Мәдениет
морфологиясы»
еңбегінде
1996
жылы
мәдениеттің
1500
анықтамасының болғанын ескере отырып, оларды сараптауға талпыныс жасады,
мәдениеттің мына түрлерін
бөліп алды:
сипаттаушы, антропологиялық,
құндылықты, нормативті, тарихи, функционалды.
7
2. Мәдениет құрылымы. Мәдениет тұтас жүйе.
Мәдениетін құрылымы: мәдени түрлердің саналуандығы және мәдени құрылымның
күрделілігі.
Адамның жасаған әрекеті алдымен ойда, рухта пайда болады, тек содан кейін ғана белгілер
мен нәрселерде көрініс табады.
Мәдениет құрылымы
: рухани мәдениет және материалдық мәдениет.
Рухани мәдениет дегеніміз
- білім, идея, заң, мінез-құлық, ережелер, белгілер, әдет-ғұрып,
дәстүр мен тіл болып табылады.
Материалдық мәдениет дегеніміз
- тұрмыстық және өндірістік білім, өндіріс техникасы мен
технологиясы және т.б. Мәдени құбылыстарды көптеген нақты ғылымдар, атап айтсақ
тарих, археология, этнография, антропология, әлеуметтану сондай-ақ сананың түрлі
формаларын қарастыратын философия, өнер, эстетика, дін, мораль және т.б. ғылым
салалары қарастырады.
Рухани мәдение саласына
: дін, мораль;саясат, құқық;ғылым, білім, дене тәрбиесі, спорт,
медицина;әдебиет,
өнер;
бұқаралық
ақпарат
құралдары,
тіл;рухани
іс-әрекеттің
материалдық заттық өнімдері енеді.
Материалдық
мәдениет
саласына
:
ғылымның,
білімнің,
әдебиет
және
өнердің,
медицинаның, дене тәрбиесі мен спорттың материалдық заттық құрылымдары;бұқаралық
коммуникация құралдарының материалдық техникалық базалары,рухани іс-әрекетті
өнімдерін өндірудегі материалдық базалар енеді.
8
3. Мәдениет құрылымының негізгі анықтамалары, ізденушіліктің негізі.
Осы мәдениеттің анықтамаларын жеке қарастырайық.
Құндылықты
– бұл
адамдар қолдан жасайтын материалдық және рухани
құндылықтардың бірлігі, ал құндылық – адам санасында қалыптасқан қандай да бір
материалдық
немесе
идеалдық
заттардың
адамға
жағымды
мағыналары.
Құндылықтың
өзі объект болмайды, ол адамның қандай да бір қажеттілігін
қанағаттандыра алу мүмкіндігі. «Құндылық» және «құн» - бірегей түсініктер емес.
«Құндылық» - ол философиялық және мәдениеттану түсінігі, «құн» - экономикалық
түсінік.
Мәдениеттің құндылық концепциясы
ХVІІІ ғ. аяғында неміс философтары мен
мәдениеттанушыларының еңбектерінде пайда болды, бүгінгі күні де мәдениеттану
концепциясының маңызды бөлігі болып табылады.
Социологиялық концепциясы
– мәдениет анықтамасын
идея бірлігі ретінде,
адамдардың ұжымдық әрекетін қамтамасыз ететін
әлеуметтік құралдар ретінде
түсіндіруден шығады.
Мәдениеттің технологиялық анықтамасы
- мәдениетті нақты бір өндіріс пен қоғамдық
өмір сүрудің, нақты бір деңгейі ретінде таниды, ол қоғамның технико-экономикалық
көрсеткіштеріне тәуелді болады.
Мәдениеттің әрекеттілік анықтамасы
- оны адамдар өмірінің ажырамас бір бөлігі
ретінде түсінумен қатысты. Олар қару қолдану, белгілер мен нормалар, өзін-өзі ұстау
9
*
Мәдениеттің сипаттау анықтамасы
- оның нақты бір бөлшектері мен көріністерін тізіп шығу.
*
Мәдениеттің антропологиялығы
- мәдениеттің өзі адамдар қолымен жасалған заттар әлемі
екендігінде және табиғатқа қарсы тұру.
*
Тарихилығы
- мәдениеттің өзі тарихтың, қоғамның жемісі екендігінде және де адамзаттың
тәжірибе арқылы жинақталған тәжірибесінің ұрпақтан-ұрпаққа берілу арқылы дамуы.
*
Л. Уайт. Мәдениет дегеніміз – символдар бірлігі.
*
Мәдениеттің басқа бір қазіргі заманғы анықтамасын американдық мәдениеттанушы Л. Уайт
берді. Ол оны адам барлығында символдарды көре білетіндігі және оны қабылдау мүмкіндігімен
байланыстырады. Л. Уайт үшін мәдениет дегеніміз – ол идеяны, сезімді, әрекетті, сенімді, қарым-
қатынасты, өзін-өзі ұстау үлгісін, заңдар мен институттар, көркем шығарма мен оның формасын, т.
б жатқызатын символдар бірлігі. Л. Уайттың айтуынша, мәдениет – ол ұйымдасқан жүйе, оның
шағын жүйесі ретінде технологиялық, әлеуметтік пен идеологиялықтар танылады. Соңғы екі
шағын жүйелердің маңыздылығын ескере отырып Л. Уайт, технологиялық шағын жүйені барлық
мәдениеттерге детерменантты деп санайды, себебі ол адам өміріне қатысты.
Технологиялық
жүйені функцияналдыру динамикалық болып табылады және энергия шығынымен байланысты,
сондықтан мәдениеттің алғашқы функциясы Л. Уайттың ойынша
- қуатты өндіру мен адам
өмірінің қажетіне жарату. Л. Уайт мәдениеттің даму деңгейін адам санына қанша қуат алынып
пайдаланғаннан,
оны
пайдалану
технологиясының
тиімділігінен
анықтайды.
Осындай
байланысты мәдениеттанушы мәдениет эволюциясы заңы деп санады, ол кейіннен ғалымның
атымен аталды («Л. Уайт заңы»). Өзінің гуманитарлық білім тарихындағы басқа кезең болып
табылатын «Мәдениет туралы ғылым» атты еңбегінде Л. Уайт мәдениетті мәдениеттанудағы жаңа
ғылым пәні ретінде
сараптап көрсетеді. Жаңа ғылымның пәндік бағытын анықтайды, оның
атауын енгізіп, оған жүйелі әдісті қолдануға болатынын көрсетеді.
*
10
11
*
4. Мәдениет құрылымы. Рухани және материалдық мәдениеттің ара қатынасы.
*
Адам, оның қызметімен өзара қатынасы бар жерде мәдениет бар. Бірақ материалдық және
рухани мәдениетті бір-бірінен ажырата білу қажет. Мәдениет материалдық және рухани: бірі-
материалдық өндірістің, екіншісі-рухани өндірістің өнімі деп қаралады. Себебі материалдық
және рухани мәдениеттің өнімдері – еңбек құралдары және көркем шығырмалар әр түрлі
мақсатта пайдаланылады.
Материалдық мәдениетсіз рухани мәдениет қалыптаспайды.
Мысалы, радио, теледидар, компьютер, түрлі ғимараттар, мұражайлар сияқты түрлі
материалдық игіліктер арқылы рухани мәдениет таралды. Би, ән айту, жыр жырлау құралсыз
іске асырылмайды. Ел мәдениеті неге байланысты? Олар театрларға, басқа да мәдени
ошақтарға, сән-салтанатты, барлық жағдайы бар демалыс орындарына, т.б. байланысты.
Оларды игілікке пайдалана білу де мәдениеттің бір саласы. Сөйтіп, материалдық және
рухани мәдениет тікелей байланысты екен. Одан шығатын қорытынды, мәдениет –
қоғамның материалдық және рухани байлығының жиынтығы. Қоғамның материалдық
дәрежесі жоғары болған сайын рухани өмір де жоғары болмақ. Біздің қазіргі қоғамдағы қиын
жағдай осы өтпелі кезеңде туып отыр. Біріншіден, қаражаттың жетіспеуінен көптеген мәдени
ошақтар асып-тосып, істен шығуда. Ауылдық жерлерде клубтар, кітапханалар жабылып
жатыр. Қалалы жерлерде кинозалдардың, театрлардың материалдық негізі құлдырап,
төмендеді. Екінші жағынан, жалақының аздығынан көптеген талант иелері сауда-саттыққа
ауысып кетті.
*
2)
Достарыңызбен бөлісу: |