Мәдениеттану Әдебиеттер Мәдениеттануға кіріспе


Қалалардың өсуі. Сәулет құрылыстары



бет41/54
Дата31.12.2021
өлшемі1,76 Mb.
#22915
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   54
Байланысты:
МәдениеттануФ-31-5

  • Қалалардың өсуі. Сәулет құрылыстары
  • X-XII ғасырларда Қазақстанда қалалардың өсу, қала өмірінің жандану процесі жүрді. Қазақстан картасында бірқатар жаңа қалалар –Қарашық, Қарнақ, Екі-Өгіз, Ашнас, Баршынлыгкент қалалары пайда болды. Бұрығы қала-қамалдардың орнына қорғаныс қабырғалармен қоршалған қорған-цитадельдер салынды. Цитадельдер Орта Азияда шахристан деп аталған, олардың ішінде басты мәдени құрылыстар – базарлар, тұрғын үйлер, кеңселер, т.б. мекемелер болған. Қалалардың одан әрі өсуіне байланысты шахристан айналасында ұсақ қолөнершілер, саудагерлер, кедейлер тұратын рабадтар салынды.
  • X-XII ғ.ғ. қазақстандық қалалардың ең үлкен Отырар қаласы болды. VIII-IX ғ.ғ. салыстырғанда Отырардың ауданы бірнеше есе өсіп, рабадтарымен қосқанда 200 гектар жерді алып жатты. Қабырғалар
    • тек цитадель мен шахрситанды қоршап қоймай, рабадтарды да қорша тұрды. Қалада су құбыры жұмыс істеп тұрды, қоғамдық моншалар, қауыздар, ал рабад аумағында каналдар, бақтар және егістіктер болған. Отырардан бір күндік жерде Шавғар қаласы орналасқан. Бұл қазіргі Түркістан қаласының орны. XII ғ. осында белгілі дін уағыздаушысы Қожа Ахмет Иассауге арналған бір бөлмелі шағын кесене тұрғызылған. Содан бастап, қала діни орталыққа айналған. Кейінірек 1389-1399 ж.ж. Әмір Темірдің бұйрығымен бұрынғы кесене орнына XIV ғ. аса көрнекті ескерткіші Хожа Ахмет Иассауи мешіт-кешені тұрғызылған. XII ғ. Испиджаб қаласы, қазір Шымкент қаласынан 12 км жерде Сайрам кентінің орталығында болған, өтпелі сауда орталығы ретінде белгілі болған еді, мұнда көптеген тауарлар шығарылды, маталар, қару-жарақ, темір басқа жақтарға жөнелтілген. Караханидтер тұсында Таразда сәулет өнерінің тамаша үлгілері Карахан мазары (XI ғ.), Айша биби кесенесі (XI-XII ғ.ғ.), Бабаджа Хатун мазары (X-XI ғ.ғ.) салынған. Сырдария өзеннің төменгі ағасында XI-XII ғ.ғ. Сырлытам кесенесі, Қазалы қаласынан 10 км жерде XI ғасырлық сәулет өнерінің ескерткіші Бегім Ана мазары, Қарағанды облысы Ұлытау ауданында X-XI ғ.ғ. бағалы архитектуралық ескеркіші – Алаша хан күмбезі болған.


    Достарыңызбен бөлісу:
    1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   54




    ©emirsaba.org 2024
    әкімшілігінің қараңыз

        Басты бет