13
көркем әдебиеттің рөлі және оған қатысты тіл дәстүрі жайын-
дағы мәселелер өте күрделі, оның үстіне барлық тілге ортақ жал-
пы бағыт-бағдардың болуына қарамастан, жеке әдеби тілдердің
тарихында олардың өздеріне ғана тән даму ерекшеліктері
орын алады»
21
деген дұрыс пікірлерді ескермеушілік болар еді.
«Әдебиет» («литература») деген сөздің түп-төркінінде «лите-
ра» («әріп»), демек, «жазу» мағынасы болғанымен, бұл сөздің
терминдік мәні Еуропа мен орыс мәдениетінің өзінде сан
рет құбылып қолданылып келгенін білеміз. Сондықтан қазір
«литература» сөзі о бастағы мағынасын қайткенде де сақтап
қолданылуы шарт болмаса керек. Егер біз «әдебиет» сөзіне
тек жазба түрде емес, өзгеше жолмен де өмір сүріп келген,
біздің дәуірімізге дейін түбегейлі өзгермей, жоғалмай жеткен
көркемсөз
деген ұғым беретін болсақ және оны ауыз әдебиеті
мұрасынан бөліп қарайтын болсақ, оның тілін де фольклор
тілінен бөлек сапада деп тануға тиіспіз. Бұлайша бөліп тануға
негіз болатын мынадай белгілер бар.
Достарыңызбен бөлісу: