15. Жазбаша жұмыстар және курстық жұмыстар тақырыптары Курстық жұмыстар тақырыптары – қарастырылмаған
16. Баға туралы ақпарат:
Барлық берілген тапсырмалар уақытында тапсырылуы тиіс. Уақытынан кешіктіріліп тапсырылған тапсырмалар автоматты түрде төмен бағаланады. Емтихан, тестілеу немесе жазбаша жұмыс қабылдау барысында басқа біреуден көшіруге, рықсат етілмеген заттарды қолдануға қатаң түрде тыйым салынады.
Студенттің рейтингісі ағымдық, аралық, үй жұмысы және қорытынды бақылаудан құралады. Әр бақылау түрі балдар бойынша қойылады. Бағалау барысында студенттің сабақ барысындағы белсенділігі, өзіндік жұмыстары, әдебиеттермен жұмыс жасай алуы, тиянақты дайындалуы ескеріледі. Ағымдық бақылау студенттің аудиториялық сабақтарға (дәріс, семинар) қатысуынан, ұқыптылығынан, семинар сабағында алған бағаларынан және белгілі бір тапсырма бойынша презентация қорғауынан құралады; Аралық бақылау тестілеу, ауызша немесе жазбаша жұмыс тапсыру нәтижелерінен құралады; үй жұмысы СОӨЖ, СӨЖ тапсырмаларын уақытылы және тиянақты орындау нәтижелері мен өзге қосымша жұмыстардан (реферат, эссе, презентация) құралады; қорытынды бақылау – тестілеу немесе ауызша емтихан нәтижесі.
,
Мұндағы И-қортынды баға;
Тор – ағымдағы орташа баға;
– аралық бақылаулардың орташа бағасы.
Э – емтихан бағасы;
0,6; 0,4 – сәйкесінше аттестация мен емтиханның салмақ коэффициенттері;