Мәдениет және спорт министрлігі Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси жұмыс комитетінің тапсырысы бойынша «Қазақстан Республикасында тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы»


§ 2. Қазақ әдеби тілінің даму барысын дәуірлеу



Pdf көрінісі
бет8/180
Дата14.03.2022
өлшемі2,1 Mb.
#27901
түріБағдарламасы
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   180
§ 2. Қазақ әдеби тілінің даму барысын дәуірлеу
Қазақ  әдеби  тілінің  даму  барысын  дәуірлерге  бөлу 
мәселесінде де орныққан бірыңғай пікір жоқ. Ол да – түсінікті. 
Өйткені бұл тілдің басталар тұсы мен әрі қарайғы даму бағыты 
әрқилы  танылып  келген  соң,  оның  дәуірлерге  бөлінісі  де 
біркелкі болмақ емес.
Қазақ  әдеби  тілінің  даму  көшін  дәуірлерге  бөлместен 
бұрын,  оның  басын  қай  кезден  бастау  алатындығы  жайлы 
пікірлермен  танысу  қажет.  Мұнда  да  біркелкілік  жоқ.  Қазақ 
әдеби тілінің басталар тұсы жайындағы көзқарастарды беске 
бөліп топтастыруға болады:
1) Қазақ әдеби тілінің тарихын ертеден, көне түркі дәуірі- 
нен,  ғұндар  мемлекеті  кезінен  бастайды  (Ғ.Мұсабаев  II  ға- 
сырдан, Ә.Марғұлан, Б.Кенжебаев V ғасырдан т.б.).
2)  Қазақ  әдеби  тілінің  тарихы  XVIII  ғасырдан  басталады 
(Қ.Жұмалиев, М.Балақаев т.б.).
3)  XIX  ғасырдың  II  жартысынан  басталады  (Қ.Жұбанов, 
Н.Сауранбаев,  С.Аманжолов,  І.Кеңесбаев).  Бұл  тұжырымды 
ұстаушылар  XIX  ғасырдың  II  жартысына  дейін  де  қазақта 
әдеби  тілді  танытатын  үлгілер  болды  дегенді  қоса  айтады. 
Сірә,  бұл  жердегі  пікір  қазақтың  ұлттық  әдеби  тілін  көздей 
айтылған болу керек.
4) Қазақ әдеби тілі Қазан революциясынан кейін басталады 
(Т.Қордабаев).
5)  Қазақтың  төл  әдеби  тілі  ауызша  дамыған  авторлы  по-
эзия түрінде оның халық болып құралған кезеңінен, XV-ХVI 
ғасырлардан  басталады,  ал  ескі  жазба  әдеби  тілі  XVI-ХVII 
ғасырлардан,  жаңа  ұлттық,  жазба  әдеби  тілі  XIX  ғасырдың 
II  жартысынан  басталады  (Р.Сыздықова,  Қ.Өмірәлиев, 
Б.Әбілқасымов, А.Ысқақов, Ә.Құрышжанов т.б.).
Осындай  бастау  кездеріне  сәйкес,  қазақ  әдеби  тілінің  әрі 
қарайғы даму кезендері де әртүрлі болып ұсынылады.
Әдеби тілдің тарих көшін анықтауда және оның өмір сүру 
барысын  кезеңдерге  бөлуде  көркем  әдебиеттің  даму  кезең- 
дері жайындағы пікірлер көңіл аудартады. Сондықтан әдебиет- 
танушылар  тарапынан  қазақ  әдебиетінің  кезендерін  тану  


21
(зерттеу)  туралы  мынадай  пікірлер  мен  тұжырымдарды 
көреміз.
Филология  факультеттерінің  студенттеріне  арналған  «Ер- 
тедегі  қазақ  әдебиеті  хрестоматиясын»  құрастырушылар 
(Б.Кенжебаев,  Х.Сүйінішәлиев,  М.Жолдасбеков,  М.Мағауин, 
1967) қазақ әдебиетінің тарихын бес дәуірге бөледі:
1. Көне дәуір (V-ХIV ғ.) – қазақ қауымының рулық-ұлыстық 
дәуірі. Бұл кездегі әдеби шығармалар – көптеген түркі халық- 
тарына ортақ мұра.
2. Хандық дәуірдегі әдебиет (XV-ХVIII ғ.) – қазақтың төл 
әдебиетінің басталу шағы, алғашқы дәуірі.
3. XIX ғасырдағы әдебиет.
4. ХХ ғасырдың басындағы (1900-1920) бұқарашыл әдебиет.
5. Социалистік дәуір әдебиеті.
«Қазақ  Совет  энциклопедиясында»  берілген  «Қазақ  әде- 
биетінің  ертедегі  нұсқалары»  деген  мақалада  түркі  тілдес 
халықтар мен қазақ ру-тайпаларының әдеби туындыларын мы-
надай тарихи дәуірлерге бөліп қарайды:
1. IV – VIII ғ. – түркі дәуіріндегі әдебиет.
2. IX-ХII ғ. – мұсылман дәуіріндегі әдебиет.
3. XIII-ХIV ғ. – Алтын Орда дәуіріндегі әдебиет.
4. XV-ХVIII ғ. – Қазақ хандығы дәуіріндегі әдебиет
31
.
Қазақ көркем әдебиеті тарихын кезеңдерге бөлудің бұлардан 
басқа да үлгілері бар. Әдебиет зерттеушілерінің көпшілігі XV 
ғасырдан кейінгі әдебиетті «қазақтың өзінің қолтума әдебиеті» 
деп таниды.
Қазақ  әдебиеттанушыларының  енді  бір  тобы  қазақтың 
төл  әдебиетін  XVIII  ғасырдан,  Бұхар  жыраудан  бастап  келді 
(Қ.Жұмалиев,  Ы.Дүйсембаев  т.б.).  Осыған  орайластырып, 
қазақ  әдеби  тілінің  басын  XVIII  ғасырдан  алып,  бері  қарай 
дәуірлеу тіл мамандарына да тән болды.
Н.Сауранбаев қазақ әдеби тілінің тарихы әлі толық зерттел-
меген, сондықтан оны дәуірлеу қиын дей келіп, «пікір туды-
ру үшін өз ойымызды айтуды дұрыс көрдік» деп, бұл тарих-
ты үш дәуірге бөледі: 1) XIX ғасырдың II жартысына дейінгі, 
2)  ХІХ  ғасырдың  II  жартысынан  XX  ғасырдың  20-жылдары-
31
 Қазақ Совет энциклопедиясы. - 6-т. - 1975. - 233-б. 


22
на  дейінгі,  3)  советтік  дәуір
32
.  М.Балақаев,  Е.Жанпейісов, 
М.Томанов  ұсынған  дәуірлеу  кестесі  Н.Сауранбаев  кестесіне 
жуық, айырмашылық – XX ғасырдың басындағы әдеби тіл де-
ген үшінші кезең бөлек танытылады
33
.
Қазақ  әдеби  тілі  жайында  энциклопедияға  жазған  мақа- 
ласында  М.Балақаев  пен  Ә.Құрышжанов  оның  тарихын  мы-
надай  кезеңдерге  бөліп  қарайды:  1-кезең  –  ХVIII  ғасырдың 
II жартысы, бұл – қазақ әдеби тілінің алғашқы дәуірі; 2-кезең 
– ХIX ғасыр, бұл ғасырдың екінші жартысында жаңа сапалы 
жазба  әдеби  тіл  пайда  болды;  3-кезең  –  Октябрь  революция-
сынан  кейінгі
34
.  Дегенмен  авторлар  осы  мақалада V-VIII,  IX-
ХII  және  XIII-ХIV  ғасырлардағы  ескі  түркі  ескерткіштерінің 
тілін  қазақ  әдеби  тілінің  ескі  арналары  есебінде  атап  өтеді, 
XV-ХVII  ғасырлар  әдебиетінің  тілі  ортаазиялық  жазба  әдеби 
тілмен  байланыстырылады.  Бұл  классификацияда  XV-ХVII 
ғасырлардағы, тіпті XVIII ғасырдың I жартысындағы ауызша 
тараған  қазақ  әдеби  тілі,  яғни  осы  кезеңдегі  ақын-жыраулар, 
шешендер, жылнамашылар тілі ауызға алынбайды. 
1968  жылы  жарық  көрген  «Қазақ  әдеби  тілінің  тарихы» 
(авторлар  –  М.Балақаев,  Р.Сыздық,  Е.Жанпейісов)  атты  оқу 
құралында да әдеби тіл тарихын өзгеше баяндайтын зерттеуші 
–  М.Балақаевтың  концепциясы  негізге  алынғандықтан,  қазақ 
әдеби тілінің даму барысы мынадай кезеңдермен байланысты:
1-кезең. XVIII-ХIX ғ. әдеби тіл.
2-кезең. XIX ғасырдың I жартысындағы әдеби тіл.
3-кезең. XIX ғасырдың II жартысындағы әдеби тіл.
4-кезең. XX ғасырдың басындағы әдеби тіл.
5-кезең. 1920-1930 жылдардағы әдеби тіл.
б-кезең. 1940 жылдан кейінгі әдеби тіл.
Бұл дәуірлеу қазақ әдеби тілінің тарихын ғылыми-теория- 
лық  тұрғыдан  гөрі,  қазақ  халқының  әлеуметтік  өмірінің 
хронологиялық  мерзімдеріне  қарай  жасалған  шартты  кесте 
екенін мойындау керек.
32
 Сауранбаев Н. Қазақ тіл білімінің мәселелері. - Алматы, 1982. - 119-б.
33
  Балақаев  М.,  Жанпейісов  Е.,  Томанов  М.  Қазақ  әдеби  тілінің  мәселелері.  - 
Алматы, 1961. - 56-б.
34
 Қазақ Совет энциклопедиясы. - 6-т. - 1975. - 233-б. 


23
Қазақ әдеби тілінің даму кезеңдерін белгілеуде ұсынылып 
келген бұл кестелердің көпшілігінен мына бір жайт байқалады: 
әдебиеттанушылар, тіпті кейбір тіл мамандары да жалпы бір-
бірінен  бөлек  екі  категорияны:  жалпы  қазақ  тілі  және  қазақ- 
тың  әдеби  тілі  дегендерді  араластырып,  оларды  айырмай 
қарайды. Бұл екеуі дәуірлеуге келгенде екі түрлі болуға тиісті. 
Жалпы  қазақ  тілінің  тарихы  әріден  басталады  және  ол  осы 
тілде сөйлейтін халықты құраған ру-тайпалардың тарихымен, 
этникалық тұтастық ретінде халық болып топтасу процесімен, 
оның әрі қарайғы ұлт ретінде ұйымдасуымен (консолидация-
лануымен) байланысады. Осы тұрғыдан келгенде, жалпы қазақ 
тілінің дәуірлерін: бәлкім, біздің жыл санауымыздан бірнеше 
ғасыр  бұрынғы  кезеңнен  бастап  біздің  жыл  санауымыздың 
XIV-ХV  ғасырларына  дейінгі  дәуірі,  болашақ  қазақ  халқын 
құрайтын  ру-тайпалардың  тілі;  екінші  кезең  –  ХV  ғасырдан 
XIX ғасырдың II жартысына дейінгі мерзім, бұл мерзімде ру-
тайпалар  этникалық  тұтастық  –  халық  ретінде  қалыптасты; 
үшінші  кезең  –  ХIX  ғасырдың  II  жартысынан  қазіргі  кезге 
дейін, бұл уақытта қазақ халқы ұлт болып шоғырланды – деп 
тануға болады.
Әдеби  тіл  –  халықтық  не  ұлттық  мәдениеттің  белгілі  бір 
көрінісі,  ол  әрбір  халықтың  өзі  жасап  отырған  дәуіріндегі 
қоғамдық-экономикалық, саяси-шаруашылық өмірімен тікелей 
байланысты. Сонымен бірге ол өзінің ішкі даму заңы бойын-
ша да өрістейді. Тіл өзі қызмет етіп отырған ортаның мәдени-
әлеуметтік  ерекшеліктерімен,  яғни  ғылымның,  өнердің, 
әдебиеттің, қоғамдық ойдың т.б. даму дәрежесімен қоян-қолтық 
араласып, астасып жатады. Сол сияқты әдеби тіл өзін тұтынып 
жүрген  халықтың  этно-географиялық  ортасына  да  тәуелді, 
әсіресе  тәлім-тәрбие  беріп,  білім  тарататын  орталықтармен 
тікелей қарым-қатынаста болады.
Әдеби тіл әрдайым өзгеріп отырады. Ол өзінің қызмет ету 
барысында көптеген күрделі жолдардан өтеді. Міне, сондықтан 
әдеби тілдің даму кезеңдерін тарихи тұрғыдан алып қарау ке-
рек болады. Ұзақ жылдар бойына ол жайлап өзгереді, біртіндеп 
қалыптасады,  сыртқы  сандық  өзгерістерден  ішкі,  сапалық 
өзгерістерге ұшырайды. Осындай ішкі (тілдік, структуралық) 


24
өзгерістерге байланысты да әдеби тілдің өзгеру, жетілу (әдет- 
тегі  терминмен  айтқанда,  даму)  дәуірлерін  бірнеше  кезенге 
бөліп қарауға болады.
Біз қазақ әдеби тілінің даму тарихын ең алдымен басты-ба-
сты екі дәуірге бөлеміз:
І. қазақ халқының ұлттық кезеңге дейінгі әдеби тілі;
ІІ.  қазақ  халқының  ұлт  болып  қалыптасқан  кезеңіндегі 
әдеби тілі.
Алғашқы дәуірдің өзін шартты түрде (әсіресе оқу бағдар- 
ламасын жеңілдетіп құру үшін) екі кезеңге бөліп қарастыруға 
болады (осы оқулықта біз осылайша бөліп алдық):


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   180




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет