Мәдениеттану мамандығы 2 курс PhD докторанты



Pdf көрінісі
Дата28.12.2016
өлшемі233,51 Kb.
#614

Мәдениеттану мамандығы 

2 курс PhD докторанты 

Альджанова Н.К. 

Мәдениеттану мамандығы 

1 курс магистранты 

Ізтелеуова М.К. 

 

Қазақ халқын ұйыстырудағы ұлттық дәстүр 

  

Жаһандық  ӛркениет  аясында  ұлттық  бірегейлікті  сақтаудың  жолдары 

ретінде  ұлттық  мәдениет,  ұлттық  дәстүр,  атадан  балаға  табысталатын  асыл 

мұралар  бар  қазақтың  бір  қазақ  ретінде  ұйысуына  негіз  болатыны  анық. 

Ұлттық  мәдениет  және  дәстүр  тек  алдыңғы  буын  ұрпақтардың  рухани 

тәжірибесін  ғана  сақтап  қоймай,  мәдени  мұрадағы  құндылықтарды 

жаңғыртады.  Елдің  мәңгілік  болуы  рухани  құндылықтардың  ұрпақтан 

ұрпаққа  ұласып,  буындар  бірлігін  сақтаушы  болатын  сабақтастықта  жатыр. 

Сондықтан  ұлттық  бірегейлікті  сақтау  мақсатында  ұлттық  дәстүр  мен 

мәдениетті  қайта  жүйелі  жаңғырту  жүзеге  асырылуда.  Ең  алдымен  ұлттық 

мәдениеттің  негізін  құрайтын  түбегейлі  құндылықтарды  қайтару,  яғни 

адамдарды рухани тұрғыда оятатын ұлттық тіл мен дәстүрді қайта жаңғырту; 

ғасырлар бойы қалыптасқан қазақ халқының асыл қазынасы – мәдени-рухани 

мол  мұрасын  белсенді  түрде  меңгеру,  ұлттық  намыс  пен  жігерді,  ұлттық 

рухты  асқақтата  түсу  ұлттық  генетикалық  код  негізін  құрайтын  мәдени 

құндылықтар  мен  ұлттық  дәстүрдің,  ұрпақаралық  сабақтастықтың  сақталу 

жолдарын  негіздейді.Елбасы  айтқандай  «Дәстүр  мен  мәдениет  ұлттың 

генетикалық коды. Қазақстандық мәдениет еліміздің барлық азаматтары үшін 

патриоттықтың ӛзегі болуы қажет» [1]. 

Мәдени  мұра  бағдарламасы  аясында  елiмiздiң  тарихи-мәдени  мұрасын 

зерделеу,  айрықша  маңызы  бар  тарихи-мәдени  және  сәулет  ескерткiштерiн 

қайта  қалпына  келтiру  жӛнiнде  ауқымды  жұмыс  атқарылды.  Бүгiнгi  күнi 

мемлекеттiк  мұражайларда  екi  миллионнан  астам  мәдени  құндылықтар 

сақталуда. Ұлттық мәдениет пен жазудың сан ғасырлық тәжiрибесiн қорыту, 

әлемдiк  ғылыми  ой-сананың,  мәдениет  пен  әдебиеттiң  үздiк  жетiстiктерi 

негiзiнде гуманитарлық бiлiмнiң мемлекеттiк тiлдегi толыққанды қорын құру 

жӛнiнде жұмыс жүргiзiлдi. 

Мәдени  мұра  бағдарламасы  халықтың  үлкен  мәдени  мұрасын,  оның 

ішінде  заманауи  ұлттық  мәдениет,  фольклор  және  салт-дәстүрлерін;  ұлттық 

тарих  үшін  ерекше  маңызы  бар  тарихи-мәдени  және  сәулет  ескерткіштерін 

қалпына  келтіру;  ұлттық  әдебиет  пен  жазбаның  ғасырлар  бойындағы 

тәжірибесін  жалпылау;  мемлекеттік  тілде  әлемдік  ғылыми  ойлар,  мәдениет 

және  әдебиет  жетістіктерінің  үздіктері  негізінде  толымды  қор  жасауды 

зерттеу  жүйесін  құрды.  Қазақ  мәдениеті  мен  салт-дәстүрі  дүние  жүзі 

халықтарының  мәдениеті  мен  салт-дәстүрінен  кӛп  ілгері  болып  келді,  оның 

тұнып  жатқан  асыл  маржандарын  толықтай  жинақтап  қазіргі  жастарға 

жеткізу жаһандық ӛркениет аясында ұлттық бірегейлікті сақтайды. 



Әрбір  ұлттық  мәдениет  ӛзінің  дамуында  руханият  дүниесіне  сүйенеді. 

Сол  рухани  інжу-маржандардың  қадірін  біліп,  қаймағын  бұзбай  қазіргі 

күрделі жаһандану заманында жүйелі түрде жинақтап алуда және оны әрбір 

жаңадан келетін жас ұрпаққа рухани сабақтастықпен жүйелі түрде бере білу 

ӛзекті  сипатқа  ие.  Аталған  істер  жүзеге  асырылған  жағдайда  ғана  еліміздің 

Еуразия кеңістігіндегі ӛзіндік ерекшелігі бар халық ретіндегі мәртебесі ӛседі, 

басқа халықтар алдындағы құрметімізді асқақтата түседі. 

Мәдени  құндылықтар  –  барлық  адамзат  тарихының  шығармашылық 

әрекетінің  нәтижесі.  Қазіргі  адамзат  мәдени  құндылықтарды  сақтау 

қажеттілігін мойындап отыр.Кез келген мемлекеттің мәдени мұрасын сақтау 

ЮНЕСКО конвенцияларымен, халықаралық құқық нормаларымен реттеледі, 

ӛйткені  әр  елдің  ұлттық  игілігі  әлемдік  мұраның  құрамдас  бӛлігі  ретінде 

қарастырылады. Біздің еліміздің мәдени мұрасы ӛте бай. Мәдениет тарихы – 

тек ӛзгеру үрдісі ғана емес, ӛткенді сақтап, мәдени құндылықтарды мұра ету 

үрдісі.  Мәдени  мұра  –  ұлттың  рухани,  мәдени,  экономикалық  және 

әлеуметтік  капиталы. Табиғи байлықтармен қатар бұл әлемдік қауымдастық 

мойындайтын ұлт қадірінің негізі болып табылады. Мәдени құндылықтардың 

жоғалуы  қазіргі  және  болашақ  ұрпақ  ӛмірлерінің  барлық  салаларында  әсері 

байқалады, рухани азғырып, тарихи жадының үзіліп, қоғамның кедейленуіне 

әкеледі.  Бұл  зардаптар  қазіргі  заманғы  мәдениеттің  дамуымен  де,  жаңа 

маңызды  туындылармен  де  қалпына  келмейді.  Мәдени  құндылықтарды 

жинау және сақтау – ӛркениет дамуының негізі. 

Ұлттық  рухын,  ар-намысын  асқақ  та  бекем  ұстайтын  халық  қана 

біртұтас  ұлт  болып  ұйысып,  баянды  болашаққа  жол  алмақ.Үш  ғасырлық 

бодандық пен жетпіс жылдан астам уақыт кеңестік саясат кезінде жоғалтқан 

есеміздің  орнын  толтырып,  рухани  мерейімізді  қандырып,  қазақы  салт-

дәстүр, әдет-ғұрып, әдеп пен иман секілді тектілік қасиеттерімізді жаңғырта 

дамыту  –  бүгінгі  күннің  басты  талабы,  Мәңгілік  Қазақ  елі  болуының 

алғышарты. 

Қазақтың  ұлттық  идеяға  негізделген  тӛлтума  мәдениетін  қалпына 

келтіру үшін, ең алдымен оның дүниетанымдық негізін қалап алу керек. Бұл 

туралы  белгілі  философ  М.С.  Орынбеков  былайша  ой  түйіндейді:  «Бүгінгі 

күні  қазақтың  ӛзіндік  санасының  ішкі  логикасын  табу  ӛзекті  мәселеге 

айналды.  Ал,  негізгі  мәселелердің  қойылуы  мен  оған  деген  танымдық 

жолдарды  іздестірудің  және  сана  мәселелерін  шешудің  алдын  алар  еді.  Бұл 

ізденіс  нақты  ӛмірде  Батыс  пен  Шығыстың,  дәстүршілдік  пен  қазіргі  заман 

ағымының, мұра мен жаңашылдықтардың, жан дүние мен ақылдың, дін мен 

ӛмірдің,  сенім  мен  атеизмнің  арасындағы  қайшылықтардың  аясында  ӛтіп 

жатыр.  Ал,  таным  саласында  бұл  мәселе  сенім  мен  білімнің,  ой  мен 

қимылдың, 

руханилық 

пен 


ақыл-парасаттылықтың, 

даналық 


пен 

құдіреттіліктің,  адамның  діни  еркімен  ӛзіндік  еркі  арасындағы 

қайшылықтардан кӛрінеді» [2]. 

2004  жылдың  тамыз  айында  «Казахстанская  правда»  газетінде  Мұхтар 

Құл-Мұхаммедтің  «Ұлттық  болмыстың  негізі»  деп  аталатын  кӛлемді 

ғылыми-кӛпшілік  мақаласы  жарияланды  және  бұл  еңбекте  ұлттық  идея 



тілмен  байланыстырылды.  Автор  бұл  мақаласында  мынандай  ойлар 

түйіндеді: «Тіл қашанда ұлттық идеяның басты құрамдасы және мемлекеттік 

идеологияның негізі болды. Оның үлгілерін қазіргі заманғы тарихтан кӛптеп 

келтіруге  болады.  Адамзат  тарихы  әуел  бастан  және  кӛптеген  мысалдар 

барысында  тілдің  тек  коммуникацияның  жай  негізгі  құралы  ғана  емес, 

сонымен  қатар  саяси,  экономикалық,  әлеуметтік  мәжбүрлеу  мен 

бағындырудың қуатты құралы екендігін де дәлелдеп келеді. Тіл, ең алдымен, 

нақты бір ұлттың мәдени-тарихи тәжірибесінің жиынтығы, ерекшелік белгісі 

және  атрибуты,  күрделі  бірегейлік  рәміз  және  оның  ӛзін-ӛзі  ӛркениеттік 

анықтауының  бастауы».  Сонымен  қатар  автор  еліміздегі  мемлекеттік  тілдің 

жағдайын  талқылай  отыра,  тілді  жаңғырту  дегеніміз  ұлтты  жаңғырту 

екендігін,  қазақ  тілінің  аясының  кеңеюіне  орай  мемлекеттік  тіл  саясатын 

жүргізу қажеттігін айтты [3]. 

Мемлекет құруда тіл мен рухани тәрбие мәселесінің маңызы адамзаттың 

даму үрдісінде алатын орны ерекше екенін осыдан екі мың бес жүз жылдай 

бұрын  ӛмір  сүрген,  әйгілі  Дарий  патша  былай  деп  айтып  кеткен:  «Баянды 

мемлекет  болу  үшін  халықтың  бір  тілде,  бір  дінде  болуын  қамтамасыз  ету 

керек».  Осы  қағида  тарихтағы  және  қазіргі  кездегі  мықты  мемлекеттердің 

тәжірибесімен  ӛзінің  ӛміршең  заңдылық  екенін  кӛрсетіп  отырғанына  ешкім 

күмән  келтіре  алмайды.  Ол  үшін  экономиканың,  саясаттың,  ғылымның, 

технологияның,  білім  беру  мен  рухани  тәрбие  жүйесінің,  ақпарат 

кеңістігінің  қазақ тілінде сӛйлеуін бірінші кезекте іске асыру қажет. 

«Түркілер  ұғымында  Мәңгілік  мақсатты  кӛздемеген  іс  оңбайды,  оны 

Тәңірі жарылқамайды»  [4,  382 б.].  Сондықтан  да,  елдік  пен  бірлік  жолында 

ерік-жігерімізді  аямауымыз,  мемлекетіміздің  тәуелсіздігін  баянды  ету  үшін 

барлық  қажыр-қайратымызды  салуымыз  «Мәңгілік  ел»  жолындағы  мақсат-

мұрат,  парызға  деген  адалдығымыз  болмақ.  Ата-бабаларымыздың  тасқа 

таңбалап, мәңгіге жазып қалдырған  кемеңгерлеріміз жалғастырып, дамытқан 

сан елдің ӛзара береке бірлігі мен татулығын, бейбітшілігін тілейтін іргетасы 

ӛзара  түсіністікке  негізделген  «Мәңгілік  ел»  нысанасы,  «кемел  қоғам» 

ілімінің иісі түркі жұрты ғана емес, адамзат қоғамына берер тәсілі, тағылымы 

мол.  


Ұлттық  дәстүрді  тарихи  қалыптасқан  берік  дәстүр  ретінде  қарау,  ол: 

біріншіден,  адамдардың,  халықтың  материалдық  және  рухани  мәдениетіне 

тартылуына  әсер  етеді;  екіншіден,  халықтың  тарихи  танымын  қалпына 

келтіреді,  ұлттық  психологияны  дамытады,  ұлттық  дәстүр,  ӛз  Отаны  мен 

халқына  деген  сүйіспеншілік  пен  құрметті  күшейтеді.  Ұлттың  ӛзін-ӛзі 

тануына, жеке адамда ӛз халқының ерліктері арқылы ұлттық мақтаныш пайда 

болады  [5,  17  б.].  Дегенмен,  тарихи  үрдістер  барысында,  әсіресе  қазіргідей 

ғаламдану  үрдісінің  жедел  қарқынмен  дамып  келе  жатқан  кезінде  ұлттық 

дәстүрдің,  тіпті  ұлттық  дәстүрге  деген  кӛзқарастың  ӛзінің  айтарлықтай 

трансформацияға  ұшырауы  мақсатымызға  күмәнмен  қарауға  итермелейді. 

Қазақ елінің әлемдік кеңістікте ӛз жолын таңдауы әрбір қазақтың емін-еркін 

ӛмір  сүруінің  кепілі.  Ол  сӛзсіз  ұрпақтар  қамы  деген  ұғыммен  үндеседі.  Ел 

болу,  мемлекет  құру  сонау  түркі  заманынан  желісі  үзілмей  келе  жатқан 


ұлттық арман-аңсар. Ел болу – болашаққа ашылған даңғыл жол. 

Ұлттық  идея  –  талай  ұрпақтың  еңбегімен,  қуаныш-қайғысымен 

сараланған  рухани  дүние.  Бұл  қайталанбас  байлық  ӛмірге  ұлттық  ӛзіндік 

тарихи  болмысымен  келген,  сол  себептен  де  ол  ұлттық  дүниетанымның 

айнасы.  Кӛп  этносты,  кӛп  конфессиялы  Қазақстан  қоғамы  сияқты  күрделі 

қоғамда идеяларға қойылатын басты талап, ол ел тұтастығын қамтамасыз ете 

алатын  күшке  ие  болу  кажеттілігі.  Қоғамның  барлық  мүшелерінің  жоғын 

жоқтап,  бәрінің  мүддесін  бірдей  қорғайтын  идеялар  мен  кӛзқарастар  ғана 

тұтастықты  сақтауға  кӛмектеседі.  Кӛпэтносты  Қазақстан  жағдайында 

халықтың  бірлігін  сақтайтын,  тәуелсіз  мемлекет  құру  жолындағы  олардың 

ерен  еңбегін,  қажымас  жігерін  тасытатын  идеялардың  бірі  ретінде  қазақ 

халқының рухани түлеу идеясының потенциалын пайдалануды ұсыну да осы 

талап-тілектен туған шаралар [6, 3-8 бб.]. 

Ұлттық мәдениет – бұл адамзаттың біркелкі дамуындағы заңдылықты 

деңгейі.  Әлемдік  мәдениет  –  бұл,  алдымен,  ұлттық  мәдениеттер 

жиынтығы.  Ұлттық  мәдениеттердің  жалпы  адамзаттық  идеалдарға  ие  ең 

жоғарғы жетістіктері және оларды бүкіл әлем мойындаған соң, ұлтаралық 

мәдениет  құрамына  енеді.  Ұлттық  мәдениеттер  мәселелері,  мән-

мағыналары  және  құндылықтары,  олардың  ӛзара  байланыстары  қазіргі 

уақытта  жаһандану  кеңістігінде  болып  жатқан  процестермен  тығыз 

байланысты. 

Яғни, 


қазіргі 

кездегі 


ӛркениетті, 

ақпаратты, 

постиндустриалды  деген  қоғам  осы  кеңістік  ықпалында  ӛзгеріп  отырады. 

Ежелден  келе  жатқан  және  жаңадан  қалыптастасқан  құндылықтарды 

қалыптастырудың  ӛзі  қазіргі  кезде  жаһандану  илегінен  ӛткізіп, 

қарастырмау 

сол 

құндылықтардың 



шынайы 

бағасын 


анықтауға 

талпынбаумен теңбе-тең.  

Қазақ  халқы  рухани  мәдениетінің  даму  динамикасы,  қалыптасқан 

әлеуметтік-мәдени  жағдайларға  байланысты,  қайшылықты  және  күрделі 

процесс  болып  кӛрініс  табады.  Қазақстан  тұрғындарының  кӛп  этникалық 

табиғаты,  оның  дамуының  анық  суреттемесін  айқындауға  мүмкіндік 

беретін,  шектер  мен  ӛлшемдерді  белгілеуде  жүзеге  асады.  Қазақтардың 

рухани 


ӛмірі, 

қаншама 


ұлттық 

құндылықтар 

бүкіләлемдік, 

жалпыӛркениеттік  дерек,  құбылыс  маңыздылығына  ие  болғанда  немесе 

бола 

алатындығында, 



соншама 

оқиғалығында 

және 

қоғамдық 



кӛркейтілуінде  ӛзін  кӛрсетеді.  Оларды  қайтадан  жаңғырту  тек  қазақтар 

үшін  ғана  ӛзіндік  құндылық  емес,  ол  Қазақстанда  ӛмір  сүретін  барлық 

ұлттар  мен  этникалық  топтардың  рухани  ӛзін  білдіруінің  алғышарты  мен 

жағдайы, 

қазақстандық 

ұлт 


институционализациясының 

жүйе 


құрастырушы факторы болып табылады. 

Біздің  ӛмір  сүріп  отырған  кезеңіміз  жалпы  мәдениетке  қауіп-қатер 

тӛндіріп  отыр,  соның  ішінде,  біздің  ата-бабамыздың  дәстүрлі  кӛшпелі 

мәдениетіне  қауіп-қатер  тӛндіріп  отыр.  Шындығына  келгенде,  қазіргі 

уақытта ұлттың кӛп бӛлігі дәстүрлі мәдениеттен тыс тіршілік етіп отыр. Егер 

біз дамыған әлемнің қалған құтқан және қоқыстары жиналған орынға-ұлтқа 

айналғымыз  келмесе,  онда  біз  ӛзіміздің  еркіндігімізді  және  рух  еркіндігін 


сақтап,  әлпештеп  қана  қоймай,  дамытуымыз  қажет.  Ата-баба  мұрасы  –  шаң 

басқан  мұражай  экспонаты  емес.  Бірақ,  ӛмірден  ӛткен,  мән-мазмұны  және 

тірі  рухы  жоқ  дәстүрлі  мәдениеттің  формасын  дәл  сол  күйде  қайта 

жаңғыртуға  тырыспау  қажет.  Дәстүрлі  ӛркениеттің  әлемінде  абыройлы 

орынға ие болған дүниелер қарама-қайшылыққа толы қазіргі уақыт әлемінде 

ӛзінің  байырғы  абыройлы  орнына  ие  болып,  ӛмір  сүруге  қабілетті  болуы 

мүмкін  бе  екен?!  Кезінде  біздің  ата-бабамыздың  соғыстағы  ұраны  мынадай 

болған  еді:  «Ӛлім  жоқ,  ӛмір  әр  уақытта  бар!»  Яғни,  олар  адам  баласының 

денесі  ӛлгенімен,  оның  жаны  еш  уақытта  ӛлмейді  деп  сенген  болатын.  ХХ 

ғасырда қазақ мәдениеті ажал құрсауында бірнеше рет болған болатын, бірақ 

оның  рухы  ӛлген  жоқ.  Біздің  борышымыз  –  оның  қайта-қайта  жаңғыруына 

мүмкіндік жасап отыру.  Сондықтан да, жаһандану кеңістігінде қазақ ұлты ӛз 

мәдениетін  қастерлеп,  қадірлеп  ӛзге  ұлт  мәдениеттермен  еш  қорқыныш-

үрейсіз абыроймен ӛз бойын және негізгі принциптерін кӛрсетуі қажет.  

«Ұлт әлеуметтік организм, әлеуметтік қауымдастық бола отырып ӛзінің 

мәдени  даму  жолдарын  жеке  ӛзі  анықтайды,  бірақ,  сонымен  қатар,  ӛте 

маңызды  факторды  да,  яғни  әлемдік  мәдениетті  (осы  даму  жолына  әсер 

ететін)  ұмытпаған  жӛн.  Ұлттық  мәдениетті  (оның  құрамындағы  құнарлы 

және  кӛпмағыналы  бояуларын)  әлемдік  мәдениет  дамуындағы  заңды  қадам 

ретінде  және  жалпы  адамзат  ӛркениетінің  қажетті  үлесі  ретінде  қарастыра 

отырып, оны ұлттық ерекшелік, ӛзге ұлттан ерекше және әлемдіктің (жалпы 

адамзаттықтың)  синтезі  ретінде  анықтауға  болады.  Бұл  жерде  әрбір  ұлттық 

мәдениеттің  екі  түрі  байқалады:  біріншіден,  ӛзіндік  ерекшелікке  ие  қалып 

ретінде;  екіншіден,  әлемдік  мәдениеттің  бір  бӛлігі  ретінде  сезінуі  және 

кӛрсетуі.  Қалай десек  те,  ұлттық  мәдениет  осы  екі  түрде ӛзінің  ерекшелігін 

айқындайды және кӛрсетеді» [7]. 

Әр  ұлттық  мәдениеттің  ӛзінің  жемістері  болады:  рухани  ізденістер, 

қайғы-қасіреттер,  ӛмірді  кӛрудің,  оны  түйсінуі.  Мәдениеттің  дамуы 

әлеуметтік  қарама-қайшылықтар,  прогрессивті  дәстүрлердің  артта  қалған 

және консервативті жағдайлармен күресі негізінде болады. Қазіргі уақытта әр 

халықтың  болашағы  ұлттық  мәдениетпен  байланысты  болуы  керек,  ӛйткені 

ұлттық  мәдениет  абыройлы  ӛмірдің  және  жалпы  әлемдік  мәдениетпен 

байланыста  болудың  басты  кепілі  болып  табылады.  Әрбір  ұлттық  мәдениет 

бүкіл  адамзатқа  тиесілі,  сондықтанда  ол  бүкіл  әлем  алдында  ӛз-ӛзін  жүзеге 

асыруы  тиіс.  Әр  ұлт  мәдениетті  қайталанбас,  таңғажайып,  рухани  және 

материалды  дүниелерге  толы,  бұл  адамзатты  таң  қалдыратын  табиғаттың 

тамаша  туындыларының  бірі  –  кемпірқосақ  тәріздес.  Егер  сол  ұлттық 

мәдениеттердің  бірі  жойылса,  онда  сол  кемпірқосақтың  бір  бояуының 

жоғалғаны деген сӛз. 

ҚР  Президентінің 

«Қазақстан-2050» 

стратегиясы:  қалыптасқан 

мемлекеттің  жаңа  саяси  бағыты»  атты  Қазақстан  халқына  Жолдауында: 

«Дәстүр  мен  мәдениет  – ұлттың  генетикалық  коды.  Патшалықтың,  тӛңкеріс 

дүмпуі  мен  тоталитаризмнің  барлық  ауыртпалығы  мен  қиыншылықтарына 

қарамастан,  біздің  еліміздің  аумағында  тұратын  қазақтар  және  басқа  да 

халықтардың  ӛкілдері  ӛздерінің  мәдени  ерекшеліктерін  сақтай  алды. 


Тәуелсіздік  жылдарында  жаһандану  мен  вестернденуге  қарамастан,  біздің 

мәдени  іргетасымыз  беки  түсті.  Қазақстан  –  бірегей  ел.  Біздің  қоғамда 

әртүрлі мәдени элементтер бір-бірімен біріккен және бірін-бірі толықтырып 

тұрады,  біріне  бірі  нәр  беріп  тұрады.  Біз  ӛзіміздің  ұлттық  мәдениетіміз  бен 

дәстүрлерімізді  осы  әралуандығымен  және  ұлылығымен  қойып  қорғауымыз 

керек, мәдени игілігімізді бӛлшектеп болса да жинастыруымыз керек» деген 

болатын [8]. Сондықтан да егеменді ел болып, ӛз тіліміз бен дініміздің тізгіні 

ӛз  қолымызға  берілгендіктен,  мәдениетімізді  ата-бабаның  салт-дәстүрімен 

суарып  жандандыра  алсақ  қана  оның  ұлттық  тарихи  бейнесі  сомдалмақшы. 

Қазақ  мәдениеті  мен  салт-дәстүрі  дүние  жүзі  халықтарының  мәдениеті  мен 

салт-дәстүрінен  кӛп  ілгері  болып  келді,  оның  тұнып  жатқан  асыл 

маржандарын толықтап жинақтап қазіргі жас буындарға жеткізу парыз. 

Біздің  еліміз  –  қазақтың  кӛсемі  халықтық  мұраттың  кӛксеген  биігіне 

емін-еркін  кӛтеріле  алатын  майталман  болса  екен  деп  тілейді.  Ел  мұраты 

жолындағы  сол  ұғым,  сол  мақсат  билік  жолындағы  күрестің  құрбандығына 

шалынып кетпесе болар еді деп уайымдайды. Сол бабаларымызыдң кӛксеген 

армандары қазір орындалып отырғанына тәуба дейміз.Сонымен қазақ елінің 

қазақ  болып,  біртұтас  елге  айналуында,  ӛркендеуінде  айтулы  хан 

сұлтандарымыз,  батырларымыз  бен  бірге  кӛсем  билеріміздің  де  айрықша 

үлес  қосқанын  айту  егемен  елдікке  қолымыздың  жетуі  арқасында  ғана 

мүмкін  болып  отыр.  Біз  темір  қоршау,  жабық  қараңғы  түрме  салмаған 

халықпыз. Бұл кӛріністер турасын айтқанда әлемге әйгілеп, ту етіп кӛтеруге 

тұратын  қоғамдық  адамдық  мәдениетінің  ең  жоғарғы  шегі  десек 

қателеспейміз. Қазақ деген халықтың адам баласына деген ғибратты ойынан 

туындаған  философиялық  тұрғыда  зерделенген,  ақылшы  билеріміздің  ӛте 

жоғары  мәдениетпен  сусындаған  асыл  қазына  болып  есептелетін 

ӛсиеттерінің жоғары деңгейі мойындалуда.  

Қоғамдағы  әрбір  азамат  пен  әрбір  таптың  кӛкейінен  шығатын  ортақ 

«ұлттық  идеяны»  айқындау,  дайын  үлгісін  ұсыну  әлеуметтік,  саяси, 

экономикалық  және  рухани  факторларды  біріктіретін  күрделі  міндеттер 

қатарында.  Қазақ  елінде  ұлттық  идеяның  мазмұны  мен  кӛрнекілік  ұғымы 

қарапайым  да  ұғынықты  болуы  керек.  Ұлттық  идеяны  айқындаушы 

факторларға қойылар басты талап оның ӛміршеңдігінде болып қалмақ. 

 

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі 



 

1

 



Назарбаев  Н.    Қазақстанның  ел  бірлігі  Доктринасы  //  Қазақстан 

Республикасының  мәдениет  және  спорт  министрлігінің  ресми  сайты 

http://www.mk.gov.kz/kaz/doctrina 

10.11.2014 ж. 

2

 

Қасабек  А.Қ.  Ӛркениет  және  ұлттық  философия  //  О  философской 



школе Казахстана. – Алматы, 1999. - №3.  – 5-6 бб. 

3

 



Кул-Мухаммед  М.  Основы  национального  бытия  //  Казахстанская 

правда. – 2004. – август – 20. 



4

 

Жұртбай  Т.  Ӛлімші  халықты  тірілткен  Мәңгілік  ел  нысанасы  // 



Байырғы түркі ӛркениеті: жазба ескерткіштер. – Алматы: Ғылым, 2001. – 389 

б. 


5

 

Менлибаев  К.Н.    Роль  национальных  традиции    в  патриотическом 



воспитании: Автореф. … канд. филос. наук. – Алматы, 1995. – 29 с. 

6

 



Мәдени  мұра:  Қазақтың  тарих  айту,  сақтау  дәстүрі  және  оны 

жаңғырту жолдары // Қошқар ата конференциясының материалдары. – 2005. – 

26-27 мамыр. 

7

 



Раев Д.  Алтын ұяң – Отан қымбат // Ақиқат. – 1998. – № 5. – 49-56 

бб. 


8

 

Қазақстан Республикасының Президенті – Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың 



«Қазақстан-2050» Стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» 

атты 


Қазақстан 

халқына 


Жолдауы 

// 


http://www.akorda.kz/kz/page/page_poslanie-prezidenta-respubliki-kazakhstan-

lidera-natsii-nursultana-nazarbaeva-narodu-kazakhstana 10.11.2014



 ж. 


Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет