Абайдай үлес жоқ. Махамбеттің өзіндігі
(«контексі») тілінен гөрі, өлеңдерінің мазмұнынан, идеясы-
нан байқалатын тәрізді. Абайдың дәл алдында өткендерден
ақындық қуаты да, ізденісі де өзгелерден биік тұрған Дулат
біршама ерекшеленеді, онда әудем жерден «дулаттықты»
көрсететін тілдік белгілер аз емес, бірақ ол да Абайға шендесе
алмайды. Демек, Абайдың поэзия тілі үшін сіңірген еңбегінің
308
бірі – қаламгерлік даралықты, яғни өз қолтаңбасын айқын
көрсетуі деп түюге болады.
Екінші. Абай шығармашылығы арқылы қазақ көркемсөзі-
нің лексикалық құрамына өзгеріс енді. Ол өзгерісті туғыз-
ған – екі нәрсе: бірі – ақын жырлаған тақырыптар мен шығарма-
ларының жанрлық құрылысы, екіншісі – жаңа образдар іздеу.
Поэзия тілінің лексикалық құрамы оның мазмұны (тақырыбы)
мен айтпақ идеясына тікелей байланысты болатындығы мәлім.
Дегенмен соның өзінде де өлеңге катыстырылатын сөздерді
поэтизмге айналдыру – ол жеке ақынның ісі. Ал лексикалық
поэтизм дегеніміз – белгілі бір кезендегі поэзия тілінде пай-
да болған немесе іріктеліп шыққан сөздер мен тіркестер
(обороттар)
206
, яғни өлеңнің көркемдік талабын өтеу үшін
қалыптасқан элементтер.
Абай, ең алдымен, қазақ поэзиясының тіліне бұрын көп
ұшыраспайтын лексикалық топтарды қатыстырды. Оның
басты тақырыбының бірі – адам, адамның моральдық бет-
бейнесі, сыртқы портреті, іс-әрекеті. Бұл тақырыптарды Абай
бұрынғы ақын-жыраулардың жалпы түрде өсиет-ақыл айтуы
сияқты сипатта емес, нақты заттың немесе әр қимыл-әрекеттің
өзін бөлшектеп суреттеу түрінде, әр мінез-қылықтың өзін дәл
атау түрінде жырлайды. Сондықтан адамның психологиялық
күйін білдіретін сөздерді өлең тіліне молынан енгізеді. Мы-
салы, сүйіскен жастардың бір-бірімен кездескен кездегі ішкі
көңіл күйлерін дәл беру үшін бұрыннан жиі қолданылатын
Достарыңызбен бөлісу: |